Санат: Қазақстан

  • Штаттың қысқаруы: жұмыскерге қандай төлемдер төленеді?

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін. Бұл ретте заңнамада жұмыскер үшін белгілі бір кепілдіктер мен төлемдер көзделген. 🔹 Жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлеміЖұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған кезде жұмыс беруші жұмыскерге бір айдағы орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін төлеуге міндетті.Бұл ретте еңбек, ұжымдық шартта…

  • Ауыл тұрғындары жалға берілетін тұрғын үйді өздері таңдай алады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанда ауылдық елді мекендерде жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну тәртібі өзгереді. 31 тамыздан бастап тұрғын үйге мұқтаж ретінде тұрған азаматтар өз ауданының аумағынан қолайлы жалдамалы тұрғын үйді өздері таңдап, оны алу үшін өтініш бере алады. Бұл жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салған немесе сатып алған тұрғын үйлерге қатысты. Жаңа тетік бойынша өтініштерді алғашқы қабылдау…

  • Минздрав завершил интеграцию 23 информсистем в единый цифровой контур

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет 23 бөлек мемлекеттік ақпараттық жүйе 7 цифрлық экожүйеге біріктірілді. Оның бесеуі бүгінде пайдалануға беріліп, жұмыс режимінде іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Бұл деректермен үздіксіз алмасуды қамтамасыз етуге, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және дәрігерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде медициналық деректер қолжетімді болып, процестер…

  • 694,8 мың тонна астық жиналды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Биылғы жылы облыс бойынша 351,4 мың гектар жерге дәнді масақты дақылдар егілсе, оның ішінде 149,7 мың гектарға бидай, 201,7 мың гектарға арпа себілген болатын. Бүгінгі күні егіс алқаптары толық орылып, 694,8 мың тонна астық (306,9 мың тонна бидай, 387,8 мың тонна арпа) жиналды. Әр гектардан алынған орташа өнім – 19,8 ц/га құрап, өткен жылмен салыстырғанда…

  • VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезектен тыс 38-сессиясы туралы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезектен тыс 38-сессиясы 2026 жылдың 4 қыркүйегінде сағ. 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында өтеді (Абылайхан даңғылы, №122, 2-қабат). Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: «Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік  мекемесі  Ережесін»  бекіту туралы Әр түрлі мәселелер.         Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-да басталады.       Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сағат…

  • «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне сайланған кандидаттар тізімі

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелігіне сайланған кандидаттар тізімі: Барабаш Александр Иванович; Тағаниязов Нұржан Мейржанович; Едресов Қанат Қаирлинович; Федотова Лилия Муратжановна. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zdrav/press/news/details/1284140?lang=ru

  • «Заң және тәртіп – біздің қауіпсіз қоғамымыздың негізі» тақырыбындағы тақырыптық іс-шара

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    🗓️ 2026 жылғы 2 қыркүйекте «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мекеме қызметкерлерімен «Заң және тәртіп – біздің қауіпсіз қоғамымыздың негізі» тақырыбында тақырыптық іс-шара өтті.⚖️ Кездесу барысында мекеме қызметінде заңнама мен құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ әлеуметтік жәрдемақыларды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу мәселелері қаралды.📌 Мемлекеттік…

  • Ғылым заңның қызметінде

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

       Ағымдағы жылдың маусым айынан Астана қаласының прокуратурасында ғылым мен тәжірибенің өзара іс-қимыл алаңы  «ProLab» базалық зертханасы жұмыс істейді.   Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқуын сәтті аяқтап, Лондон корольдік колледжінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен 4 қызметкердің қызметке оралуы елеулі оқиға болды.    Бүгінде жас ғылымдар зертхана қабырғасында өздерінің өзекті жобаларын белсенді түрде…

  • Білім күніне орай полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Кездесу барысында жол қауіпсіздігі, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға «Полиция және балалар» тақырыбындағы бояу парақтары таратылып, балалар өз шығармашылықтарын көрсетті. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Жаңа оқу жылы құтты болсын! Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет! Ақпарат…

  • Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қырғызстан, Бішкек қаласы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы «ШЫҰ плюс» форматында жалғасты. Президент саммитте сөз сөйлеп, Қырғызстанның ШЫҰ-ға төрағалығы жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты. – Қырғызстан Ұйым мүшелерін жұмылдырып, біздің ұсыныстарымыздан «Тұрақты бейбітшілік, даму және өркендеу жолындағы бірлік» ұраны аясында мазмұнды күн тәртібін қалыптастырды. Бішкек саммитінің қорытындысы ортақ мақсаттарға бір табан жақындатып,…

  • Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бірқатар маңызды мәселелер

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 28 тамызда Г. Сәдуақасованың төрағалығымен VIII шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс елу төртінші сессиясы өтті.Сессия барысында депутаттар бес сұрақты қарастырды. Аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 31 наурыздағы № 8С-50/9 ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын бекіту туралы жекелеген шешімдердің қолданылуын тоқтата тұруға қатысты шешіміне қатысты Ақмола облысы прокуратурасының наразылығын қарау негізгілерінің бірі болды. Талқылау…

  • Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы 72,6 млрд долларға жетті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2025 жылы Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттермен тауар айналымы 72,6 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 67,7 млрд доллар болған. Қазақстанның ШЫҰ елдеріне экспорты 30,7 млрд долларды, ал импорт көлемі 41,8 млрд долларды құрады. Қазақстанның ШЫҰ елдерімен саудасындағы негізгі серіктестері – Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан. 2025 жылы Қытаймен тауар айналымы…

  • Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан көлік тізгіндеген

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан көлік тізгіндеген Өскемен қаласында полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған әрі бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушіні анықтады. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөліктің бағытын анықтап, Назарбаев даңғылы маңында тоқтатқан. Көлік тізгінінде 27 жастағы ер адам болған.…

  • Жұлдыз Сүлейменова Қараөткел ауылындағы IT-мектептің алғашқы қоңырау салтанатына барды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысы Қараөткел ауылындағы IT-мектепке барып, жаңа оқу жылына арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қатысты. 1200 оқушыға арналған мектеп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Мұнда 60 оқу кабинеті, STEM-зертханасы, физика, химия және биология пәндеріне арналған мамандандырылған кабинеттер, IT-сынып, робототехника…

  • Петропавлда Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдігі ашылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Петропавл қаласында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің тоғыз білім беру бағдарламасы бойынша 97 студент оқуын бастады. Бұл – университеттің елімізде ашылған тұңғыш өңірлік өкілдігі. Бастама Үкіметтің өңірлерде шығармашылық білім беруді дамыту жөніндегі жүйелі жұмысы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бірлесуімен ашылды. Білім беру бағдарламалары театр, музыка, бейнелеу өнері,…

Exit mobile version