Санат: Әлем
-
АҚШ ТӨРІНДЕ КӨК ТУЫМЫЗ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ!
АҚШ төрінде көк туымыз желбіреді! Бір әлемдік додада екі бірдей балуанымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның мерейін асырды! Айбек Айтбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алса, Юсуф Ашрапов М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті. Қос…
-
ҰЛАҒАТ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласының Ұлағат шағынауданында кәріз желілерін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2021 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. 2022–2023 жылдары құрылыс жұмыстарына бюджет қаражаты бөлініп, құрылысты мердігер «АлемСтрой-1» ЖШС жүзеге асырған. Нысанды қабылдау актісі 2024 жылдың соңында рәсімделген. Жоба аясында жалпы ұзындығы 40,9 шақырымды құрайтын кәріз желілерінің құрылысы толық көлемде орындалып, жұмыстардың орындалу көрсеткіші 100…
-
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 200-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде дәстүрлі азаматтарды қабылдау өтті. Тұрғындар жер және тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және абаттандыру мәселелерін көтерді. Қала тұрғындары жеке өтініштермен қатар мегаполисті дамытуға қатысты ұсыныстарын да білдірді. Атап айтқанда, халықаралық музыка мектебін ашу, су саласына жаңа технологияларды енгізу, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, қалалық ахуалды бақылауға арналған мобильді қосымша әзірлеу және…
-
«Көшпенділер» жәрмеңкесі
Ағымдағы жылдың 13 қазанында Новоишим ауылында «Көшпенділер» жәрмеңкесі өтіп, оған Астана қаласындағы шағын орта бизнес өкілдері қатысты. Жәрмеңкеде сүт, ет, бал өнімдері, шұжық, кондитерлік өнімдер мен көкөністер сатылды. Бұл өнімдер төмендетілген бағамен сатылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-op/press/news/details/1311049?lang=ru
-
Отбасының цифрлық картасы әл-ауқат деңгейін қалай анықтайды?
Отбасының цифрлық картасы үй шаруашылықтары мен отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтауға арналған. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік қолдау шараларын проактивті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Қазір ОЦК-да 6,2 млн отбасын құрайтын 20,6 млн азамат туралы мәліметтер бар. Отбасының цифрлық картасы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Ол әр отбасының цифрлық бейінін қалыптастырып, әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтайды. Отбасының…
-
Ақмола облысында еңбекті қорғау және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу мәселелері талқыланды
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері қаралды. Жыл басынан бері облыста әлеуметтік төлемдері бойынша берешек…
-
Құрылыс нысандары пайдалануға берілмес бұрын қолжетімділік талаптарына сәйкестігі тексеріледі
2026 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаменттеріне пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімділігін растау үшін 562 өтініш түскен. Оның 147-сі бойынша сәйкестік декларациясы келісілген. Бұл – барлық өтініштің 26%-ы. Ал 259 өтінішке, яғни 46%-ына келісім берілмеген. Қалған өтініштер әлі қаралып жатыр.…
-
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау: әлеуметтік инспекторлар 913 тексеру жүргізді
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында мүгедектігі бар адамдар мен арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарын сақтау бойынша 913 тексеру жүргізілді. Тексеруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріндегі мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар өткізді. Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 625 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 67 млн теңгеден…
-
«Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі
«Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі2026 жылдың 14 казан күні шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңіне ауданымыздан М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Мұхаметқали Меруерт қатысып, Құрмет грамотасына ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1311036?lang=ru
-
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығының 6 тармағына сәйкес, 2026 жылдың ІV-тоқсанына тұрғын…
-
Полицияның арнайы мекемелері мен көші-қон мәселелері Алматыда консультативтік-кеңесші органның отырысында қаралды
Алматы қаласы Полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.Жиында екі негізгі мәселе қаралды. Олар уақытша ұстау изоляторлары мен полицияның арнайы қабылдау орындарының жай-күйі, сондай-ақ көші-қон саласындағы өзекті мәселелер. Алғашқы мәселе бойынша арнайы мекемелердің жұмыс тәртібі, ондағы адамдарды ұстау жағдайларының белгіленген талаптарға сәйкестігі және мекемелер қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар көші-қон саласындағы өзекті мәселелерге назар аударылды.…
-
Қарағанды облысында күзгі орман отырғызу жұмыстарына арналған көшеттерді қазып алу аяқталды
Қарағанды облысында орман қорын молайту және жасыл алқаптарды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Биыл күзде 63 гектар аумаққа жапырақты ағаштардың 209,9 мың көшетін отырғызу жоспарланған. Күзгі орман отырғызу жұмыстарына қажетті сапалы көшет қорын дайындау мақсатында Қарағанды орман шаруашылығының тұрақты орман питомнигінде үйеңкі көшеттерін қазып алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 346 мың көшет дайындалды. Қазіргі уақытта көшет қазып алу…
-
Ақмола облысының ауылдарында жеке инвестиция есебінен байланыс мұнаралары салынады
«Ауыл Телеком» ЖШС Ақмола облысында ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын орналастыруға арналған антенна-діңгекті құрылыстарды өз қаражаты есебінен салуды жоспарлап отыр. Бұл шалғайдағы ауылдарды қоса алғанда, ауылдық елді мекендерде интернетке қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы ынтымақтастық туралы меморандумға «Ауыл Телеком» ЖШС мен Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы қол қойды. Тараптар ауылдық жерлердегі байланыс сапасын…
-
Қаратал ауданының әкімі Жолбарыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында Қаратал ауданының әкімі У. Досымбеков Жолбарыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Кездесу басталмас бұрын аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, тиісті түсініктемелер берді.Кездесу Кәлпе ауылының Мәдениет үйінде өтті. Аудан басшысы тұрғындарды ауданның…
-
СҚО полицейлері банктерге жинақ ақшаны күмәнді жолмен шешіп алу әрекеттері туралы хабарлауды ұсынды
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметов банк өкілдерімен, «Қазақтелеком» АҚ және «Қазпошта» АҚ өкілдерімен кездесті. Кездесуде интернет-алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа шаралары талқыланды. Ұсыныстардың бірі — ақпаратпен жедел алмасу үшін WhatsApp тобын құру. Егер банк қызметкері ықтимал алаяқтық белгілерін байқаса, мысалы, зейнеткер белгісіз адамдардың қысымымен несие рәсімдеуге әрекеттенсе, бұл туралы полицейлерге хабарлай…
