Санат: Әлем
-
Кешенді тәсіл: отбасының мұқтаждығын бағалау кезінде не ескеріледі?
Отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау кезінде мемлекет оның материалдық мүмкіндігімен қатар, әлеуметтік тұрақтылығын да ескереді. Бұл көрсеткіш отбасының нақты құрамын, оның барлық мүшелерінің жасын, кәмелетке толмаған балаларының, қарт адамдардың және мүгедектігі бар азаматтардың бар-жоғын ескере отырып, отбасының шынайы жағдайын дәл бағалауға мүмкіндік береді. Осы тәсілдің нәтижесінде мүліктік жағдайы шамалас, сырттай ұқсас екі отбасының қорытынды бағасы әртүрлі…
-
Формалды мәртебеге емес, отбасының нақты жағдайына қарай: Қызылорда облысында әлеуметтік қолдаудың жаңа тәртібі түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындауда бұрынғы санаттарға бөлу тәсілінен бас тартып, отбасылардың нақты мұқтаждығын бағалауға көшу бойынша өңірлерде түсіндіру жұмыстарын бастады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне арналған семинар өткізді. Семинарда алдағы өзгерістер, отбасының әл-ауқат…
-
ҚФФ басшысы Ақтөбедегі салынып жатқан стадион мен футбол манежіне барды
«Ақтөбе» — «Ордабасы» матчы қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен бірге жаңа стадионның құрылыс алаңына барды. Мердігер ұйымның өкілі құрылыс барысы, жұмыстың қазіргі кезеңдері және жобаның техникалық ерекшеліктері туралы баяндады. Сондай-ақ Марат Омаров жабық футбол манежінде болды. Бұл — Батыс Қазақстандағы бірегей спорт нысандарының бірі. Манеж ауа райына…
-
Шалқар көлі жағалауында сенбілік жұмыстары жүргізілді
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шалқар көлі жағалауындағы саябақ аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан әкімі Қайрат Ақшолақ, аудандық бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері қатысып, саябақ аумағын қоқыстан тазарту, абаттандыру және айналаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аудан әкімі қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті…
-
Адам өмірін құтқару жолында: кинолог Алмас Жандаулетов
Түркістан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесін Алмас Түйтеұлы Жандаулетов басқарады. Ол қызметтік иттермен бірлесе отырып, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып, адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды міндеттерді атқарып келеді. Кинологиялық есептоптың басты міндеті – төтенше жағдайлар кезінде жоғалған адамдарды іздестіру, құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру және зардап шеккендерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде табуға көмектесу. Бұл бағыттағы жұмыс…
-
Рухани келісім күні құтты болсын!
Баршаңызды Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке — біздің ең басты байлығымыздың символы. Қазақстан — ұлттар мен діндер тоғысқан мемлекет, және осынау алуан түрлілік бізді бөлмейді — керісінше, біріктіреді. Өзара сыйластық, төзімділік және келісім — біздің ортақ үйіміздің іргетасы. Барлық дін өкілдеріне, ұлт өкілдеріне және облысымыздың азаматтарына бейбітшілік, татулық және береке тілейміз. Рухани…
-
Әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж жандарға бағыттау: Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін тағайындау тәртібі өзгереді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемнің 14 түрін тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік жағдайы кешенді бағаланады. Жаңа тәсілдің мәні мен өзгерістері туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндірді. Бұған дейін бірқатар жәрдемақы адамның белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына қарай тағайындалса,…
-
Отбасының цифрлық картасы: әл-ауқат деңгейі 30-дан астам мемлекеттік дерекқор негізінде бағаланады
Бүгінде Қазақстандағы 6,2 миллион отбасы мен үй шаруашылығы туралы өзекті әрі жан-жақты мәлімет Отбасының цифрлық картасында жинақталған. Отбасының әлеуметтік жағдайын объективті әрі дәл бағалау үшін 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйенің деректері пайдаланылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Отбасының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтау әдістемесі екі…
-
Әлеуметтік саясаттың басты назарында – адам және оның өмірлік жағдайы
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді алу мерзімінің ең ұзақ шегін алты айдан үш айға дейін қысқарту көзделіп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шаралар кешені ұсынылады. Оның ішінде азаматтарға қолайлы бос жұмыс орындарын…
-
Аналарды әлеуметтік қолдау: көмек уақытында көрсетілуі керек
Қазақстандық әйелдерге баласы бір жарым жасқа толғанға дейін ресми жұмысқа ерте оралып, сонымен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен тағайындалған бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алуын жалғастыруға заңды мүмкіндік беріледі. Бұл норма туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде айтылды. Мәселен, анасы баласы сегіз айға толғанда жұмысқа шықса да, бұл жағдай…
-
Зейнетақы жинақтарын басқарудағы таңдау еркіндігі: қазақстандықтар жинақтарының 100%-ына дейін жеке басқаруға бере алады
Қазақстанда азаматтарға зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігін қарастыру көзделіп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіргендей, әрбір салымшы басқарушы компанияны да, өзіне қолайлы инвестициялық стратегияны да дербес таңдай алады. Бұл ретте мемлекет кепілдігі мен инвестициялық тәуекелдердің аражігін нақты ажырату көзделеді. Министрліктің ресми материалдарына сәйкес, зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке…
-
Қазақстан әлеуметтік қолдауды күшейтеді: қандай жәрдемақылар отбасының санатына қарамастан беріледі?
Мемлекет мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесін енгізу кезінде кейбір азаматтарға берілетін жәрдемақыларға қатысты нақты ерекшеліктерді заңмен бекіткен. Мысалы, отбасының әл-ауқаты қандай санатқа жататынына қарамастан, мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тиісті мемлекеттік жәрдемақылар тағайындала береді. Осындай ерекшеліктер ата-анасынан айырылған жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталған…
-
Екі жүзден астам қазақстандық кейбір мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тартты: шешім саналы түрде қабылданады
Қазақстанда екі жүзден астам азамат кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды алуды өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, ал мұндай шешім қабылдағандардың саны біртіндеп артып келеді. Қазіргі тұрмыстық жағдайын бағалай келе, отбасын өз бетінше қамтамасыз ете алатынына көз жеткізген азаматтар осындай шешім қабылдаған. Олар мемлекеттік көмектен мүлде бас тартып жатқан жоқ. Тек өздеріне…
-
Туризм, су және ауыл шаруашылығы: Ербол Қарашөкеев Меркі ауданындағы бірқатар нысанды аралады
Мемлекет басшысының табиғи ресурстарды сақтау, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысанды аралады. Алдымен облыс әкімі Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметімен танысты. 2025 жылдың тамыз айында құрылған парктің жалпы аумағы 83 713 гектарды құрайды.…
-
«Астана-1» теміржол вокзалы: ашылар алдында нысанның қолжетімділігі тексерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына ерекше конституциялық мәртебе берілгенін атап өтті. Елорда елдің даму бағытын айқындайтын маңызды орталық болғандықтан, оның инфрақұрылымын дамыту және барлық азаматқа қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастыру ерекше маңызға ие. «Астана-1» теміржол вокзалын қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға беру қарсаңында нысанның қолжетімділігіне бірлескен ұсынымдық тексеру жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – вокзалдың мүгедектігі бар…
