Санат: Әлем
-
Отбасының цифрлық картасы: әл-ауқат деңгейі 30-дан астам мемлекеттік дерекқор негізінде бағаланады
Бүгінде Қазақстандағы 6,2 миллион отбасы мен үй шаруашылығы туралы өзекті әрі жан-жақты мәлімет Отбасының цифрлық картасында жинақталған. Отбасының әлеуметтік жағдайын объективті әрі дәл бағалау үшін 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйенің деректері пайдаланылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Отбасының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтау әдістемесі екі…
-
Әлеуметтік саясаттың басты назарында – адам және оның өмірлік жағдайы
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді алу мерзімінің ең ұзақ шегін алты айдан үш айға дейін қысқарту көзделіп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шаралар кешені ұсынылады. Оның ішінде азаматтарға қолайлы бос жұмыс орындарын…
-
Аналарды әлеуметтік қолдау: көмек уақытында көрсетілуі керек
Қазақстандық әйелдерге баласы бір жарым жасқа толғанға дейін ресми жұмысқа ерте оралып, сонымен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен тағайындалған бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алуын жалғастыруға заңды мүмкіндік беріледі. Бұл норма туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде айтылды. Мәселен, анасы баласы сегіз айға толғанда жұмысқа шықса да, бұл жағдай…
-
Зейнетақы жинақтарын басқарудағы таңдау еркіндігі: қазақстандықтар жинақтарының 100%-ына дейін жеке басқаруға бере алады
Қазақстанда азаматтарға зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігін қарастыру көзделіп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіргендей, әрбір салымшы басқарушы компанияны да, өзіне қолайлы инвестициялық стратегияны да дербес таңдай алады. Бұл ретте мемлекет кепілдігі мен инвестициялық тәуекелдердің аражігін нақты ажырату көзделеді. Министрліктің ресми материалдарына сәйкес, зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке…
-
Қазақстан әлеуметтік қолдауды күшейтеді: қандай жәрдемақылар отбасының санатына қарамастан беріледі?
Мемлекет мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесін енгізу кезінде кейбір азаматтарға берілетін жәрдемақыларға қатысты нақты ерекшеліктерді заңмен бекіткен. Мысалы, отбасының әл-ауқаты қандай санатқа жататынына қарамастан, мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тиісті мемлекеттік жәрдемақылар тағайындала береді. Осындай ерекшеліктер ата-анасынан айырылған жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталған…
-
Екі жүзден астам қазақстандық кейбір мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тартты: шешім саналы түрде қабылданады
Қазақстанда екі жүзден астам азамат кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды алуды өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, ал мұндай шешім қабылдағандардың саны біртіндеп артып келеді. Қазіргі тұрмыстық жағдайын бағалай келе, отбасын өз бетінше қамтамасыз ете алатынына көз жеткізген азаматтар осындай шешім қабылдаған. Олар мемлекеттік көмектен мүлде бас тартып жатқан жоқ. Тек өздеріне…
-
Туризм, су және ауыл шаруашылығы: Ербол Қарашөкеев Меркі ауданындағы бірқатар нысанды аралады
Мемлекет басшысының табиғи ресурстарды сақтау, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысанды аралады. Алдымен облыс әкімі Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметімен танысты. 2025 жылдың тамыз айында құрылған парктің жалпы аумағы 83 713 гектарды құрайды.…
-
«Астана-1» теміржол вокзалы: ашылар алдында нысанның қолжетімділігі тексерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына ерекше конституциялық мәртебе берілгенін атап өтті. Елорда елдің даму бағытын айқындайтын маңызды орталық болғандықтан, оның инфрақұрылымын дамыту және барлық азаматқа қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастыру ерекше маңызға ие. «Астана-1» теміржол вокзалын қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға беру қарсаңында нысанның қолжетімділігіне бірлескен ұсынымдық тексеру жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – вокзалдың мүгедектігі бар…
-
🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ🇰🇿 Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауданда жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.🌱 Сенбілік барысында аудан аумағын абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды тазарту, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілді.🤝 Игі бастамаға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен…
-
ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА «ТАЗА ЖАҒАЖАЙЛАР» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
17 қазан күні Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Ақсай-5 шағынауданында «Таза жағажайлар» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына 300-ден астам адам қатысты. Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық орындар мен кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтар қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына коммуналдық қызметтер тарапынан 50 жұмысшы, 9 арнайы техника жұмылдырылып, 300 дана құрал-сайман пайдаланылды. Нәтижесінде 70 текше метр қоқыс…
-
Мұхтар Әуезов атындағы театр Үндістандағы БРИКС фестивалінде «Қыз Жібек» спектаклін сахналады
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты. Театр ұжымы қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін танытатын «Қыз Жібек» спектаклін сахналады. Қойылым режиссері – өнертану бойынша PhD докторы Елік Нұрсұлтан. Фестивальдің ашылу салтанатына Үндістанның Мәдениет және туризм министрі Гаджендра Сингх Шехават қатысты. Ол шығармашылық ұжымдарға жылы…
-
Өскеменде айтыскер ақын Серік Құсанбаевтың кеші өтті
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында айтыс өнерінің көрнекті өкілі, халықаралық және республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін бас жүлдегері, жыршы-термеші Серік Құсанбаевтың «Дариға-ай, дәурен!» атты шығармашылық кеші өтті. Рухани кешке Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Ұлттық сөз өнерінің қадірін арттырып, қазақтың жыр дәстүрін жалғап келе жатқан ақынның шығармашылығына арналған кеш өнерсүйер қауымның басын қосты. Ән…
-
ТҮРКІСТАНДА 80 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ ПЕРЗЕНТХАНА АШЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті, Мәртебелі Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның есімі берілген 80 төсектік перзентхананы аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Медициналық нысан демеушілік қаражат есебінен салынуда. Жоба өңірдегі ана мен бала денсаулығын қорғау, жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Перзентхананың…
-
Маңғыстауда Қазақстанда баламасы жоқ жаңа форматтағы студенттік зерттеу орталығы ашылды
Бүгін, 17 қазанда Ақтау қаласында бірегей жоба – Bilim & Science студенттік зерттеу орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Орталықтың негізгі мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми және шығармашылық әлеуетін арттыру, ғылыми жобаларды қолдау арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Ашылу рәсімінде саяси ғылымдар докторы, профессор, Тарих…
-
Ақтауда дзюдодан Азия ашық кубогы басталды
Ақтау қаласында Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдодан Азияның ашық кубогы өтіп жатыр. Жарыстың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Турнирге әлемнің жеті елінен 200-ге жуық спортшы қатысуда. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген додада Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Черногория, Ресей және Өзбекстан спортшылары…
