Санат: Әлем
-
Астанада Керей Жәнібек хандар көшесі ішінара жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Астанада 27-29 маусым аралығында Керей Жәнібек хандар көшесінің Әл-Фараби даңғылынан Шерхан Мұртаза көшесіне дейінгі учаскесінде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1248836?lang=ru
-
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылғы 30 маусымда сағат 10:00-де әлеуметтік желідегі «Facebook.com» ресми парақшасында (https://www.facebook.com/depsocsko/) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Ляззат Айтпаевна Бубешеваның «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы жүйесіндегі ынтымақтастық туралы келісім» тақырыбында тікелей эфирі өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1248824?lang=ru
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты. Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған «Айбын» кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді. Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы…
-
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің отырысы
Абай облысы Кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы Қ.С. Сүлейменовтің және «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Васильевское» тау-кен металлургиялық компаниясы» ЖШС, «ARX Minerals» ЖШС, «Жерек» ЖШС, «Metall Mining» ЖШС, «Кен Төбе» ЖШС тау-кен өндіру кәсіпорындарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің басшыларының қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті.…
-
«Конституция – құқықтар мен міндеттердің айнасы» атты кездесу өткізілді.
Жағатал ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарымен «Конституция – құқықтар мен міндеттердің айнасы» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында округ әкімі Конституцияның елдің негізгі Заңы ретіндегі рөліне тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың заңмен белгіленген міндеттері туралы…
-
Дене шынықтыру және жеке гигиена – балалар денсаулығының негізі!
Біздің қоғамның маңызды міндеттерінің бірі – өміршең, дені сау өскелең ұрпақты қалыптастыру. Баланың денсаулығын қалыптастыратын факторлардың бірі – қозғалыс белсенділігі. Бұл нәресте ояу кезінде жасайтын қозғалыстардың мөлшері ретінде анықталады. Қозғалыс белсенділігінің мазмұны әртүрлі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру болып табылады. Бүгінгі балалардың көпшілігі күнінің көп бөлігін интернетте, компьютерлермен және смартфондармен өткізеді. Ұйқы мен демалу…
-
«Операдағы түн» ашық аспан астында мыңдаған алматылықтың басын қосты
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында 92-театр маусымының шымылдығын жапқан «Операдағы түн» жобасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл бірегей мәдени бастама музыка мен өнердің мерекесіне айналып қана қоймай, елдің мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың біріне айналды. Іс-шара дәстүрлі театр кеңістігінің аясынан шығып, Алматыны дамытудың жаңа тұжырымдамасын айқын көрсетті. Бұған дейін Мемлекет…
-
ІІО ардагерлері Қабен Беспаев туралы естеліктерімен бөлісті
Ішкі істер органдарының ардагерлері аңызға айналған басшы Қабен Беспаев туралы естеліктерімен бөлісті. Абай облысы полиция департаментінде тарихи жадыны сақтау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Өңірдің ішкі істер органдары тарихында милиция генерал-майоры Қабен Садықұлы Беспаевтың есімі айрықша орын алады. Ол бүкіл ғұмырын Заңға қызмет етуге және бірнеше буын полиция қызметкерлерін…
-
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 маусымда өтеді
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 30 маусымда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді». Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында (Бейбітшілік көшесі №4-6) сағат 16.00-де басталады. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның,…
-
Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды
Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсіміне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков…
-
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Енді өңір тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды өздеріне ыңғайлы мекенжай бойынша жеткізуге тапсырыс бере алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлайды. Жаңа сервис мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, оларды алу кезінде қолайлы жағдай жасауға және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған. Қызмет арқылы мамандандырылған ХҚКО арқылы рәсімделген жүргізуші куәлігін,…
-
Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларға дайын болған жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудың қажеті жоқ. Жеткізу қызметіне тапсырыс беру небәрі бірнеше минутты алады. Бұл сервисті құжат немесе мемлекеттік тіркеу…
-
Алкоголь өнімдерін мемлекет кірісіне тәркілеу
🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 26 маусымында Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентіне Әулиекөл аудандық сотының алкоголь өнімдерін мемлекет кірісіне тәркілеу туралы қаулысын орындау мақсатында атқарушылық іс жүргізу шеңберінде шығу жүзеге асырылды.🔹Атқарушылық әрекеттер барысында тәркіленген алкоголь өнімдері заңнама талаптарына сәйкес алынып, мемлекет кірісіне өткізу үшін тиісті орынға тапсырылды. Костанай облысыӘділет департаментінінБаспасөз кызметі Ақпарат…
-
Алматы әкімі Қазақстан–Таиланд бизнес-форумына қатысты
Алматыда Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеоның, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы өтті. Іс-шара Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында…
-
Қазақстанда телекоммуникация және цифрлық инфрақұрылымды дамыту туралы Заң қабылданды
Қазақстанда телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға бағытталған жаңа Заң қабылданды. Құжат Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында әзірленіп, елімізді алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған. Жаңа Заң байланыс сапасын арттыруды, цифрлық сервистердің қолжетімділігін кеңейтуді, деректерді өңдеу орталықтарын дамытуды, телекоммуникациялық инфрақұрылымды қорғауды және желідегі алаяқтықпен күресті…
