Санат: Әлем
-
Қазақстандық бітімгерлер стресс-менеджмент әдістерін меңгеруде
ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бөлінуді бақылау миссиясына (UNDOF) қатысуға жіберілетін 3-ші ұлттық контингенттің қызметкерлеріне психологиялық дайындық сабақтары өткізілді. Психологиялық дайындық – әскери қызметшілерді бітімгерлік контингент құрамында міндеттерді орындауға дайындау кешенінің ажырамас бөлігі. Оқу жұмыстары күйзеліске төзімділікті қалыптастыруға, эмоционалдық тұрақтылықты сақтауға және халықаралық ортада тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамытуға…
-
60 қызметкер «Өмірге үміт сыйла» науқаны аясында қан тапсырды
Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасында «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық науқаны аясында Донор күні өтті.Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылып, донорлық мәдениетті дамыту мен қан құюды қажет ететін науқастарды қолдауға бағытталды. Науқанға аурухананың 60 қызметкері – дәрігерлер, медбикелер және әкімшілік бөлім қызметкерлері қатысты.Барлығы 30 литрден астам қан және оның компоненттері жиналды. Қан ауыр жарақат алған, анемия, отадан…
-
25 қазан – Республика күні
Құрметті қазақстандықтар ! Республика күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін. Басқарма басшысы: Н.Есенгалиев Мереке тарихи Республика күні ұлттық мереке болып алғаш рет 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл Жарлыққа Қазақстан Республикасы Тұңғыш…
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АТА-АНАЛАР МЕН ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕССИЯ БАСТАЛДЫ
📌Абай облысында «Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау» ата-аналар мен педагогтерге арналған сессиясы басталды. Бұл жоба – баланың психоэмоционалдық әл-ауқатын қолдауға, түсіністік пен сенімге негізделген орта қалыптастыруға бағытталған. Сессияның басты мақсаты – ата-ана, педагог және қоғамның күш-жігерін біріктіріп, оқушылардың психоэмоционалдық жағдайын нығайту үшін біртұтас профилактикалық әрі ағартушылық кеңістік құру. Бұл – Абай облысында алғаш рет өткізіліп…
-
Бородулиха ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымына Катаева Гүлнұр Мақсұтқызы тағайындалды
Гүлнұр Катаева 1977 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2024 жылы Әлихан Бөкейхан университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын Семей қаласындағы №11 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған. 2025 жылға дейін түрлі қызметтер…
-
Республика күні қарсаңында аудандық маслихаттың төрайымы Л.А. Гречушникова Зубовск кентіне барып, тұрғындарды еліміз үшін маңызды мерекемен жеке құттықтады.
Өз құттықтауында Лариса Александровна Республика күні — бұл Отанға, оның өткеніне, бүгінгісіне және болашағына деген мақтаныш мерекесі екенін атап өтті. Бұл күнде әрбір қазақстандық мемлекет тағдырына өз қатыстылығын сезініп, оның табысты дамуы мен гүлденуіне сенім артады. Сонымен қатар, ол тұрғындарға кент өміріне белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1092609?lang=kk
-
Көкпекті ауданындағы білім нысандарын аралады
Облыс әкімі Берік Уәли Көкпекті ауылындағы Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебіне барды. Білім ордасы 1989 жылы салынған. Бүгінде мұнда 427 оқушы білім алады, 55 мұғалім қызмет етеді. Мектеп былтыр «Қазақстан халқына» қорының көмегімен «Ауылды жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен. 27 кабинет толық жаңартылып, заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған. ↗️Мектептегі 55…
-
Бұқар жырау ауданында жаңа ветеринарлық пункт ашылды
Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округінде жаңа модульдік ветеринарлық пункт ашылды. Ол үй және ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалауға, алдын алуға, вакцинациялауға, емдеуге және жоспарлы тексеруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жаңа ветеринарлық пункт Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында салынды. – Жаңа пункт талдаулар үшін сынама алу, вакциналау және жануарларды емдеу…
-
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды. Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер…
-
Республика күніне орай Агенттікте «Егемендік – елдіктің бастауы» атты тақырыптық дәріс өткізілді
Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының аясында, сондай-ақ Республика күнін және Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын мерекелеу құрметіне Клубтың кезекті отырысы өткізілді. Қазақстан-Британ техникалық университетінің ассистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Әлия Елшібай Агенттік қызметкерлері үшін «Егемендік – елдіктің бастауы» деген тақырыпта дәріс-сабақ өткізді. Сөз сөйлеу барысында Республика күнін атап өтудің тарихи маңызы атап өтілді. Спикер егемендік пен…
-
Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2025 жылғы 7 қараша күні сағат 10.00-де Балкашино а. аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Сандықтау ауданының халқымен кездесуі өткізіледі. Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады. …
-
ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері жөнінде кеңес өтті
ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Аталған кеңеске басқарманың барлық қызметкерлері қатысты. Кеңес барысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Е. Каджибекова бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудыратын мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттілігін ескертіп, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың салдарынан әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке…
-
Румыния мен Қазақстан экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда
Бухарест, 2025 жылғы 22 қазан – Бухарест қаласында «Қазақстанға инвестициялар: румын бизнесі үшін жаңа көкжиектер» атты іскерлік форум өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ және KMG International (Rompetrol) компаниясы ұйымдастырды. Форумға Румынияның Инвестициялар және сыртқы сауда жөніндегі агенттігінің, Румыния мен Бухарест сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары, Қазақстанның Румыниядағы Құрметті консулдары, елдің ірі…
-
Өндіріс әлеміне қадам: Абай облысының жастарына кәсіптік бағыт берілді
«Семей құрылыс материалдары» ЖШС кәсіпорнында Абай облысының колледж студенттеріне арналған кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті. Экскурсия барысында студенттерге өндірістің жұмыс барысы, құрылыс материалдарының дайындалу кезеңдері мен заманауи техникалардың қолданылуы таныстырылды. Жастар шифр мен басқа да материалдарды тиеу процесін, кран-балка және жүк тиегіштердің жұмысын көріп, өндіріс орнымен жақын танысты. -Бұл жастарға нақты өндіріс процесін көруге, құрылыс…
-
Ақтөбеде «Бір Отан. Бір Ту. Бір Мақсат» атты жастар форумы өтті
Республика күніне орай ұйымдастырылған форумның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және мемлекеттік рәміздерге, ел тәуелсіздігі мен тұтастығына деген құрметті арттыру. Шарада Ақтөбе облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев сөз сөйлеп, жастарды белсенді болуға, ел болашағына үлес қосуға шақырады. Форум аясында түрлі салада жетістікке жеткен, елге…
