Санат: Жаңалықтар
-
ШҚО прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғады
Шемонаиха ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде, бүгінгі таңда ауданда 1437 мүмкіндігі шектеулі жан тұратыны анықталды. Оның ішінде 155 бала бар. Кейбір азаматтар гемодиализ алуға мұқтаж, бұл іркіліссіз және сапалы көлік қатынасын талап етеді. Бұған дейін жұмыс істеп келген «Инватакси» қызметінің иелігінде небәрі 3 мамандандырылған көлік болған. Бұл халықтың нақты қажеттілігін өтеу үшін жеткіліксіз екені белгілі…
-
«Жеңіс күні»: Атырау полицейлері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Мәңгілік алау жанында еске алу шарасы өтті. Салтанатты жиынға Атырау облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойған тәртіп сақшылары майдан даласында қаза тапқан және бейбіт өмірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өмірін арнаған әріптестерінің рухына тағзым етті. Сонымен қатар, полицейлер…
-
Уваровада Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт
9 мамыр күні Уварово ауылында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ауыл тұрғындары мен қонақтарына соғыс жылдарының әндері, патриоттық шығармалар, халықтық частушкалар мен өлеңдерден құралған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық ерлігіне арналған театрландырылған көрініс көрсетті. Іс-шараға көркемөнерпаздар мен ауыл тұрғындары қатысып, көрермендерге ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.…
-
Ағымдағы жылдың 8 мамырында Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев аудан әкімдігінің кіші залында мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табыс етті.
Ағымдағы жылдың 8 мамырында Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев аудан әкімдігінің кіші залында мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табыс етті. Д. А. Сегізбаев облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, М. М. Дүйселеков облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен А. Ж. Серкенов, Ж. Б. Кшенов, В. В. Смолков…
-
“SHENGTAI BIOTECH CO.,Ltd” ЖШС-де мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Досмахановпен жоспардан тыс тексеру барысы
Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Н.Досмаханов тарапынан 2026 жылғы 20 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаменті Шу ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «АБЗ АКТАС» ЖШС қатысты №2-659 хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 5-6 және 8 мамыр аралығында Шу ауданы, Шу қаласы, «SHENGTAI BIOTECH CO LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде…
-
Ер есімі – ел есінде: полиция подполковнигі Дархан Бұлжанов майдангер атасын еске алды
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Атырау облысы полиция департаменті Анықтау басқармасының анықтаушысы, полиция подполковнигі Дархан Бұлжанов Ұлы Отан соғысының ардагері болған атасы Бұлжан Нұржановты еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бұл күн Дархан Сайынұлы үшін айрықша мәнге ие. Себебі олардың отбасы үшін Жеңіс мерекесі – тек тарихи күн ғана емес, ерлік пен елге адал қызмет…
-
Дзюдодан Астанада өткен «Qazaqstan barysy Grand Slam 2026»
Дзюдодан Астанада өткен «Qazaqstan barysy Grand Slam 2026» халықаралық сайыста спортшымыз жеңімпаз атанды 🔹-100 кг🥇БАЙКАМУРОВ МАРАТ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1217428?lang=kk
-
Халыққа әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау кезінде отбасылардың әл-ауқатын айқындаудың скорингтік моделін енгізу туралы.
Скорингтік үлгі – отбасының цифрлық картасының деректері негізінде отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға көмектесетін алгоритм. Ол қолдауға мұқтаждық деңгейін анықтау үшін көптеген факторларды ескереді.Скоринг нақты үй шаруашылығының сапалық сипаттамаларын сандық өлшемдерге айналдырып, оны әл-ауқат деңгейі шкаласы бойынша орналастырады.Отбасылардың әл-ауқат деңгейін анықтаудың баллдық моделі жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылатын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау кезінде пайдаланылады, мысалы,…
-
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында істен шыққан көше жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында істен шыққан көше жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. ⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1217430?lang=kk
-
Жарылыс туралы жалған хабарламалар: полиция жауапкершілік барын ескертеді
Полиция жалған жарылыс туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік бар екендігін ескертеді. Интернет желісінде және әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің жарылыс, өрт қою және басқа да қауіптер туралы жалған хабарламалар тарататын жағдайлары тіркелуде. Алматы облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар жасағаны үшін 9-сыныптың екі оқушысы ұсталды. Олардың Астана қаласы мен Алматы…
-
Оралда Хиуаз Доспанова атындағы дәстүрлі садақ атудан республикалық турнир аяқталды! 🏹
Биыл екінші рет ұйымдастырылған Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы ересектер арасындағы республикалық садақ атудан турнирі Орал қаласында өз мәресіне жетті. Бұл бәсекеге еліміздің әр түкпірінен 150-ден астам мерген қатысып, чемпиондық атақ үшін сынға түсті.🏹✊ Жеңімпаздар: 🔹 Ғалымжанова Әсемгүл •1-орын қалқан нысанасы •2-орын жамбы нысанасы 🔹 Серіков Эльнара •3-орын жамбы нысанасы 🔹…
-
«Қауіпсіз еңбек» кезекті профилактикалық іс-шарасы
Ағымдағы жылдың 8 мамырында Мемлекеттік еңбек инспекторы «Қауіпсіз еңбек» кезекті профилактикалық іс-шара аясында Орал қаласында орналасқан «Империя потолков» ЖК нысанында жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында кәсіпорынның жұмыскерлері мен жауапты тұлғаларына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің…
-
«Жеңіс жолы: тұлғалар мен оқиғалар тарихында»
Жеңістің кезекті жылдығы қарсаңында ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері «Жеңіс жолы: тұлғалар мен оқиғалар тарихында» атты танымдық экскурсия өткізіп, оған Шығыс Қазақстан облысы мен Қазақстанның Ұлы Отан соғысы батырлары арқау болды. Экскурсия барысында оқушылар Ұлы Отан соғысының негізгі оқиғаларымен танысып, Жеңіс жолында зор үлес қосқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен жанқиярлығын білді. Ерекше назар Т. Тоқтаров,…
-
Михайлов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі
2026 жылғы 22 мамырда Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Михайлов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өткізіледі: Өткізілетін орны: Михайловка ауылы, мәдениет үйінің ғимараты, сағат 10:00. Тұрғындарымен кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде. Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87 нөмірі бойынша WhatsApp чаттары арқылы қабылданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1217435?lang=kk
-
Сыр өңірінде соғыс ардагеріне, коммуналдық сала мамандарына құрмет көрсетілді
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының құрметі азаматы Яхия Тасыровты 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтап, дәстүрге сай сый-сияпат көрсетті.Бүгінде жасы ғасырдан асқан қарт майдангер 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Бейбіт өмірде де белсенді еңбек етіп, ауыл…
