Санат: Жаңалықтар

  • Shakarim University оқытушысы дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Shakarim University оқытушысы дүниежүзілік рекордтар кітабына енді Абай облысында қазақтың дәстүрлі ән өнерін халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған мәдени іс-шара өтті. Нәтижесінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, Shakarim University «Өнер» кафедрасының оқытушысы, университеттің Құрметті профессоры Қайрат Қабышев этномәдениет бағыты бойынша Азия мен Африканың дүниежүзілік рекордтар кітабына енді. Рекордты тіркеу қорытындысы бойынша өнер иесіне ресми сертификат пен Күміс…

  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А. К. Көшербаевтың 2026 жылғы 9 маусымдағы ” Қазақстандағы қызметкерлерді сақтандыру: 2026 жылы жұмыс берушілерге қандай айыппұлдар төнеді?”

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2005 жылы әрбір жұмыс берушіні қызметкерлерді сақтандыруға міндеттейтін заң қабылданды. Сақтандыру қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде орын алған жазатайым оқиғалардан қорғау үшін ресімделеді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес сақтандырудың бұл түрі міндетті болып табылады және сақтандыру тек жазатайым оқиға қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алған жағдайда ғана қолданылады. Жазатайым оқиғаға…

  • Астанада аса маңызды минералдар саласына қатысты C5+1 диалогы өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Елордада Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гордың тең төрағалығымен аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы өтті. Іс-шара Astana Mining & Metallurgy (AMM-2026) XVI халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі қарсаңында ұйымдастырылды. Диалогқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында…

  • Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ғылыми комиссияның кезекті отырысы өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Омбудсмен жанындағы Ғылыми комиссияның кезекті отырысын өткізді. Отырыста «Қазақстан Республикасындағы әйелдер құқықтарын қорғау: халықаралық стандарттар, ұлттық тәжірибе және даму перспективалары» атты монография жобасы қаралды. Монографияда әйелдер құқықтарын қорғаудың теориялық-құқықтық негіздері мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктеріне, оның ішінде жабық мекемелерде отырған әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелеріне жан-жақты талдау жасалған.…

  • «ЖАС ДАРЫН – 2026» Облыстық өнер байқауы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «ЖАС ДАРЫН – 2026» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ  Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын – 2026» облыстық өнер байқауы өтті. Өнер байқауы «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Бейнелеу өнері» жанрлары бойынша ұйымдастырылып, жас таланттардың шығармашылық қабілетін шыңдауға мүмкіндік берді. Байқаудың басты мақсаты – талантты жас орындаушыларды анықтап, қолдау…

  • АПВ-ға қарсы вакцина – жатыр мойны обырының алдын алудың тиімді тәсілі

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    АПВ-ға қарсы вакцина – жатыр мойны обырының алдын алудың тиімді тәсілі Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова облыстық «Ертіс» телеарнасының «1 студия» бағдарламасына қатысып, адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау мәселесі бойынша сұхбат берді. Сұхбат барысында АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңыздылығы, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы айтылып, вакцинацияланатын қыздардың жас санатының кеңейтілгеніне ерекше…

  • Бұланды ауданы әкімінің Новобратск ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бұланды ауданының  әкімі А. Смайылов  2026 жылғы 10 маусымда Новобратск ауылдық округінің   тұрғындарымен  кездесу өткізді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy-novobratskoe/press/news/details/1238504?lang=ru

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Мағжан оқулары» байқауы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ағым жылының 3 маусымында Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: жерлес ақын, педагог Мағжан Жұмабаев шығармалары арқылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне қазақ халқының әдеби мұраларын ұлттық құндылықтар тұрғысынан дәріптеу арқылы кәсіби дайындықтарын шыңдау, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру. Байқаудың қорытындысы бойынша «Мен жастарға…

  • 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Бұл күн – халқымыздың тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірін еске алып, жазықсыз жапа шеккен миллиондаған адамның рухына тағзым ететін күн. Өткен ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін жылдарында Қазақстанда 100 мыңнан астам адам сотталып, олардың 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Ұлт зиялылары – Әлихан…

  • Облыстық мәслихат депутаттары әлеуметтік сала бюджетінің атқарылуын және спорт инфрақұрылымының дамуын талқылады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Кадиша Оспанованың төрағалығымен өткен Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы, Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру, сондай-ақ өңірдегі спорт саласын дамыту перспективалары мәселелерін қарады. Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Елнар Уахитов баяндама…

  • ІІМ “көңіл көтеретін газдың” заңсыз таралу жолдарын жабуда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

       Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда. – Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Мұндай заттардың тізбесіне жастар арасында “көңіл көтеретін газ” ретінде белгілі азот оксиді де енгізілген. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті тыйым салынған заттарды тарату фактілерін…

  • ҚЫТАЙ САПАРЫ: ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ресми және іскерлік делегация Түркістанмен бауырлас өңір саналатын Хубэй провинциясының орталығы – Ухань қаласында Қытайдың 50-ден астам жетекші компанияларының басшыларымен маңызды келіссөздер жүргізді. Облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегация Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының атқарушы төрағасы әрі бас хатшысы Хуан Лисямен…

  • Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру: облыс прокуратурасы «Zhas Zanger» дебат турнирін өткізді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Атырау облысының прокуратурасы мектеп оқушылары арасында «Zhas Zanger» қалалық дебат турнирін ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпаққа олардың құқықтары мен міндеттерін қарапайым тілмен түсіндіру, сыни тұрғыдан ойлауға және қоғамның заңды мүдделерін қорғауға үйрету. Жастар құқық бұзушылықтардың салдарын түсініп, өздерінің азаматтық жауапкершілігін сезінген кезде қоғам қауіпсіз әрі тұрақты бола түседі. Турнир барысында жас…

  • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ» АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп лигасының» республикалық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды спорттық шараға республиканың барлық аудан-қалаларынан келген жас спортшылар, дене шынықтыру пәні мұғалімдері, жаттықтырушылар, төрешілер және спорт жанашырлары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын…

  • Алматы таңдайды: «Қазақстанның үздік тауары»

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Алматы таңдайды: «Қазақстанның үздік тауары» 2026 жылы 27 маусымда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР ҰКП «Атамекеннің» Алматы қаласы бойынша филиалы ұйымдастырады. Байқау отандық өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімдердің сапасын арттыруға және ішкі нарықта бәсекеге қабілетті тауарларды ілгерілетуге…

Exit mobile version