Санат: Жаңалықтар
-
Астанада Орталық Азия елдері және ДДҰ қатысуымен Приаралье өңірінің денсаулығы мен экологиясы бойынша бірлескен құжатқа қол қойылды
Астанада өткен Өңірлік экологиялық форум алаңында «Болашақ ұрпақты қорғау: экологиялық күн тәртібінің өзегіндегі денсаулық — Арал маңы сабақтары мен шешімдері» тақырыбындағы панельдік сессия қорытындысы бойынша ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы, Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен қоршаған орта қауіптерін азайтуға және денсаулық сақтау жүйелерін нығайтуға бағытталған бірлескен құжатқа қол қойылды. Сессияның жұмысына…
-
Хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясы облыс қалалары мен аудандарында бағаларды тұрақтандыру мақсатында азық-түлік тауарларын өндірушілер мен жеткізушілерді ынтымақтастыққа шақыратынын хабарлайды. 2026 жылғы күз-қыс кезеңіне арналған көкөніс өнімдерін сатып алу жүзеге асырылады: картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат. Қатысу шарттары: заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде…
-
Әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселесі қаралды
Бүгін мәслихат сессиясында әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселесі қаралды. Шешім жобасы жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмекті біріздендіруге және оның қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдауға және бұған дейін тағайындалған төлемдердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.…
-
АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ
⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты. 🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, көктемгі далалық егіс, бау- бақша егу жұмыстары, далалық өрттің алдын алу, аудандағы білім беру саласы бойынша 2025- 2026 оқу жылының қорытындысы және “TAZA QAZAQSTAN” акциясының орындалуы туралы талқыланды. Аудандағы білім беру саласы бойынша…
-
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен Департаменттің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкіл А.Маханова 27.04.2026ж. Департаменттің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер Наурызбаев Талғат Дауылбаевич және Мауленов Талғат Оспанұлына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары және «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» жұмыс барысында қолдану тәртібі, мемлекеттік…
-
Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХV сессиясының жалғасы
Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХV сессиясының жалғасы 2026 жылдың 27 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10: 30 да аудандық мәслихат төрағасының жұмыс кабинетінде ZOOM платформасы арқылы Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХV сессиясының жалғасы өтті. Сессия күн тәртібінде: Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің…
-
Маңғыстау облысында еңбек инспекциясы департаментінде қызметтік жиналыс өтті
2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде ұжым қызметкерлерімен жиналыс өтті. Жиналысты департамент басшысының міндетін атқарушы Б. Кемалов жүргізді.Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше тоқталды. Ол қызметкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау,…
-
Астанада LRT картасына онлайн өтінім беру басталады
Астана қаласында 28 сәуірден бастап оқушылар мен жеңілдік санаттарына арналған LRT атаулы көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап. LRT атаулы көлік картасын елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санаттарына жататын, Астана қаласында тіркелген және…
-
Астанада статистикалық деректердің ашықтығын арттыруға арналған семинар басталды
Астанада ресми статистикалық ақпараттың қамтылуын кеңейту және ашықтығын арттыруға арналған үш күндік семинар өз жұмысын бастады. Іс-шара Ұлттық статистика бюросының ұйымдастыруымен, Азия даму банкімен әріптестікте өтуде. Семинарға Open Data Watch ұйымының халықаралық сарапшысы Джеймисон Хеннингер қатысуда. Семинар барысында қатысушылар ашық деректер жүйесін дамыту, ұлттық статистиканың халықаралық талаптарға сәйкестігі секілді негізгі мәселелерді қарастырады. «ODIN 2024 нәтижелеріне…
-
ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу
enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған “БЖЗҚ” АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы “Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару” бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі –…
-
⚜️Тырысқақ туралы не білу қажет
Тырысқақ – бұл тырысқақ вибрионы тудыратын және адамның асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын инфекциялық ауру. Инфекция көзі – адам (ауру адам немесе қоздырғыш тасымалдаушы). Басқа да жедел ішек инфекцияларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, өлім-жітімнің жоғарылығымен және қысқа мерзім ішінде бірнеше аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру қабілетімен ерекшеленеді. Инкубациялық (жасырын) кезең бірнеше сағаттан 5 күнге дейін созылады. Ауруды тырысқақ…
-
Ерікті зейнетақы жарналары: қалай аударып, қашан алуға болады?
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» Ерікті зейнетақы жарналары туралы толығырақ айтып беріңізші. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналардың келесі түрлері аударылады: міндетті (жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 10%-ын ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз есебінен зиянды және қауіпті кәсіп жұмыскерлері кірістерінің 5% мөлшерінде төлейді). Сондай-ақ 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары…
-
БҚО-да полиция жұмысына жасанды интеллект енгізілді
БҚО Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық шешімдерді енгізді. Енді өңір полицейлерінің қылмысты жедел ашуына жасанды интеллект көмектесуде. Ұрлық-қарлық, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен іздестіруде жаңа технологияның тиімділігі жоғары. Заманауи жүйе құқық қорғау саласына тың серпін беріп отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1209528?lang=kk
-
Президентпен телемост
2026 жылғы 24 сәуірде қалалық мәслихат депутаттары мен аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында өткен Қазақстан Республикасы Президентімен телемостқа қатысты. Іс-шара Қарағайлы шағын ауданындағы Республика алаңында өтті. Телемост барысында ел дамуының негізгі бағыттары айқындалып, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1209529?lang=kk
-
№1 сайлау округінің тұрғындарымен кездесу
Атырау облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты Әлібек Семғалиев Томарлы ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында №1 сайлау округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Геолог, Мирас, Береке шағын аудандары мен Қайыршақты ауылдық округіне қарасты елді мекендердің тұрғындары қатысты. Кездесу барысында 2025 жылғы облыстық мәслихат жұмысының қорытындылары, депутаттық сауалдар мен қоғамдық қабылдаулар нәтижелері туралы айтылды. Тұрғындар тарапынан «Көктем»…
