Санат: Жаңалықтар
-
Сенбілікке шақырамыз!
Құрметті тұрғындар!Баршаңызды қаламызды таза әрі әдемі ету үшін сенбілікке қатысуға шақырамыз Күні: 25.04.2026Уақыты: 10:00 Бірге еңбек етіп, қоршаған ортамызды жақсартайық! Таза қала – өз қолымызда! Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhkh-shahtinsk/press/news/details/1208267?lang=kk
-
”ТАЗА ӨЛКЕ – ЖАЛАҒАШ” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін ауданда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Таза өлке – Жалағаш» атты ауқымды экологиялық акция өтті. Акцияға аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудан ақсақалдары, этнос өкілдері, аналар…
-
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
2026 жылдың 19-25 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында, оның ішінде Жамбыл облысының аумағында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Осыған орай, 24 сәуір күні Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тараз — Арена» спорт сарайында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты спорттық іс-шара…
-
Азаматтарды қабылдау
22 сәуір күні «Халық үніне құлак асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Абдысалыққызы Уразбаева азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында қала тұрғындары ономастика мәселелері, сондай-ақ жастар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға қатысты өзекті сұрақтарды көтерді. Атап айтқанда, Сұлтанова Жібек қала көшелерін қайта атау…
-
Алматыда «Алматының жас жазушысы – 2026» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Алматыда А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Алматының жас жазушысы – 2026» қалалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Байқау көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай, сондай-ақ «Оқитын ұлт» ұлттық жобасы мен «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама өскелең ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыруға және шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған…
-
«Qazaq Kaolin» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатында жабдықтарды техникалық іске қосу жүзеге асырылды
«Qazaq Kaolin» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатында жабдықтарды техникалық іске қосу жүзеге асырылды. Негізгі технологиялық тораптардың жұмысы тексеріліп, өнімнің сынамалық партиясы шығарылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1208236?lang=kk
-
Ербол Мырзабосынов Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесті
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесті. Кездесу барысында тараптар туризм және спорт салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту, инвестициялық байланыстарды кеңейту және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Министр Қазақстанның Ұйымға мүше мемлекеттермен көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. «Сіздің елімізге алғашқы сапарыңыз алдағы…
-
«Ашық есік күні» акциясы
28 сәуірде сағат 10:00-де Павлодар қаласы, Астана көшесі, 18 мекенжайында орналасқан Павлодар облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өтеді. Барлық мүдделі азаматтарды іс-шараға қатысуға және өздерін толғантқан сұрақтарды қоюға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1208240?lang=kk
-
Құрметті Көкшетау қаласының және Ақмола облысының тұрғындары!
Ақмола облысының Әділет департаменті 2026 жылғы 29 сәуірде сағат 10:00-де Көкшетау қаласы, Назарбаев көшесі, 37 мекенжайында «Ашық есік күні» акциясы өтетінін хабарлайды.Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтарын түсіндіру, сондай-ақ азаматтарға қолжетімді әрі білікті заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Ақмола облысыӘділет департаментініңбаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1208241?lang=kk
-
«Тауар декларациясы» модулін енгізу бойынша
2026 жылдың 23 сәуірде «Өскемен-КРО» кеден бекетінде Кеден ақпараттық жүйесінде «Тауар декларациясы» модулін енгізу бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және жеңілдетуді, сондай-ақ қағаз құжаттарды цифрландыруды көздейді. Атап айтқанда, декларанттарға жіберілетін барлық сұраныс түрлері, тауарлар декларацияларына өзгерістер енгізу туралы сұраныс/шешім нысаны (бұдан әрі – ТД), ТД түзету нысаны және басқа да процестер…
-
Көкшетауда жасанды интеллект бойынша алғашқы мектеп – Tomorrow School ашылуда
Бүгін ел бойынша Tomorrow School білім беру жобасының ресми іске қосылуы өтті. Аймақтардағы, соның ішінде Ақмола облысындағы инновациялық кампустардың жұмысына Мемлекет басшысы телемост форматында старт берді. Өңірдегі алғашқы бағдарламалау және жасанды интеллект мектебі — Tomorrow School инновациялық кампусы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бас ғимараты базасында бірегей халықаралық әдістеме бойынша жұмысын бастайды. Жоба дәстүрлі оқыту…
-
«Азаматтардың жеке бастарына қатысты ақпараттарды құпия сақтау қажеттігі» тақырыбында Департаменттің қызметкерлеріне семинар өткізілді
«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Әкімшілік бөлімінің бас маманы А.Куватовпен «Азаматтардың жеке бастарына қатысты ақпараттарды құпия сақтау қажеттігі» тақырыбында Департаменттің қызметкерлеріне семинар өткізілді. Шарада маман қызметкерлердің жеке бастарына қатысты ақпараттарды құпия ұстауы, сонымен қатар жеке электронды цифрлы қолтаңбаларын келесі тұлғаларға беруге болмайтыны және заңсыз қолдану фактілерін болдырмау, алдын алу қажеттілігі түсіндірілді. Ақпарат көзі…
-
2026 жылдың 22 сәуірінде «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату, сондай-ақ фармацевтика саласының кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ету болды.
2026 жылдың 22 сәуірінде «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату, сондай-ақ фармацевтика саласының кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ету болды.Іс-шараға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің…
-
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ
Департаментпен үстіміздегі жылдың 15-23 сәуір аралығында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай жұмыс берушілер мен барлық азаматтарға арналған еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары келушілерге қолданыстағы заң нормалары бойынша кеңестер беріп, еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу, босатылған азаматтың…
-
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты
Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді. t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1208247?lang=kk
