Санат: Жаңалықтар
-
КЕЛЕС ЖАСТАРЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ
Түркістан қаласында өткен «AL-FARABI» республикалық интеллектуалды ойынының финалдық кезеңінде Келес ауданының намысын қорғаған команда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Аталған жоба – жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Финалдық кезеңге іріктелген үздік командалар қатарында Келес жастары да өз білімдері мен біліктілігін лайықты деңгейде көрсете…
-
Балалық шақтан басталған қауіпсіздік: Маңғыстауда оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі үйретілуде
Маңғыстау облысында оқушылар арасында жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері интерактивті сабақ өткізіп, оқушыларға жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге және жеке мобильді құралдарды пайдаланушыларға арналған жол ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар нақты жол жағдайлары талданып, қауіпсіз әрекет ету жолдары көрсетілді. Сабақтар сұхбат және тәжірибелік тапсырмалар форматында өтті. Оқушылар белсенді қатысып, алған білімдерін мысалдар арқылы…
-
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің байқауының республикалық кезеңі
Жас педагогтердің кәсіби өсуін арттыру, шығармашылық және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2026 жылғы 13 – 17 сәуір күндері «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VIІІ Республикалық байқауының республикалық кезеңі Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді. Байқауға еңбек өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі жас педагогтер қатысты. Конкурстың нәтижесі бойынша Тохтарова Лаура Сериковна ШҚО ББ Өскемен…
-
Баспасөз аңдатпасы «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады
2026 жылдың 28 сәуірінде сағат 10-00, 12-00, 15-00 «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді “Ашық есік күні” дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Іс-шара тақырыбы: “БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат”. Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз: платформа қалай жұмыс істейді; зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай; инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;…
-
Ауылды абаттандыру жөнінде
Ауылымыздың адам көп жүретін орталық көшелеріне орындықтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылды. Ауыл тұрғындарына қоқыстарды арнайы орындарға тастауға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-aralbai/press/news/details/1204252?lang=kk
-
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға көшу
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға көшу 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Енгізілетін өзгерістер міндетті нормативтік талаптарды сақтауды көздейді, оның ішінде санитариялық және өрт қауіпсіздігі нормалары, бейнебақылау жүйелерінің болуы, қауіпсіз орта мен күзетті қамтамасыз ету, сондай-ақ сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру және балалар мен персоналдың денсаулығын қорғау. Ерекше назар дамытушы…
-
Маңғыстауда балық шаруашылығын дамытуға бағытталған стратегиялық инновациялық жоба жүзеге асырылуда
18 сәуірде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы «Kazakh Osseter» ғылыми-өндірістік кәсіпорнына барып, балық шаруашылығы саласындағы инновациялық жобаның іске асырылу барысымен танысты. Өңірде бекіре тұқымдас балықтардан балыққа зиян келтірмей тағамдық уылдырық алу бойынша елімізде теңдесі жоқ жоба жүзеге асырылуда. Бұл технология экологиялық қауіпсіз әрі тұрақты өндірістің заманауи халықаралық стандарттарына толық сәйкес келеді.…
-
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Шымкент және Сарыағаш қалаларында, Туркестан облысында, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында өтіп жатқан бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысуда.
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Шымкент және Сарыағаш қалаларында, Туркестан облысында, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында өтіп жатқан бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысуда.Алтай ауданынан аталған іс-шараға Алтай ауданының әкімі Құрмамбаев Р.Т., Октябрьск кентінің әкімі Әбілмажинов Д.У., сондай-ақ Полянское және Феклистовка ауылдарының жалпы білім беретін мектеп директорлары Қостаева Д.Е. мен Чабиева Ж.К. қатысуда.Жәрмеңке аясында өңір өкілдері жұмыс іздеушілермен…
-
Тараз қаласында құтқару жұмыстары пысықталды
Тараз қаласындағы ҚР ҰҚК Жамбыл облысы департаментінің әкімшілік ғимаратында өрт-тактикалық жаттығу өтті. Аңыз бойынша, ғимараттың 2-қабатындағы кабинеттердің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шығып, жалын 50 шаршы метр аумақты қамтыған. Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 35 адам жеке құрам және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары барысында ғимараттың 3-қабатының терезесі арқылы автосаты көмегімен…
-
Биыл Ақтөбе облысында мектеп оқушыларының 99%-ы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады
Биыл өңірде оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуге ерекше көңіл бөлініп отыр: 1-10 сынып аралығындағы оқушылардың 99%-н жазғы демалыспен қамту көзделген. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жазғы маусымда облыс аумағында 7 сауықтыру орталығы, 702 мектеп жанындағы лагерь және 49 қосымша білім беру ұйымдары жанындағы жазғы алаңдар жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ маусымдық және жыл бойғы…
-
Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау күшейді
Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді. Ел өңірлерімен қатар елордада да арнайы мониторингтік топтар жұмысын бастады. Олардың негізгі міндеті – әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Мониторингтік топ құрамына сауда департаменті, әкімдік, мемлекеттік кірістер органдары және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері енген. Азық-түлік бағасын қаладағы…
-
Алматының Медеу ауданы автосуару жүйесі дамытуды қолға алды
Медеу ауданында көгалдандыру мен жасыл желекті дамыту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Ауданның жалпы жасыл қоры 1,1 мың гектар болады. Жыл сайын аудан ағаш, бұта мен гүлдерді үзбей егіп отырады. Биыл да 60 мыңнан астам бұта, 48 мыңнан астам гүл мен 1 мыңнан астам ағаш…
-
Өскемен қаласында өткен ашық чемпионат – жазғы Президенттік көпсайыс
Өскемен қаласында өткен ашық чемпионат – жазғы Президенттік көпсайыс Өскемен қаласында жазғы Президенттік көпсайыс (жүгірумын үшсайыс) бойынша ашық чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыста Марқакөл ауданы, «Тосқайың орта мектебі» оқушылары да өз бақтарын сынап, тамаша нәтижелерге қол жеткізді: Ғабит Жарқын – 1-орынҒабит Мерей – 1-орынЧерцова Яна – 2-орынАқылбекова Айлин – 3-орын Оқушыларымыздың бұл жетістігі…
-
Меркіде су тасқынының алдын алу шаралары бақылауда
Меркі ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Су нысандары тексеріліп, олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Аудан аумағында 24 су бөгеті, Меркі және Аспара өзендері, сондай-ақ Ленинжол су қоймасы бар. Барлық нысандарда жүйелі мониторинг ұйымдастырылып, өткен жылы су өткізу арналары тазартылып, өткізу қабілеті арттырылған. Қазіргі таңда жауын-шашынның артуына байланысты тәулік бойы кезекшілік…
-
Діни бірлестіктер өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалалық сенбілікке белсене қатысты
Алматы облысында орналасқан діни бірлестіктер өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында Көшпенділер қалашығында өткен жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.Бұл игі бастама – табиғатқа деген жанашырлықтың, қоғам алдындағы жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Шара барысында аумақтар тазартылып қана қоймай, ағаш көшеттері отырғызылып, айналаны көркейтуге ерекше көңіл бөлінді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-din/press/news/details/1204202?lang=kk
