Санат: Жаңалықтар
-
Қазақстанда туризмді мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдірілуде
Енгізілген өзгерістер биылғы жылдың наурыз айында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкестендіруге бағытталған. Негізгі мақсат – бизнес үшін рәсімдерді түсінікті ету, әкімшілік кедергілерді азайту және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. Kids Go Free бағдарламасы: туроператорлар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында туристік өнімге қойылатын…
-
Қоғамдық тыңдау
Қоғамдық кеңес мүшелері «Mineral Product International» ЖШС-нің ферроқорытпа өндіретін зауытын салу кезеңіне арналған қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін әзірленген құжаттама пакеті бойынша ашық жиналыс форматында өткен қоғамдық тыңдауға қатысты. Қоғамдық тыңдау барысында жобаның қоршаған ортаға ықтимал әсеріне қатысты материалдар қаралып, зауыт құрылысына байланысты экологиялық мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1270593?lang=ru
-
Адам құқықтары – “Азаматтарға арналған Конституция”
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – «Азаматтарға арналған Конституция»Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі, олар ажыратуға жане айыруға болмайтын деп танылады.Әр адамның құқық субъектісі ретінде танылуға құқығы бар.Конституция әркімге сот арқылы қорғалуға, Заң мен Сот алдында тең болуға, адамның қадір-қасиетінің құрметтелуіне және жеке өміріне қол сұғылмауына…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 17 тамыз бен 28 қыркүйек аралығында «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Ішкі талдаудың мақсаты – мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың туындау себептері мен жағдайларын зерделеу, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған…
-
«Gas Processing Company» ЖШС қызметкерімен орын алған жазатайым оқиға бойынша оқиға орнына шығу
«Gas Processing Company» ЖШС қызметкерімен орын алған жазатайым оқиға бойынша Департамент бұйрығы негізінде құрылған комиссия мүшелері орынға шығып, орын алған жерді көзбен шолу жұмыстары жүргізді. Оған қоса, оқиға куәгерлерінен және зардап шегуші ден түсініктеме алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1270579?lang=ru
-
Мейірім – жүректен басталатын ізгілік
Жаңа оқу жылы қарсаңында Павлодар облысы Аққулы ауданының білім беру ұйымдарының педагогтері дәстүрлі «Мейірімді қолдар» қайырымдылық акциясына белсене қатысып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға мектеп формасы, оқу құралдары мен кеңсе тауарларын табыстады. Бұл – жай ғана сыйлық емес. Бұл – баланың ертеңіне деген сенім, оның жүзіндегі шат күлкі, мектепке деген құлшынысы. Әрбір табысталған сөмке…
-
Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді
Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқат деңгейіне тікелей әсер ететін ұзақ мерзімді қаржылық капиталы ретінде қабылдайтын азаматтар саны көбеюде. Бұған зейнетақы жинақтары көлемінің серпінді өсуі, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (ЖЗЖ) қамту ауқымының кеңеюі, зейнетақы жарналарын тұрақты…
-
«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі. Әр азамат заңды құрметтеп, құқықтық мәдениетті қалыптастырғанда ғана әділетті әрі дамыған қоғам құра аламыз. Заң талаптарын сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарау – еліміздің тұрақты дамуына негіз болатын…
-
«Мектепке жол»: Жетісуда 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі
«Мектепке жол»: Жетісуда 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі Елімізде мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Шара 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалғасады.Бүгінде өңірде қолдауға мұқтаж 16 750 баланың тізімі жасақталып, акцияны ұйымдастыру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.…
-
Ақмолада полицейлер зергерлік бұйымдар мен бағалы заттар салынған сөмке ұрлығын ашты
Ақмолада полицейлер зергерлік бұйымдар мен бағалы заттар салынған сөмке ұрлығын ашты. Көкшетау қаласында полицейлер құрамында зергерлік бұйымдар, телефон, қол сағаты және өзге де жеке заттар болған сөмкенің ұрлануына қатысты қылмысты ашты. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 3 миллион 470 мың теңгені құрады. Қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс…
-
Қостанай қаласының дамуы мен цифрлық болашағы: мәслихаттың 15-ші сессиясы өтті
Қостанай қалалық мәслихатының кезекті 15-ші сессиясында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен заманауи технологиялық сынақтары кеңінен талқыланды. Халық қалаулылары қала өмірін жақсартуға бағытталған негізгі стратегиялық бағыттарды қарастырды. Күн тәртібіндегі басты мәселелер: Әкімнің есебі: Қостанай қаласы әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы және шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сарапталды. Цифрландыру және киберқауіпсіздік: Қаладағы цифрлық трансформация нәтижелері, жасанды интеллектті енгізудің…
-
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бос лауазымына орналасу үшін әнгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі:
1. Ауесханов Бақтияр Бекбосынұлы; 2. Крәш Болатбек Әділханұлы; 3. Конаев Серик Батырбекович; Әңгімелесу өтетін күні, уақыты: 2026 жыл 07тамызсағат 16:00 Әңгімелесу өткізу орны:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 13, 4-қабат Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1270570?lang=ru
-
«Заң мен тәртіп» қағидаты – құқықтық мемлекет құрудың негізгі тіректерінің бірі.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – құқықтық мемлекет құрудың негізгі тіректерінің бірі. Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік заңның сақталуына және әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Заң үстемдігі орнаған жерде әділдік салтанат құрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалады. Бүгінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті нығайту ерекше маңызға ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1270571?lang=ru
-
Қазақстанда туризмді мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдірілуде
Енгізілген өзгерістер биылғы жылдың наурыз айында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкестендіруге бағытталған. Негізгі мақсат – бизнес үшін рәсімдерді түсінікті ету, әкімшілік кедергілерді азайту және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. Kids Go Free бағдарламасы: туроператорлар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру…
-
Төрт тілді меңгерген полиглот сарбаз Ұлттық ұланда қызмет етіп жүр
Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде шетелдіктердің кез келген сауалына тосылмай жауап бере алатын сарбаз қызмет етеді. Қатардағы жауынгер Аббас Шамшиден қазақ, орыс, ағылшын және чех тілдерінде еркін сөйлей алады. Ал қытай тілін енді үйреніп жүр. Полиглот сарбаз Астанада бастау алған әлемдік деңгейдегі “Болашақ ойындары” кезінде қоғамдық тәртіп сақтау қызметіне тартылды. Ал бүгінде…
