Санат: Жаңалықтар
-
Атырау облысында 30-ға жуық шетел азаматы ел аумағынан шығарылды
Атырау облысы Жылыой ауданында шамамен 30-ға жуық шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Жылыой ауданының Теңіз қалашығында көші-қон қызметі қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру мақсатында кешенді жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылды.…
-
ТЖМ басшысы Алматы қаласындағы композиттік газ баллондарын шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары аясында Алматы қаласының индустриялық аймағына барып, композиттік газ баллондарын шығаратын зауыттың құрылыс барысымен танысты. Жоба газ жабдықтарын пайдалану кезінде орын алатын оқиғалар санын азайту жұмыстарының бір бөлігі ретінде қарастырылуда. Бұған дейін Астана қаласында ТЖМ бастамасымен мемлекеттік органдардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен кеңес өткен…
-
Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті
2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысы Сарқан ауданының Тополевка ауылы маңындағы «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Ауқымды іс-шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экологиялық туризмді дамытуға, табиғи мұраны насихаттауға және әлемдік маңызға ие Сиверс жабайы алмасының табиғи қорын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.…
-
Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты бір аптаға жабылады
Астанада Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2-9 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз…
-
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Астанада 1 мамыр күні «Мұз айдынындағы чемпиондар» атты ауқымды мұз шоуы өтті. Қойылым «Барыс Арена» мұз сарайында ұйымдастырылып, оған 9 мыңнан астам көрерменді жиналды. Шоуды танымал бапкер Этери Тутберидзе басқарды. Мұз айдынына әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары – Элизабет Тұрсынбаева, Алина Загитова, Александра Трусова, Аделия Петросян, Пётр Гуменник және өзге де атақты спортшылар шықты. Ұйымдастырушылардың…
-
Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті
2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысы Сарқан ауданының Тополевка ауылы маңындағы «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Ауқымды іс-шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экологиялық туризмді дамытуға, табиғи мұраны насихаттауға және әлемдік маңызға ие Сиверс жабайы алмасының табиғи қорын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.…
-
Қазақстанның «Қорлар қоры» 95 млн доллар тартып, ЖИ-жобаларын қаржыландыруды бастады
GITEX AI Kazakhstan 2026 ең ірі халықаралық технологиялық форумы аясында қазақстандық венчурлік нарықтың дамудың түбегейлі жаңа кезеңіне өткені туралы жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған, Alem Capital Management (ACM) платформасының басқаруындағы «Қорлар қоры» мемлекеттік ресурс, Astana Hub мүмкіндіктері мен жеке капиталдың бірегей синергиясын қамтамасыз ете отырып, ресми түрде белсенді инвестициялау фазасына өтті. Премьер-Министрдің орынбасары…
-
Астанада нәзікжандылар «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысып, жағалауды ретке келтірді
Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы және «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында «Respublica» партиясының әйелдер қанаты – ReWoman қауымдастығы елордадағы жағалау аумағын тазарту бойынша сенбілік өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Есіл өзенінің жағалауында өткен іс-шараға партия өкілдері, кәсіпкер әйелдер және қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Шамамен 150-ге жуық қыз-келіншек жағалау бойын тұрмыстық қоқыстан, бұтақтардан және…
-
Алматы облысындағы туристік нысандардан 205 тоннадан астам қоқыс жиналды
Бүгін Алматы облысындағы Күрті су қоймасында ауқымды сенбілік өтті. Оған ауыл тұрғындары, жастар, еңбек ұжымдары мен еріктілер қатысты. 500 ге тарта адам көздің жауын алатын Күртінің айналасынан 5 тоннаға жуық қоқыс жинады, -деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Үш күндік демалыста өңірдегі туристік нысандардың тазалығына ерекше ден қойылған. “Тазалық күні” акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық…
-
Көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 1242 Жарлығы. Технологиялық және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандарды, шетелдік инвесторларды және кәсіпкерлерді тарту бойынша қолайлы жағдайлар мен бәсекелестік режимді қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Шетелдік инвестициялар мен адами капиталды тарту үшін көші-қон саясатының негізгі бағыттары болып мыналар белгіленсін: көші-қон саясатының негізінен рұқсаттық-квоталық…
-
Астанада футболдан діни конфессиялар арасындағы достық кубогы турнирі өтті
Астанада «Қазақстан футбол федерациясының діни конфессиялар арасындағы достық кубогы» атты футбол турнирі өтті. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қазақстан футбол федерациясының «Футбол үйінде» төртінші мәрте өтіп жатқан бәсекеге 9 конфессиядан 15 команда жиналды. Айта кететін жайт, діни конфессиялар арасындағы турнир УЕФА-ға мүше елдер арасынан тек Қазақстан,…
-
«Мөлдір бұлақ»: елордалық кітапханада экология тақырыбына арналған көрме өтті
Астанада орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 көпшілік кітапханасында «Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» республикалық акциялары аясында экология, табиғатты қорғау және су ресурстарын сақтау тақырыптарына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Мөлдір бұлақ: таза табиғат – таза ой» экологиялық акциясының мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарға саналы көзқарасты арттыру, сондай-ақ қоршаған…
-
ШҚО-ДА ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨТІНІШТЕР САНЫ АРТТЫ
Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың бірінші тоқсанында еңбек мәселелері бойынша азаматтардың жүгіну саны айтарлықтай артты. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне 588 өтініш түскен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров мәлімдеді. Шағымдардың басым бөлігі еңбек қатынастарына қатысты — 572 өтініш. Осыған…
-
Астанада музей қызметкерлері ауқымды экологиялық акцияға қатысты
Астанада Бірлескен музейлер дирекциясы «Таза Қазақстан. Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы аясында экологиялық іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Акция барысында Жерұйық саябағындағы генерал И. Панфиловтың ескерткіші мен оның айналасы тазартылып, ретке келтірілді. Іс-шараның мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттау және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аудару. «Біз бүгін…
-
Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларына арналған білім беру интенсиві өтті
Павлодар қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларын біріктірген «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» атты білім беру интенсивінің қорытынды кезеңі өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларының көшбасшылық және шығармашылық құзыреттерін дамытуға арналған тиімді білім беру алаңын қалыптастыру. Интенсив аясында білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға, оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа идеялар…
