Санат: Жаңалықтар
-
Тайынша қаласында көшпелі кеңес
2026 жылғы 9 қазанда Тайынша қаласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н. М. Кенесовтің төрағалығымен көшпелі кеңес өтті. Кеңес барысында бірқатар тапсырмалар берілді, оның ішінде елді мекендердің бас жоспарларын 2026 жылғы 15 қазанға дейін мемлекеттік сараптамаға жүктеуді қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-stroi/press/news/details/1313491?lang=ru
-
Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Тәңірберген ауылдық округіне жұмыс сапарымен келіп, Кеңсахара және Саржансай ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты.
Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов Тәңірберген ауылдық округіне жұмыс сапарымен келіп, Кеңсахара және Саржансай ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын аралап, жаңа тұрғын үйлердің жай-күйін көрді. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығына барды. Аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен ұсыныстарын тыңдады.…
-
ТҮРКІСТАННЫҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОНАТ КӨШБАСШЫСЫН ЖЕҢДІ
Түркістанның «Тұран» футбол клубы Қазақстанның бірінші лигасындағы 25-турда өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын 1:0 есебімен жеңді. Чемпионат көшбасшысына қарсы өткен тартысты кездесуде жерлестеріміз маңызды жеңіске қол жеткізді. Ойынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, командаға қолдау көрсетті. Өңір басшысының футболшыларға жанкүйерлік танытуы команданың жігерін жанып, жанкүйерлерге де ерекше көңіл күй сыйлады. Кездесудің алғашқы…
-
Ақмола облысында Қазақстандағы алғашқы 900 басқа арналған роботтандырылған сүт-тауарлы ферма ашылды
Ақкөл ауданының Еңбек ауылында «Еңбек» ЖШС-ның 900 басқа арналған роботтандырылған сүт-тауарлы фермасы жұмысын бастады. Бұл – осындай ауқымдағы және роботтандыру деңгейі жоғары Қазақстандағы алғашқы кешен. Мұнда негізгі өндірістік үдерістер автоматтандырылған, ал адамның тікелей қатысуы барынша азайтылған. Роботтандырылған жүйелер сиырларды сауу жұмыстарын атқарса, арнайы жабдықтар малды азықтандыру мен оларды күтіп-бағуға қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Жаңа кәсіпорынның…
-
«Алтынемел – құландар мекені»: Жетісудағы туристік фестивальге бес елден қонақтар келді
Жетісу облысындағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өткен «Алтынемел – құландар мекені» туристік және мәдени-экологиялық фестиваліне мыңнан астам адам жиналды. Қатысушылар қатарында Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Ресейден, соның ішінде Якутиядан қонақтар, сондай-ақ Астана, Алматы, Талдықорған қалалары мен Алматы облысының тұрғындары бар. Биыл фестиваль алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Фестиваль аясында спорттық жүгіру жарыстары, этномәдени қойылымдар, ежелгі…
-
Бейбіт Исманов VIII шақырылым депутаттарына бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді
19 қазанда Бескөл ауылында Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов VIII шақырылым аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Іс-шараға аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақыт Бәукенов, сондай-ақ аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Кездесу барысында Бейбіт Исманов депутаттар корпусына адал еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және ауданның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Өз өкілеттіктері кезеңінде депутаттар Қызылжар ауданының…
-
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ Қаладағы руханият орталығында аудан әкімінің орынбасары Шерхан Есжановтың қатысуымен бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Басқосуға облыстық басқармалар мен қаржы ұйымдарының, кәсіпкерлікті қолдау мекемелерінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несие алу, қаржыландыру және лизинг мүмкіндіктері бойынша арнайы келген мамандар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке…
-
Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен чемпион атанды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. Бүгін Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын жүлдеге…
-
Ақтөбе облысында су үнемдеу технологиялары 12,3 мың гектар жерге енгізілді
Ақтөбе облысында ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру, заманауи суару жүйелерін енгізу және суармалы егіншілікті дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және суармалы жерлердің тиімділігін арттыру мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асылхан Әбтиевтің мәліметінше, биыл облыстың басым бөлігінде вегетациялық кезең ауа райының қолайлы жағдайында…
-
Көкшетауда есірткі таратқан күдіктіден 2,5 келіден астам тыйым салынған зат тәркіленді
Ақмола облысында полицейлер есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады. Одан 2,5 келіден астам есірткі мен психотроптық заттар тәркіленді. Көкшетау қаласындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қатысы бар күдіктінің әрекетін әшкереледі. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғынының есірткі…
-
АРАЛДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ!
АРАЛДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ! 19 қазан – Құтқарушылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс өтті. Аталған сайыста Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Бұл жеңіс құтқарушылардың күнделікті қызметтегі шыңдалған шеберлігінің, табандылығының, ұйымшылдығы…
-
АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ
⚜️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты. 🔸️ Аппарат отырысында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «TAZA QAZAQSTAN» акциясының орындалуы, ауданның маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстау туралы және статистика басқармасының 9 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар…
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді. – «Құтқарушы» сөзінің мағынасы – өте кең әрі терең. «Құтқару» – әрдайым игі іс жасаумен, жақсылық істеумен байланысты ұғым. Адам өміріне араша түсу, азаматтарды қауіп-қатерден қорғау, оқыс жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу, тіпті, олардың қорқынышын басып, жұбату сөз айту…
-
СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ Тазалық – әрбір елді мекеннің көркі мен тұрғындардың ортақ жауапкершілігі. Осы мақсатта ауыл аумағында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, санитарлық тазалық пен абаттандыру шаралары жүргізілді. Сенбілік барысында көше бойлары мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналды, аумақтардың көркейтілуіне бағытталған жұмыстар атқарылды. Таза әрі көрікті ауыл қалыптастыруға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Ортақ үйіміздің тазалығын…
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұжымы кезекті сенбілікке қатысты. Сенбілік барысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, аумақты ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарына ерекше назар аударылды. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған жеріміздің көркеюіне ықпал етеді. перевод…
