Санат: Жаңалықтар
-
Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер ел қоржынына жаңа жүлделер қосты
3000 метр қашықтыққа жүгіруде (ерлер) Нұрболсын Мұрат үшінші болып мәреге жетіп, қола медаль иегері атанды. Биіктікке секіруде (әйелдер) Ольга Изюмникова мен Милена Мерц бірдей нәтиже – 1,65 метр көрсетіп, екеуі де қола жүлдені иеленді. Фото: Сали САБИРОВ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1093631?lang=kk
-
Маргарита Косинова күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық жеңіл атлет Маргарита Косинова Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 400 метрге тосқауыл арқылы жүгіруден күміс медаль жеңіп алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1093632?lang=kk
-
Ел қоржынына бесінші алтын
Қазақстандық велоспортшы Әнел Ташбай Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер Азия ойындарында жеке уақыт жарысында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына бесінші алтынды салды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1093633?lang=kk
-
Руслан Есеналин Манамадағы (Бахрейн) III жасөспірімдер Азия ойындарында Астана құрамасының атынан қатысқан Анель Цойды құттықтады
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин Манамадағы (Бахрейн) III жасөспірімдер Азия ойындарында Астана құрамасының атынан қатысқан Анель Цойды құттықтады. Modern MMA бойынша жас спортшы үздік үштікке еніп, қола медаль еншіледі. 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Анель Цой барлық іріктеу кезеңдерінен өтіп, финалға шығу үшін күресте Филиппиндік…
-
Қазақстан таеквондошысы III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына кезекті алтын медаль салды
Спортшы Евгений Васенкин 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Финалда ол өзбекстандық Асадбек Самандаровты 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Фото: Арлан ОЛЖАБАЙ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1093635?lang=kk
-
Нұралы Махмұт күміс медаль жеңіп алды
Қазақ таеквондошысы Нұралы Махмұт Бахрейнде өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол өзбекстандық қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп, турнирдің вице-чемпионы атанды. Фото: Арлан ОЛЖАБАЙ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1093636?lang=kk
-
Альбина Жуминова алтын жүлдені ел қоржынына салды
Муайтайдан Қазақстан құрамасының өкілі Альбина Жуминова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлдені ел қоржынына салды. Альбина ақтық сында камбоджалық Ом Шрейпенхпен өзара мықтыны анықтап, тартысты жекпе-жекте 27:30 есебімен жеңіске жетті. Фото: Арлан ОЛЖАБАЙ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1093637?lang=kk
-
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев Луганода Қазақстанның цифрлық бастамаларын ұсынды
Лугано, 25 қазан – Швейцарияға сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Лугано қаласының мэрі Мишель Фолеттимен кездесу өткізіп, Қазақстанның өкілді бизнес делегациясының сүйемелдеуімен Plan ₿ халықаралық форумына қатысты. Кездесу барысында тараптар цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, финтех және цифрлық экономиканы дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Лугано криптовалюта…
-
Максим Сажнев алтын медаль жеңіп алды
Бахрейнде өткен III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ерлер арасындағы диск лақтыру жарысының финалында Максим Сажнев 63,23 метр нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін шымкенттік спортшы U-18 санатында Қазақстан рекордын жаңартып, 38 жыл бойы жаңаланбаған Виктор Горелышевтың жетістігін артта қалдырған еді. Сол кезде Максим дискіні 59,71 метрге дейін лақтырып, жаңа ұлттық рекорд орнатқан болатын. Ақпарат…
-
Жағажай волейболы бойынша қыздар құрамасы жүлделі үшінші орынды иеленді
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстанның жағажай волейболы бойынша қыздар құрамасы жүлделі үшінші орынды иеленді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет Малайзия командасымен кездесіп, қарсыластарын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен тізе бүктірді. Айта кетейік, 26 қазанда ерлер құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалі үшін сынға…
-
Республика күні Семейде жаңа саябақ ашылды
Ұлттық мереке – Республика күнінде Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, зиялы қауым, құқық қорғау саласының өкілдері, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты. Салтанатты шара барысында аймақ басшысы қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, жаңа саябақ шаһардың әлеуметтік және мәдени келбетін айқындайтын маңызды нысан екенін атап өтті. «Мемлекет…
-
БЖЗҚ салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді естеріңізге салады
Өзекті сауалдар 1) Қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын тұлғалардың біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) түріндегі табысына салық шегерімдерін қолдану мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді? Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу салымшының таңдауына қалдырылады: БЗТ алған кезде бірден немесе кесте бойынша зейнетақы…
-
ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ
Республика күні мерекесі аясында үшінші мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мәдени, спорттық және рухани іс-шаралар ұйымдастырылды. Шымкент аспанын түрлі түстерге бояған «Батпырауықтар фестивалі» мерекенің басты сәніне айналды. Қала әкімдігі ұйымдастырған фестивальдің мақсаты — отбасылық демалыс мәдениетін дамыту, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және ашық аспан астында белсенді демалысты насихаттау болды. Қаланың орталық саябақтарында өткен…
-
Ағымдағы жыл біздің облыс диқандары үшін өнімді әрі тарихи жыл болды.
Бұған дейін қабылданған шаралардың арқасында аймақ дәнді дақылдардың өнімділігін арттырып, орақ науқанын уақтылы әрі сапалы түрде жүргізе алдық. Нәтижесінде облысымыз рекордтық көрсеткішке жетіп, 7,6 миллион тонна астық жинады. Мұндай нәтижелер өңір тарихында бұрын-соңды тіркелмеген. Орташа өнімділік гектарына 16,3 центнерді құрады, оның 75 пайызы — жоғары сапалы астық. Бұдан бөлек, майлы дақылдар бойынша да рекордтық өнім…
-
25 қазан – Республика күні: Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 709 бала дүниеге келді
Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның перзентханаларында 709 нәресте, оның ішінде 359 ұл, 350 қыз дүниеге келді. Бұл күн елдің жаңа өмірі мен болашағының символына айналды. Бір тәуліктік ішінде босандыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері 704 босандыруды жүзеге асырғанын айта кеткен жөн. Жаңа туған нәрестелердің арасында бес жұп егіз бар, бұл мерекенің тағы бір қуанышты оқиғасы болды. ҚР…
