Санат: Жаңалықтар

  • Қауіпсіз үй: Көксу ауданында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Көксу ауданында қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында арнайы есепте тұрған 141 тұрғынды тексерді. Полицейлер профилактикалық әңгімелер жүргізіп, заң талаптарын түсіндіріп, құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын ескертті. Сонымен қатар құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды…

  • Отбасының әлеуметтік жағдайы өзгерсе, санаты да қайта қаралады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Отбасының цифрлық картасында белгіленген әлеуметтік әл-ауқат санаты тұрақты болып қалмайды. Еңбек министрлігінің брифингте түсіндіргеніндей, жүйе мемлекеттік ақпараттық базалардағы мәліметтерді үнемі жаңартып отырады. Сонымен қатар әр ай сайын отбасының құрамы мен жалпы саламаттылық деңгейі қайта қаралады. Мысалы, отбасы мүшелерінің бірі жұмысынан айырылса немесе отбасының материалдық жағдайы айтарлықтай өзгерсе, бұл оның әл-ауқатын бағалауға әсер етеді. Егер отбасы…

  • НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ЗАМАНАУИ ГҮЛ ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРКІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Түркістан облысында заманауи технологияларға негізделген халықаралық гүл өнеркәсіптік паркін құру жобасы жоспарлануда. Жобаның негізгі мақсаты – гүл өнімдерін жыл бойы өндіруді жолға қою, отандық гүл шаруашылығының әлеуетін арттыру, Орталық Азия елдеріне экспорт көлемін ұлғайту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейту. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров заманауи жылыжай кешенінің құрылыс алаңында болып, ауқымды жобаның жүзеге асырылу барысын бақылады.…

  • Қазақстан мен Литва халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту мәселелерін талқылады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Литва іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, рұқсат беру құжаттарын цифрландыру, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру…

  • EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    eGov Mobile мобильді қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған жаңа сервис пайда болды. Ол 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір мемлекеттік көмектерді отбасының нақты жағдайы мен мұқтаждығына қарай көрсету тәртібіне көшу аясында іске қосылды. Калькулятор арқылы азаматтар отбасының әл-ауқатын бағалау талаптарымен танысып, отбасының саламаттылық деңгейін анықтай алады. Бұл ретте отбасының табысы мен мүлкі ғана емес, отбасы…

  • Сапалы білім және заманауи оқу жағдайлары: Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Аршалы ауданының білім беру нысандарын аралады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысы білім басқармасының басшысы жұмыс сапарымен Аршалы ауданына барып, білім беру ұйымдарының қызметімен, материалдық-техникалық базасының жай-күйімен, сондай-ақ білім алушылардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына жасалған жағдайлармен танысты. Мектептерді аралау барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ педагогтердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау мен оқу үдерісінің сапасын одан әрі…

  • «Элеватор Смирновский» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинар өткізілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Элеватор Смирновский» ЖШС Аққайың ауданының прокуратурасымен бірлесіп «Заң және тәртіп» акциясы аясында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс берушілердің еңбекті қорғау талаптарын сақтағаны үшін жауапкершілігі мәселелері қаралды. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға және қауіпсіз еңбек…

  • ТҮРКІСТАННЫҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОНАТ КӨШБАСШЫСЫН ЖЕҢДІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Түркістанның «Тұран» футбол клубы Қазақстанның бірінші лигасындағы 25-турда өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын 1:0 есебімен жеңді. Чемпионат көшбасшысына қарсы өткен тартысты кездесуде жерлестеріміз маңызды жеңіске қол жеткізді. Ойынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, командаға қолдау көрсетті. Өңір басшысының футболшыларға жанкүйерлік танытуы команданың жігерін жандырып, жанкүйерлерге де ерекше көңіл күй сыйлады. Кездесудің алғашқы кезеңінде…

  • Шетелдіктерді шығарып жіберу туралы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып елде жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады. Тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Олардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды. Топтың әрекеттері Қазақстан Республикасының резиденттері болып…

  • «Насиха» сауда орталығында құқықтық түсіндіру жұмысы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері тауар белгілерін пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Насиха» сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесті.Шараның барысында зияткерлік меншік құқықтарын бұзу, бүгінгі күні көптеп кездесетін контрафактілік өнімдер туралы және мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатырған шаралары туралы атап өтілді.Сондай-ақ маркетплейсстер бүгінде тауарлар мен…

  • Құтқарушы — жүрек таңдауы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Әрбір құтқарылған адамның өмірі мен алдын алынған өрттің артында кез келген сәтте көмекке келуге дайын адамдар тұр. Олардың қызметі батылдықты, сабырлылықты, кәсібилікті және жедел шешім қабылдай білуді талап етеді. Кәсіби мерекеге орай Сандықтау ауданы ТЖБ №17 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Андрей Пешков туралы әңгімелейміз. Әскери қызметін өтегеннен кейін Андрей өрт сөндіруші…

  • Республика күніне орай волейболдан облыстық ашық турнир өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Республика күні қарсаңында ересектер арасында волейболдан облыстық ашық турнир ұйымдастырылды. Тартысты бәсекеге өңірімізден 11 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс жолында Алға-1, Алға-2, Қандыағаш, Байғанин, Ырғыз, Шұбар, Ойыл, Қарғалы, Ембі, Қобда және Хромтау командалары шеберлік байқасты.  Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер: І орын – Ойыл командасы (150 000 теңгелік ақшалай сертификат) ІІ орын – Алға-1 командасы (100 000 теңгелік ақшалай…

  • Құқық бұзушылықтың орнына спорт: Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер оң бағыттағы қызметке тартылуда

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыс прокурорының бастамасымен облыс әкімі бекіткен Жастар саясаты стратегиясы шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруда. Осындай бағыттардың бірі Ауладағы спорт клубтары лигасын дамыту, сондай-ақ жасөспірімдерді оң бағыттағы қызметке тартуды және оларда жауапты мінез-құлық пен өмірлік бағдарларды қалыптастыруға ықпал…

  • ТҮРКІСТАНДА «АСТАНА» САЯБАҒЫ САЛЫНУДА 

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Түркістан қаласы тағы бір ерекше қоғамдық демалыс орнымен толығады. Қаланың жаңа бөлігінде «Астана» саябағының құрылысы жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына барып, жұмыстардың барысымен танысты және жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Жаңа саябақ тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға, қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға және қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыруға бағытталған. Аумағы 20 гектарды құрайтын нысанда…

  • Мемлекет көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауды күшейтеді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанда шамамен 4,8 миллион үй шаруашылығы C, D және E санаттарына жатады. Жаңа қажеттілікті бағалау тәртібіне көшкен кезде бұл отбасылардың тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды алуға заңмен бекітілген құқығы толық сақталады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде ресми түрде мәлімделді. Атап айтқанда, жағдайы саламаттылық деңгейі қанағаттанарлық C санатына шамамен 3,2 миллион отбасы кіреді. Экономикалық…

Exit mobile version