Санат: Жаңалықтар
-
30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ
30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ 🔷 Шымкентте баспана жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлерді ұсыну жұмысы жалғасуда. Кезекті іс-шара аясында 30 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. 🔷 Пәтерлер Асар-2 шағынауданындағы көп қабатты үйлерде орналасқан. Олар сатып алу құқығымен жалға…
-
Тұрсынай Қабыл 2026 жылғы Азия Пара ойындарының «күмісін» иеленді
Нагоя (Жапония), 19 қазан. Қазақстандық пауэрлифтер Тұрсынай Қабыл Нагояда өтіп жатқан V жазғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасына күміс медаль сыйлады. Қостанай облысының спортшысы 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетті. Қабыл жатып сығымдау жаттығуында барлық үш мүмкіндікті де қатесіз орындап, мінсіз техника көрсетті. Алғашқы талпынысында ол 100 келі салмақты бағындырса, екіншісінде нәтижесін 102…
-
Шемонаиха тұрғынына ауладағы құрылыс қалдықтары үшін айыппұл салынды
Шемонаиха тұрғынына ауладағы құрылыс қалдықтары үшін айыппұл салынды «Таза Қазақстан» аясында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері елді мекендердегі абаттандыру қағидаларының бұзылуын болдырмау және тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Өткен демалыс күндері Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйдің аумағына құрылыс қалдықтарының үйілгенін анықтады. Мұндай әрекет ауланың көркін бұзып қана қоймай, тұрғындарға да қолайсыздық туғызады.…
-
ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітаппен кемелденген ұлт» атты дөңгелек үстел өтті. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өткен басқосуда алғашқы болып сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірде аталған жоба аясында атқарылып жатқан…
-
Рөлде мас әйел: жолдағы сапар қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді
Бақытымызға орай, бұл жолы ешқандай қайғылы жағдай орын алған жоқ. Алайда алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін еді. Таңсәріде Талдықорған қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Nissan Juke автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 40 жастағы жергілікті тұрғын болған. Тексеру нәтижесінде әйелдің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік…
-
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес тексеру комиссиясының мүшесі Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы 2026 жылдың 21 қазан күні сағат 11.00-13.00 аралығына Қызылорда қаласының тұрғындары арасында жеке қабылдау жүргізілетінін хабарлайды. Жеке қабылдау Қызылорда қаласы әкімінің ғимаратында өткізіледі. Мекен жайы:…
-
Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Өнеркәсіп және өндіріс Ақмола облысында инвестиция көлемі 7,4 млрд…
-
ТҮРКІСТАНДА 80 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ ПЕРЗЕНТХАНА АШЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті, Мәртебелі Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның есімі берілген 80 төсектік перзентхананы аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Медициналық нысан демеушілік қаражат есебінен салынуда. Жоба өңірдегі ана мен бала денсаулығын қорғау, жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Перзентхананың жер…
-
ДЕПАРТАМЕНТТЕ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
2026 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде семинар-кеңес өткізілді. Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және олардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Сонымен қатар департаменттің 2026 жылғы тоғыз айдағы…
-
Өңір басшысы Бәкір Тәжібаевтың ұрпақтарына құрмет көрсетті
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өңірге келген ақынның ұрпақтары мен туған-туыстарын қабылдады. Басқосуда облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениет пен руханиятты дамытудағы еңбегіне жоғары баға бергенін айтты. Ақынның шығармашылық мұрасы халықтың рухани қазынасы екенін, оның өлеңдері, әндері мен драмалық…
-
ШҚО аудандарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялар енгізілуде
Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандарда жедел басқару орталықтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жүйе полиция жұмысының тиімділігін арттырып, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Эльдар Қарсақбаев айтып өтті. Оның айтуынша, жедел басқару орталықтарын…
-
Қызылорда облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді
Анонс 17.10.2026, 10:00 Қызылорда облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді. Республика күні қарсаңында Қызылорда облысында 2026 жылғы17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына…
-
Құтқарушылар күні құтты болсын!
Ерлік, кәсібилік және көмекке келуге дайын болу – құтқарушылардың басты қасиеттері. Барша құтқарушыға зор денсаулық, амандық, қауіпсіз кезекшілік және әрбір шақыртудан аман-есен оралуды тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1313197?lang=ru
-
Астанада Дина Нұрпейісованың шығармашылық мұрасына арналған концерт өтті
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында күйші-композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына арналған «Әсем қоңыр» концерті өтті. Өнер кеші күйшінің шығармашылық мұрасын дәріптеуге және жастарды күй өнеріне баулуға бағытталды. Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбілғазы Ахмадиев, PhD докторы, күйші-зерттеуші Айтолқын Тоқтаған, Дина Нұрпейісованың ұрпағы, күйші Мұқағали Рысқалиев, республикалық байқаулардың лауреаттары Айшолпан Қасымова…
-
КЕНТАУДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТТІҢ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Кентау қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан тұрғын үйде болған өрт оқиғасынан кейін тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында пәтер иелерінің жағдайы талқыланып, оларды қажетті қолдау шаралары қарастырылды. Бүгін қаладағы үш қабатты, 14 пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері үш минут ішінде жетіп, төтенше жағдайлар қызметінің…
