Санат: Жаңалықтар

  • Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Өнеркәсіп және өндіріс Ақмола облысында инвестиция көлемі 7,4 млрд…

  • ТҮРКІСТАНДА 80 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ ПЕРЗЕНТХАНА АШЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті, Мәртебелі Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның есімі берілген 80 төсектік перзентхананы аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Медициналық нысан демеушілік қаражат есебінен салынуда. Жоба өңірдегі ана мен бала денсаулығын қорғау, жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Перзентхананың жер…

  • ДЕПАРТАМЕНТТЕ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде семинар-кеңес өткізілді. Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және олардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Сонымен қатар департаменттің 2026 жылғы тоғыз айдағы…

  • Өңір басшысы Бәкір Тәжібаевтың ұрпақтарына құрмет көрсетті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өңірге келген ақынның ұрпақтары мен туған-туыстарын қабылдады. Басқосуда облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениет пен руханиятты дамытудағы еңбегіне жоғары баға бергенін айтты. Ақынның шығармашылық мұрасы халықтың рухани қазынасы екенін, оның өлеңдері, әндері мен драмалық…

  • ШҚО аудандарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялар енгізілуде

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандарда жедел басқару орталықтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жүйе полиция жұмысының тиімділігін арттырып, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Эльдар Қарсақбаев айтып өтті. Оның айтуынша, жедел басқару орталықтарын…

  • Қызылорда облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Анонс 17.10.2026, 10:00 Қызылорда облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді. Республика күні қарсаңында Қызылорда облысында 2026 жылғы17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына…

  • Құтқарушылар күні құтты болсын!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ерлік, кәсібилік және көмекке келуге дайын болу – құтқарушылардың басты қасиеттері. Барша құтқарушыға зор денсаулық, амандық, қауіпсіз кезекшілік және әрбір шақыртудан аман-есен оралуды тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1313197?lang=ru

  • Астанада Дина Нұрпейісованың шығармашылық мұрасына арналған концерт өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында күйші-композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына арналған «Әсем қоңыр» концерті өтті. Өнер кеші күйшінің шығармашылық мұрасын дәріптеуге және жастарды күй өнеріне баулуға бағытталды.  Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбілғазы Ахмадиев, PhD докторы, күйші-зерттеуші Айтолқын Тоқтаған, Дина Нұрпейісованың ұрпағы, күйші Мұқағали Рысқалиев, республикалық байқаулардың лауреаттары Айшолпан Қасымова…

  • КЕНТАУДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТТІҢ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Кентау қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан тұрғын үйде болған өрт оқиғасынан кейін тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында пәтер иелерінің жағдайы талқыланып, оларды қажетті қолдау шаралары қарастырылды. Бүгін қаладағы үш қабатты, 14 пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері үш минут ішінде жетіп, төтенше жағдайлар қызметінің…

  • Ауданда сенбілік жұмыстары қарқынды жалғасуда

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бүгін Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағында абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жалғасып келеді. Сенбілікке аудан және барлық ауылдық округтердің тұрғындары, дербес бөлімдер, мекеме және бөлім басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер белсене атсалысты. Қызметкерлер өздеріне белгіленген аумақтарда орталық көшелер…

  • 13 қазаннан бастап республикалық маңызы бар автожолында орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    13 қазаннан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысында келесі бағыттарда бақылау жүйесін іске қосты. Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор);Қандыағаш – Мақат. Аталған жолдарда бақылау құрылғылары орнатылған аркалардың арақашықтығы өлшеніп, аппараттық-бағдарламалық кешендер сертификаттаудан өтті. Жүйе орташа жылдамдықты асыру деректерін тіркеп, тиісті мәліметтерді Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің (ӘІЖБТ) процессинг орталығына жолдайды. 2026 жылдың басынан бері республикалық…

  • РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 16 қазан күні Сәтбаев қаласындағы Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Ұлытау облысының діни бірлестіктері арасында Рухани келісім күні мен Республика күніне орай шығармашылық фестиваль өтті. Бұл шара дәстүрге айналған игі бастама ретінде өңірдегі түрлі конфессиялар, мәдениеттер мен ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталды. Фестивальге келесі діни бірлестіктер қатысты: * Балмағамбет…

  • Отбасының цифрлық картасы: әл-ауқат деңгейі 30-дан астам мемлекеттік дерекқор негізінде бағаланады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бүгінде Қазақстандағы 6,2 миллион отбасы мен үй шаруашылығы туралы өзекті әрі жан-жақты мәлімет Отбасының цифрлық картасында жинақталған. Отбасының әлеуметтік жағдайын объективті әрі дәл бағалау үшін 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйенің деректері пайдаланылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Отбасының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтау әдістемесі екі…

  • EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    eGov Mobile мобильді қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған жаңа сервис пайда болды. Ол 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір мемлекеттік көмектерді отбасының нақты жағдайы мен мұқтаждығына қарай көрсету тәртібіне көшу аясында іске қосылды. Калькулятор арқылы азаматтар отбасының әл-ауқатын бағалау талаптарымен танысып, отбасының саламаттылық деңгейін анықтай алады. Бұл ретте отбасының табысы мен мүлкі ғана емес, отбасы…

  • Петропавлда тіл саясатының өзекті мәселелері талқыланды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Петропавл қаласында «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын айқындау, қазақ тілінің ғылым мен білімдегі, цифрлық технологиялар мен жаңа медиа кеңістігіндегі қолданысын кеңейту және өңірлер арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту. Семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілдері,…

Exit mobile version