Санат: Жаңалықтар
-
Жеңіс – ұрпақтар жүрегінде!
9 мамыр күні Бейімбет Майлин ауданында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған шара өтті.Мемориал алаңына жиналған аудан тұрғындары мен қонақтары Отан үшін жанын қиған батырларды еске алып, тағзым етті. Шара барысында қаза болған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.Әсерлі шығармашылық бағдарлама көпшілік көңілінен шықты. Соғыс жылдарындағы әндер көрермен жүрегіне ерекше әсер…
-
9 мамыр күні Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш жанында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Округ тұрғындары батырлардың рухына тағзым етіп, бейбіт өмір мен азаттық сыйлаған ерлерді еске алу үшін жиналды. Костряков ауылдық округінің әкімі Гончарук Светлана Александровна сөз сөйлеп, ардагерлердің ерлігін ұмытпай, оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Жиналғандар соғыстан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Халықтың ерлігі мен батырлардың рухы жүрегімізде мәңгі сақталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1217411?lang=kk
-
9 мамыр күні Мәдениет үйінде Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Округ тұрғындары мен қонақтарына соғыс жылдарындағы әндер, патриоттық шығармалар орындалып, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғыс сөздер айтылды.Концерттік бағдарлама көрермендерге халқымыздың ерлігіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін сыйлады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1217412?lang=kk
-
ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бұл – өткенге тағзым, ерлікке деген шынайы құрметтің айқын көрінісі. Ел басына күн туған сын сағатта тылда тынымсыз еңбек етіп, Жеңісті жақындатқан ардагерлеріміздің еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Ауылдық округ әкімі Зейнұр Қайраддинұлы елді мекенде тұратын тыл ардагерлері және ауған соғысы ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Ардагерлеріміз аман болып, әрдайым құрмет пен қамқорлыққа бөлене берсін! Аманкелді…
-
Ұландық спортшы “Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026” халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды
Астанада дзюдодан ең ірі халықаралық турнирлердің бірі — “Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026” өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында әлемнің 36 елінен жиналған 700-ге жуық спортшы белдесті. Олардың арасында олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, Әлем чемпиондары, сондай-ақ әлемдік рейтинг көшбасшылары бар. Беделді халықаралық турнирде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі — 5511 әскери бөлімі…
-
Арыс қаласында ағайынды екі ер адам синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған
Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында есірткі өндіруге жол бермеу бойынша кешенді шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz. Мамыр айының басында жалпы және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде министрлік қызметкерлерімен Түркістан облысы Арыс қаласында есірткі зертханасы жойылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі…
-
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы құтты болсын!
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шара Қостанай қаласындағы «Жеңіс саябағы» мемориалдық кешенінде өтті. Мерекелік шара барысында жиналғандар майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Батырлардың жанқиярлығы мен ел тыныштығы жолындағы…
-
9 мамыр
9 мамыр — ерлік пен батырлықтың, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын ерекше күн. Біз Жеңісті жақындатқан ардагерлердің рухына тағзым етіп, олардың жанқиярлығы мен қайсарлығын мәңгі есте сақтаймыз. Бүгінгі тыныш аспан, бейбіт өмір — сол буынның бізге қалдырған аманаты. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Елімізде әрдайым бейбітшілік, бірлік пен амандық болсын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1217417?lang=kk
-
ШҚО прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғады
Шемонаиха ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде, бүгінгі таңда ауданда 1437 мүмкіндігі шектеулі жан тұратыны анықталды. Оның ішінде 155 бала бар. Кейбір азаматтар гемодиализ алуға мұқтаж, бұл іркіліссіз және сапалы көлік қатынасын талап етеді. Бұған дейін жұмыс істеп келген «Инватакси» қызметінің иелігінде небәрі 3 мамандандырылған көлік болған. Бұл халықтың нақты қажеттілігін өтеу үшін жеткіліксіз екені белгілі…
-
«Жеңіс күні»: Атырау полицейлері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Мәңгілік алау жанында еске алу шарасы өтті. Салтанатты жиынға Атырау облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойған тәртіп сақшылары майдан даласында қаза тапқан және бейбіт өмірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өмірін арнаған әріптестерінің рухына тағзым етті. Сонымен қатар, полицейлер…
-
Уваровада Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт
9 мамыр күні Уварово ауылында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ауыл тұрғындары мен қонақтарына соғыс жылдарының әндері, патриоттық шығармалар, халықтық частушкалар мен өлеңдерден құралған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық ерлігіне арналған театрландырылған көрініс көрсетті. Іс-шараға көркемөнерпаздар мен ауыл тұрғындары қатысып, көрермендерге ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.…
-
Ағымдағы жылдың 8 мамырында Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев аудан әкімдігінің кіші залында мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табыс етті.
Ағымдағы жылдың 8 мамырында Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев аудан әкімдігінің кіші залында мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табыс етті. Д. А. Сегізбаев облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, М. М. Дүйселеков облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен А. Ж. Серкенов, Ж. Б. Кшенов, В. В. Смолков…
-
“SHENGTAI BIOTECH CO.,Ltd” ЖШС-де мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Досмахановпен жоспардан тыс тексеру барысы
Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Н.Досмаханов тарапынан 2026 жылғы 20 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаменті Шу ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «АБЗ АКТАС» ЖШС қатысты №2-659 хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 5-6 және 8 мамыр аралығында Шу ауданы, Шу қаласы, «SHENGTAI BIOTECH CO LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде…
-
Ер есімі – ел есінде: полиция подполковнигі Дархан Бұлжанов майдангер атасын еске алды
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Атырау облысы полиция департаменті Анықтау басқармасының анықтаушысы, полиция подполковнигі Дархан Бұлжанов Ұлы Отан соғысының ардагері болған атасы Бұлжан Нұржановты еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бұл күн Дархан Сайынұлы үшін айрықша мәнге ие. Себебі олардың отбасы үшін Жеңіс мерекесі – тек тарихи күн ғана емес, ерлік пен елге адал қызмет…
-
Дзюдодан Астанада өткен «Qazaqstan barysy Grand Slam 2026»
Дзюдодан Астанада өткен «Qazaqstan barysy Grand Slam 2026» халықаралық сайыста спортшымыз жеңімпаз атанды 🔹-100 кг🥇БАЙКАМУРОВ МАРАТ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1217428?lang=kk
