Санат: Жаңалықтар
-
«Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында»
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, Жағатал ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылындағы Қабанбай батыр атындағы орта мектеп аумағында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен мектеп ұжымы қатысып, майдан даласында ерлік көрсеткен батыр бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шара…
-
«Үздік өнер жұлдызы»: ақтаулық оқушы республикалық байқауда жеңіске жетті
«Үздік өнер жұлдызы»: ақтаулық оқушы республикалық байқауда жеңіске жетті Ақтау қаласындағы С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Алихан Жәнібекұлы республикалық «Ұлы дала дарыны» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, «Үздік өнер жұлдызы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Республикалық шығармашылық байқау ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылып, жас ұрпақ арасында «Адал адам…
-
Оқушылар бастамасы қолдау тапты: Қостанайда жаңа балалар алаңы абаттандырылады
Қостанай қаласында жастардың азаматтық белсенділігі мен қоғамдық бастамаларын қолдау бағытындағы маңызды жоба жүзеге аспақ. Қаладағы балалар алаңдарының бірін абаттандыру жөніндегі оқушылар ұсынған жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жеңімпаз атанды. Инициатива аясында балалар алаңын абаттандыру көзделген. Ұсынылған жоба әкімдіктегі сараптамалық іріктеуден сәтті өтіп, тұрғындардың дауыс беру кезеңіне жолдама алған. Нәтижесінде жоба 322 дауыс жинап, қатысушылар…
-
Қыш құмыра жасау – табыс көзі: Талдықорғанда жастарға арналған шеберлік сабағы өтті
Талдықорғанда қыш құмыра жасау өнерін насихаттауға арналған шеберлік сабағы өтті. Адамзат тарихымен бірге дамып келе жатқан көне қолөнер бүгінде мәдени мұра ғана емес, табыс әкелетін кәсіп түрі ретінде де өзектілігін сақтап отыр. Қолдан жасалған бұйымдарға сұраныстың артуы бұл бағыттың нарықтағы маңызын күшейтуде. Осы мүмкіндіктерді жастарға таныстыру және табыс табудың балама жолдарын көрсету…
-
Экономика қарқыны мен жол сапасы: СҚО-да бірінші тоқсанның қорытындылары шығарылды
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, жол саласының жай-күйі және өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері қаралды. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша облыс жоғары даму қарқынын көрсетуде. Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 125%-ды құрады. Өсімге экономиканың базалық салалары негізгі үлес қосты. Өнеркәсіп көлемі 36,8%-ға, өңдеу секторы 39,8%-ға, сауда 20,8%-ға, көлік саласы…
-
Ақтөбе облысында Ұлы Жеңіс күніне орай соғысы ардагерлерінің жақындары мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Жеңіс күні Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев соғысының ардагері Михаил Диденконың жұбайы Тамара Афанасьевнаға, сондай-ақ тыл еңбеккері Бақыт Базарғалиевич Гизатовқа арнайы барып, мерекемен құттықтады.Кездесу барысында департамент басшысы ардагерлерге соғыс жылдарындағы ерлігі, төзімділігі мен жанқиярлық еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, жеңімпаз ұрпақтың ерлігі әрдайым отансүйгіштік пен елге адал қызмет етудің үлгісі болып…
-
Астана қаласы Полиция департаментінің басшылығы Ұлы Жеңіс қаһармандарын еске алды
Ұлы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеу қарсаңында Астана қаласының Полиция департаменті басшылығы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Еске алу шарасына Департамент бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев және оның орынбасарлары, елордалық полицияның қызметтері мен бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.Шараға қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып,…
-
Ақтөбеде мектеп оқушылары арасындағы үздік жас жол инспекторлары анықталды
Ақтөбе облысының мектеп оқушылары жас жол инспекторларының XXIII облыстық слетіне жиналды. Облыстың әр ауданынан келген оқушылар 7 бағыт бойынша сынға түсіп, жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын, велосипед жүргізу шеберліктерін көрсетіп, саптық дайындықта бақ сынады. Биылғы слетке №82 жалпы білім беретін орта мектеп базасында 90 оқушыдан құралған 13 команда қатысты. Байқау…
-
«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Қарағай» атты әлеуметтік драмасының премьерасы өтті. Қойылымды режиссер Серікжан Айтқалиев сахналады. Премьера 10 мамыр күні театр көрермендеріне жол тартты. Спектакльде қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, табиғат пен адам арасындағы байланыс, туған жер алдындағы жауапкершілік, заң мен әділет тақырыптары кеңінен қамтылды. Қойылым оқиғасы шығыс…
-
Дуалды білім беруді дамыту: Теміртау колледжінде жаңа зертханалар ашылып, кәсіпорындармен келісімдер жасалды
Теміртау техникалық колледжінде екі заманауи оқу-өндірістік зертхана ашылды. Жаңа алаңдар студенттерді «Дәнекерлеу технологиялары» және «Электроника» құзыреттері бойынша даярлауға арналған. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен жасалған меморандумдардың арқасында колледж түлектері өндіріс орындарына жылдамырақ жұмысқа орналаса алады. Зертханалар кадр даярлаудың заманауи талаптары мен WorldSkills стандарттарына сәйкес жабдықталған. Электроника зертханасында бағдарламалау мен модельдеуге арналған қуатты ноутбуктер, антистатикалық қорғанысы бар монтаж үстелдері,…
-
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсетті
Бүгін Ұлы Жеңіс күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Омаров және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірбек Шаймағамбетов бастаған қызметкерлер тобы ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Сыр өңірінің тәртіп сақшылары ел тыныштығы жолында аянбай еңбек еткен ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысы…
-
ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ: ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ОБЛЫСТЫҚ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ
Қызылорда облысының Полиция департаментінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Ер есімі – ел есінде» атты облыстық диктант өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен батырларымыздың рухына тағзым ету, өскелең ұрпақ пен жеке құрам арасында отансүйгіштік қасиетті нығайту және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қызметкерлердің тілдік сауаттылығын арттыру. Шараның барысында диктантқа…
-
ІІМ: Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде “хайп” жасау және видео жариялау мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары жиілеп отыр. Мұндай әрекеттер елдің мәдени және табиғи мұрасына зиян келтіріп, заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар — Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында. Жартастарға, ескерткіштерге және…
-
Батыр рухы — ұрпақтар жадында
Тағылымды шараға департамент бастығының орынбасары Алмаз Саламатов, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Қатысушылар батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойып, ерлікке толы ғұмырына құрмет білдірді. Іс-шара барысында Мұрат Құрмановтың майдандағы ерлігі мен бейбіт күндегі мінсіз қызметі ерекше аталып өтті. Ол Отан үшін от кешіп, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға саналы ғұмырын арнаған тұлға.…
-
Қазақстан Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды
Астанада Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесуі өтті. Тараптар келіссөздер кезінде Қазақстан Қарулы күштері жүйесінде дзюдоны дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қойды. Құжат Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындары мен колледждеріндегі оқыту бағдарламаларына Халықаралық дзюдо жүйесін кезең-кезеңмен енгізуді көздейді. Дзюдо элементтері де Қарулы күштер әскери қызметшілерінің дене шынықтыру…
