Санат: Жаңалықтар

  • Түркістан облысында мерекеге орай ардагер полицейлерге құрмет көрсетілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Түркістан облысы полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев ішкі істер органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарып, бүгінде зейнеткерлікке шыққан тыл ардагерлері — Шаймерден Айтпанбетов пен Сайдулла Масадыковтың шаңырағына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Кездесу барысында медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Даурен Сартаев, емхана…

  • Дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ұлытау облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбекованың төрағалығымен дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған кеңес өтті. Жиынға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, дін саласының мамандары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Кеңес барысында өңірдегі діни ахуалды тұрақты бақылау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдарға қарсы жұмыстарды күшейту, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қарсы насихаттық және…

  • Әділет министрі Мәжілісте «Президенті туралы» конституцялық заң жобасын таныстырды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша баяндама жасады.Өз сөзінде Ерлан Сәрсембаев заң жобасы «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» конституциялық…

  • Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Ждановка ауылында Ұлы Отан соғысы obелискісіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Ждановка ауылында Ұлы Отан соғысы obелискісіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ждановка жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алуға арналған тағылымды шараға белсене қатысты. Іс-шара ерекше құрмет пен тағзымға толы жағдайда өтті. Оқушылар гүлдер мен гүл шоқтарын қойып, майдан даласында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске…

  • Қызмет пен өнер үндестігі: Павлодарда ҚАЖ жүйесіндегі алғашқы хор құрылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қызмет пен өнер үндестігі: Павлодарда ҚАЖ жүйесіндегі алғашқы хор құрылды Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының бастамасымен өңірде ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырылды — ҚАЖ жүйесінде алғаш рет ведомстволық хор құрылды. Жаңа ұжым әртүрлі бөлімдерден жиналған 50 қызметкерді біріктірді. Қызметтік міндеттеріне қарамастан, олар өнер мен шығармашылыққа уақыт тауып, ортақ мақсат жолында бас қосты. Репетициялар…

  • Шарбақты ауданында үстел теннисінен аудандық жарыс өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Заң мен тәртіп» жобасы аясында Алексеевка жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Отан қорғаушылар күніне орай үстел теннисінен аудандық жарыс ұйымдастырылды. Аталған турнирге Шарбақты ауданының әр мектептерінен іріктелген, сондай-ақ 2025 жылғы аудандық жарыстардың жеңімпаздары қатарынан шамамен 50 оқушы қатысты. Жас спортшылар ойын барысында жоғары дайындық деңгейін, шеберлігін, жеңіске деген жігерін және әрбір ұпай үшін тартысты күресті…

  • Ақтөбедегі «NEO – жаңа буын полицейлері» сыныбы полиция қызметімен танысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақтөбе қаласындағы Білім мектеп-гимназиясы оқушылары, атап айтқанда «NEO – жаңа буын полицейлері» сыныбы үшін құқықтық танымды кеңейту және болашақ мамандыққа кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.Экскурсия барысында оқушылар Ақтөбе облысы Полиция департаменті бөлімшелерінің жұмысымен жақынырақ танысты. Алдымен олар Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен кездесіп, арнайы жасақтың күнделікті қызметі, кәсіби даярлығы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз…

  • Астанада зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астанада Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Ұлттық зияткерлік ойынды насихаттауға бағытталған іс-шараға Есіл, Нұра және Байқоңыр аудандарының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызмет алушылары қатысып, өзара бақ сынады. Турнирдің басты мақсаты – ардагерлер арасында салауатты…

  • Облыс әкімі Асхат Шахаровтың Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ардақты ақтөбелік азаматтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ел тыныштығы мен Тәуелсіздіктің тұғырын күзетіп тұрған азаматтарға көрсетілер құрмет күні. Халқымыз қашанда ел шетіне жау тисе, бір тудың астына жиналған ерлерін қадірлеген. Батырлық пен намыс – ұлт рухының өзегі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, халқымыздың ерлік дәстүрі атадан балаға жалғасып келеді.…

  • Реновация және жолдар: Родина ауылын дамыту жалғасуда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов реновация бағдарламасы аясында салынған жаңа тұрғын үйлермен де танысты. Шаруашылықтың қаржысы есебінен ауылдағы ескі, тозығы жеткен үйлердің орнына 14 екі қабатты, әрқайсысы 8 пәтерлі тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін тағы екі үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бағдарламаның арқасында бүгінде 100-ден астам отбасы жаңа пәтерге…

  • Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін болады. Келісім…

  • Ерлікке тағзым – елдікке тағылым

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ерлікке тағзым – Елдікке тағылым» атты салтанатты шара өтті. Шара қонақтары алдымен аудандық мәдениет үйінің фойесінде тақырыпқа сай безендірілген көрмені тамашалап, тарихи мазмұндағы экспозициялармен танысты. Бұдан кейін «Ұрпаққа аманат – елге қорған» атты…

  • Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сардарлар мен сарбаздарды, жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сардарлар мен сарбаздарды, жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Қос мерекенің мән-мазмұны – үндес, тағылымы – ортақ. Осы мейрамдарда еліміздің ерлік дәстүрі кеңінен дәріптеледі. Біз бұл күндері жұртымызға қорған болып жүрген ерлерге құрмет көрсетеміз.…

  • Ақтөбе қаласында алаяқтық фактісінің жолы кесілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ағымдағы жылдың мамыр айының басында 1962 жылы туған қала тұрғынына өзін жеткізу қызметінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар қоңырау шалған. Сәлемдеме алу сылтауымен олар әйелді телефонға келген SMS-кодты айтуға көндірген.Көп ұзамай оған қайта қоңырау шалып, өздерін «eGov» қызметкерлері ретінде таныстырып, оның атына несие рәсімдеу әрекеттері жасалып жатқаны және банк шоттарында күмәнді операциялар бар екені туралы…

  • Техникалық оңалту құралдарын пайдаланушылар мен жеткізушілердің назарына!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүйелі негізде іске асыруда. Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты әрбір адамның нақты қажеттіліктері мен өмірлік жағдайларын ескере отырып, оңалту қызметтерінің сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру болып табылады. Ағымдағы жылдың сәуір айында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы…

Exit mobile version