Санат: Жаңалықтар
-
«Қайырымдылық күні»
15 наурыз Қайырымдылық күніне орай Құмарық ауылдық округінде «Қайырымдылық адамзаттың асыл парызы» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kumaryk/press/news/details/1182986?lang=kk
-
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам жас азамат армия қатарын толықтырады
Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент Жарлығына сәйкес, 17 наурыздан бастап қалалық және аудандық шақыру комиссиялары әкімдердің орынбасарларының төрағалығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады. – 30 маусымға…
-
Бесқарағайда Көрісу күні кеңінен аталып өтті
Бесқарағай ауданында Көрісу күні кең көлемде мерекеленіп, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл күн – ата-бабадан мирас болып қалған асыл дәстүрдің жалғасы, Наурыз мерекесінің бастауы, өткенге құрмет пен бүгінге тағзым, болашаққа деген үміттің нышаны. Айтулы мерекеге орай ауданда «Бір жасыңмен» атты жоба жүзеге асырылды. Жоба аясында ауылдық округтердің тұрғындары бір-біріне арнайы барып, көрісу дәстүрін…
-
“Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі” ММ ҮЕҰ мен қоғам өкілдерінен 2027 жылға арналған әлеуметтік жобалардың тақырыптарын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
“Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі” ММ ҮЕҰ мен қоғам өкілдерінен 2027 жылға арналған әлеуметтік жобалардың тақырыптарын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды. Ұсыныстарды WhatsApp 87758359661 жолдау қажет. Міндетті түрде әлеуметтік жобаның мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелері, сондай-ақ шығындар сметасы мен байланыс деректері қоса берілуі тиіс. Ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 17 сәуірге дейін жүргізіледі. Қосымша ақпаратты…
-
Қоғамдық тамақтану объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі
Қоғамдық тамақтану объектілері (кафелер, мейрамханалар, асханалар) адамдар көп жиналатын және өрт шығу қаупі жоғары нысандар санатына жатады. Ас үй жабдықтарының, ашық оттың, электр құрылғыларының болуы, сондай-ақ май қалдықтарының жиналуы өрттің туындау қаупін арттырады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады. Өрттің туындау себептері Қоғамдық тамақтану объектілерінде өрттің…
-
Тегістік ауылында Ата Заңдағы өзгерістер талқыланды
Байзақ ауданы, Тегістік ауылындағы Ә. Жанқұлиев атындағы орта мектебінде жергілікті тұрғындармен маңызды кездесу өтті. Жиынның басты тақырыбы — Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды халыққа түсіндіру және «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы реформалардың маңызы.Кездесуге ауыл ақсақалдары, ұстаздар мен белсенді жастар қатысты. Жиын барысында Конституциялық реформалардың мемлекетіміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлі туралы егжей-тегжейлі сөз қозғалды.Жиын соңында…
-
Орталық референдум комиссиясы: жаңа Конституция қабылданды
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды: референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 482 613; дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127…
-
17 наурыз – Шаңырақ күні
Қазақ дәстүрінде шаңырак киелі саналады. Бұл аспан күмбезі, үй, тірек, ырыс, қорғаныш, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан сабақтастық әрі материалдық және рухани мұра, сол сияқты отбасы беріктігі мен тек жалғастығының символы. Сондықтан бұл күн жас ұрпақты патриоттық, ізгілік, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыруды паш етеді. Шаңырақ ең алдымен отбасымен байланыстырылады, сондықтан да қазақтар жаңа…
-
Наурызнама онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күні»
Бүгін қазақ мектеп-интернатында ерекше бір жылы, үйдегідей жанға жайлы атмосфера орнады. Мұнда терең мағынаға ие, әрі отбасы, үлкендерді құрметтеу және халықтық салт-дәстүрлер сынды маңызды құндылықтарды дәріптеуді еске салатын күн – Шаңырақ күні атап өтілді. Іс-шара басынан-ақ, залда бір үлкен шаңырақтың астында жақын адамдар жиналғандай сезілді. Қазақ халқы үшін шаңырақ тек киіз үйдің бір бөлігі ғана…
-
ШҚО-да сноубордтан ҚР чемпионаты мен жастар біріншілігі басталды
Бүгін Дене шынықтыру және спорт басқармасы сноубордтан жылдың басты ұлттық додалары – Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Жастар біріншілігінің негізгі жарыс күндерін ресми түрде бастады. Оған Өскемен, Риддер, Алматы қалалары мен Алматы облысынан келген 56 үздік спортшы қатысып жатыр. Турнирлер параллельді режимде өтіп, бір трассада тәжірибелі шеберлер мен өскелең ұрпақтың басын қосты. Жастар біріншілігі 7 жастан…
-
2026 ЖЫЛҒЫ 26 НАУРЫЗДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
2026 жылғы 26 наурыз күні сағат 11.00-де мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда: Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы” ММ бөлінген бюджет қаражатының жоспарланылу және пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182)328808 телефонына (2026 жылғы 19 наурыз сағ. 12.00-ге дейін) хабарласуға…
-
Ақпарат
Қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау және абаттандыру шаралары аясында ағаштарды санитарлық және қалыптастыру мақсатындағы кесу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар жоспарлы түрде, негізінен көктемгі және күзгі кезеңдерде орындалады, өйткені дәл осы мерзімдер ағаштарды кесу үшін ең қолайлы агротехникалық уақыт болып саналады. Жұмыстар барысында құрғаған, зақымданған және апатты бұтақтар алынып тасталады, ағаштардың тәждері қалыптастырылады, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін…
-
Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 17 наурыздағы жағдай мынадай: Ақмола облысында Сілеті су қоймасынан секундына 1,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 2,31 текше метр су жіберілуде. Ақтөбе облысында Ақтөбе су қоймасынан секундына 1 текше метр…
-
Ақтөбеліктер Роза Рымбаева шырқаған «Әлия» әніне тік тұрып, құрмет көрсетті
Ақтөбеге Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Рымбаева келіп, қала тұрғындарына концерттік кеш сыйлады. Әнші Ақтөбеде «Сахнада – 50 жыл» атты мерейтойлық концертінде өзінің репертуарындағы халыққа кеңінен танымал бірнеше әнін орындады. Ақтөбелік көрермендер өнер иесін зор қошеметпен қарсы алды. Тыңдарман әндерді қосыла шырқады. Әсіресе әнші орындаған әйгілі «Әлия» әні залға жиналған жұрттың жүрегін толқытты.…
-
17 наурыз – Шаңырақ күні
Бұл – Наурыз мейрамы онкүндігінің отбасыға, ұрпақтар сабақтастығына және үй ішіндегі бірлікке арналған күндерінің бірі. Бұл күннің басты нышаны — шаңырақ, яғни киіз үйдің төбесіндегі дөңгелек бөлігі. Қазақ мәдениетінде шаңырақ үйді, әулетті, өмірдің жалғасуын және отбасының ортақ тағдырын білдіреді. Бұл күні отбасылық құндылықтарға ерекше мән беріледі: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, туыстық байланысты нығайту және…
