Санат: Қазақстан
-
Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациясы
2026 жылғы 19 – 23 қазан аралығында Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік аттестация өткізеді. Тексеру білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін бағалауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын анықтауға бағытталған. Осы кезеңде келесі білім беру ұйымы аттестациядан өтеді: · Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау білім бөлімінің «Аяла»…
-
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құқықтық ұстанымдарын түсіндіру және олардың 2026 жылғы 9 айдағы іске асырылу нәтижелері туралы
Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олар заңнама нормаларының конституциялық-құқықтық мағынасын айқындап, оларды дұрыс қолданудың бағдарларын белгілейді. Оларды орындау адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының нақты іске асырылуын қамтамасыз етуге, құқықтық олқылықтарды жоюға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Прокуратура органдары Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын түсіндіру, олардың іске асырылуын бақылау және…
-
Қылмыстық «тандем»: Қарағандыда бөтен велосипедтерді ұрлады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды
Қылмыстық «тандем»: Қарағандыда бөтен велосипедтерді ұрлады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды. Қарағанды қаласында Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері екі дөңгелекті көлік құралдарын ұрлауға қатысты бірқатар қылмыстың бетін ашты. Бар болғаны бес күн ішінде үш қала тұрғыны ұрылардың құрбаны болып, келтірілген жалпы материалдық шығын 300 мың теңгеден асты. Жәбірленушілерден арыздар түскеннен кейін жедел қызметкерлер жедел-іздестіру шараларына кірісті.…
-
Құқықтық көмек, профилактика, қауіпсіздік және жастар тәрбиесі: «Заң мен Тәртіп» қағидаты қоғамның күнделікті өмірінің бір бөлігіне қалай айналуда
Азаматтар күнделікті өмірде кездесетін мәселелер формалды түсіндіруді емес, қолжетімді әрі нақты құқықтық көмекті талап етеді. Бүгінде прокуратураның халықпен өзара іс-қимылының жаңа форматтары дәл осы қағидатқа негізделуде. Еліміздің барлық өңірінде қоғамдық орындарда ұйымдастырылатын «Құқықтық дәріхана» мобильді консультациялық алаңдарының жұмысы жалғасуда. Мұнда азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша прокурорлар мен мемлекеттік органдар өкілдеріне тікелей жүгіне алады. Тағы бір…
-
Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін 25 тәулікке қамалды: Талдықорғандағы түнгі сапар немен аяқталды?
Демалыс күндерінің бірінде таңға жуық Талдықорған қаласының орталығында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 21 жастағы жергілікті тұрғын болған. Тексеру барысында жас жігіттің көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, одан алкогольдің өткір иісі шығып, сөзі түсініксіз болған және агрессивті мінез-құлық танытқан. Полиция қызметкерлері медициналық куәландырудан өтуді ұсынғанымен, жүргізуші одан бас…
-
25 қазан — Республика күні.
25 қазан — еліміздің тарихындағы маңызды дата, мемлекеттіліктің, бірліктің және өркендеуге деген ұмтылыстың символы.Республика күні қарсаңында біз Қазақстанның тарихына, ұлттық құндылықтарына, жетістіктеріне және өз еңбегімен Отанымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетеміз.Еліміз дами берсін, бірлігіміз нығайып, Қазақстан жаңа жетістіктерге нық қадам баса берсін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1314303?lang=ru
-
Ақмола облысында құны 365 млн теңгеден асатын заманауи жастар орталығы салынып жатыр
Ақмола облысы Жақсы ауданының Жақсы ауылында жаңа жастардың бос уақытын ұйымдастыру орталығының құрылысы жалғасуда. Жалпы ауданы 760 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзара қарым-қатынас жасауына, бастамаларын жүзеге асыруына және мәдени-білім беру іс-шараларын өткізуіне арналған көпфункционалды кеңістікке айналмақ. Жобаны іске асыруға 365,2 млн теңге қарастырылған. Құрылысты 2026 жылдың желтоқсан айында аяқтау…
-
Ақмола облысында мал ұрысы, сиыр мен бұзауды атқан күдікті ізі суымай ұсталды
Ерейментау ауданында полицейлер ірі қара малды ұрлады деген күдіктіні ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамнан жануардың еті мен өлекселерінің қалдықтары, сондай-ақ тіркелмеген мылтық табылды.Ұрлық туралы арыз полицияға 19 қазанда түсті. Иесінің айтуынша, бір күн бұрын белгісіз адам далада өзіне тиесілі сиыр мен бұзауды атып өлтірген, содан кейін ол жануарларды ұрлап кеткен.Мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық…
-
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді Жетісу облысының тұрғындары арасында Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімделген дайын құжаттарды үйге немесе көрсетілген мекенжайларға жеткізу қызметі танымал бола бастады. Бүгінде дайын құжаттарды жеткізу сервисі 18 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді және бұл тізім кезең-кезеңімен кеңейтілуде. Олардың қатарында жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер учаскелеріне…
-
Қазақстанда 60 мыңнан астам адам экологиялық волонтерлікке жұмылдырылған
Қазақстанда 60 мыңнан астам адам экологиялық волонтерлікке жұмылдырылған Қазақстанда экологиялық волонтерлік қарқынды дамып келеді. 2024 жылы бұл бағыттағы жұмыстарға 40 мыңнан астам адам қатысса, 2025 жылы олардың саны 60 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 2025 жылдан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында…
-
Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысып жатыр
Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысып жатыр Астанада «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының барысына арналған кеңес өтті. Жиында марафонның аралық нәтижелері мен кітап оқуды кеңінен насихаттау бойынша алдағы шаралар талқыланды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Марафон ҚР Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы»…
-
«Тауарларды декларациялау кезінде кедендік бақылау шараларын қолдану тәртібі және тауарларды шығарудың белгіленген мерзімдерін сақтау» тақырыбындағы дөңгелек үстел
_____2026 жылғы 20 қазанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы дөңгелек үстел өткізілді. _____Отырыс барысында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылдың, сондай-ақ заңнамада белгіленген тауарларды шығару мерзімдерін сақтаудың өзекті мәселелері қаралды. Негізгі назар тауарларды декларациялау кезіндегі кедендік бақылау кезеңдеріне, кедендік декларацияда мәлімделген…
-
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі Алматы қаласы бойынша «Еркіндік Рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесімен бірлесіп, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өкілдігі ұйымдастырған Халықаралық қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік оқыту бағдарламасына (IPLP) қатысты.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі Алматы қаласы бойынша «Еркіндік Рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесімен бірлесіп, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өкілдігі ұйымдастырған Халықаралық қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік оқыту бағдарламасына (IPLP) қатысты.Іс-шара аясында қатысушылар босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттар мен қағидаттарды, баспана беру рәсімдеріне қол…
-
Объектілер мен субъектілердің назарына! Абайлаңыз алаяқтар!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мессенджерлерде (whatsApp, telegram және т.б.) қызметкерлер мен басшылық атынан жалған аккаунттар құрып, жалған ақпарат жіберетін алаяқтардың жиілеп кеткені туралы ескертеді. Алаяқтар қоғамдық тамақтану орындарына, денсаулық сақтау объектілеріне және т.б. кәсіпкерлерге хабарласып, тексеру жүргізетінін айтып қорқытып, мәселені шешу үшін ақша талап еткен жағдайлар кездесуде. Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының…
-
Қостанайда жер асты жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылуда
Бүгін «Второй подъём» ауданындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде жөндеу жұмыстарының аяқталу барысы тексерілді. Қазіргі уақытта өткелдің қаптамасы жаңартылып, брусчатка төселуде, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылуда. Сонымен қатар қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Қостанай қаласында үш жерасты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Былтыр Қайырбеков көшесіндегі № 9 мектептің жанында орналасқан өткел күрделі жөндеуден өтті. Ал…
