Санат: Қазақстан
-
#тазақазақстан🇰🇿 #
Жданов ауылдық округінің аумағында қоғамдық жұмысшылар тарапынан тұрақты негізде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарды жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, еңбек етушілердің еңбегін құрметтеуге және тазалықты сақтауға шақырамыз. Елді мекен аумағын ластамауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, үй маңындағы аумақтарды уақытылы тазалап, таза күйде ұстау қажеттігін еске саламыз. Абаттандыру қағидаларын бұзу және аумақты ластау фактілері үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық…
-
Алматының Алмалы ауданында күн сайынғы тазалық жұмыстарына 1000-нан астам адам жұмылдырылған
Алматы қаласының Алмалы ауданында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды. Бұл туралы аудан әкімі Арман Шәмшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Негізгі бағыттар — тазалықты сақтау, жайлы қалалық ортаны дамыту, көгалдандыру және тұрғындардың қатысуымен жобаларды іске асыру болды. «Әкімдік жұмысының негізі — аулаларымыздың, көшелеріміздің және саябақтарымыздың тазалығы. Біз қаланың күн сайын…
-
Халықаралық арнайы операция: ҚР ІІМ Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерге қарсы әрекет еткен алаяқтардың call-орталықтар желісін жойды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясының Қылмыстық іздестіру департаменті мен екі елдің Бас прокуратураларымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция нәтижесінде Украина аумағында әрекет еткен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың call-орталықтарының қызметі тоқтатылды. 31 наурызда Днепр қаласында жүйелі түрде Қазақстан, Украина және Еуропалық одақ елдерінің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған үш call-орталықтың…
-
«Таза Қазақстан»: жас футболшылар Қазақстан мен Комор аралдары матчында экоакция өткізді
Елордадағы «Астана Арена» стадионында FIFA Series халықаралық турнирі аясында Қазақстан мен Комор аралдары құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті. Ойын барысында жанкүйерлер экологиялық акцияға қатысты. Матч көрермендерінің арасында №8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері ерекше көзге түсті. Жас футболшылар тек ұлттық құраманы қолдап қана қоймай, жалпыұлттық экологиялық бастамаға өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында олар…
-
Наурыз мейрамына орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
17 наурыз – Шаңырақ күніне арналған «Ақ бата» мәдени-рухани конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты – қазақтың асыл мұрасы саналатын бата беру дәстүрін кеңінен насихаттау, оны рухани тәрбие құралы, тіл мәдениетінің үлгісі әрі қоғамдағы ізгі ниет пен бірліктің символы ретінде қоғамға қайта орнықтыру. Конкурсқа қатысушылар қазақтың тағылымға толы баталарын айтып, сөз өнері мен ұлттық дәстүрге деген құрметін…
-
Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды
Орал қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз қару сату дерегінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 25 жастағы азамат ұсталды. Ол қаруды сату кезінде қолға түсті. Анықталғандай, күдікті пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген. Тәркілеу кезінде қарудың 5,6 мм…
-
Елорданың Индустриялық паркінде орналасқан «Kazecotech» ғылыми-техникалық кәсіпорны қауіпті материалдарды қауіпсіз өңдеумен айналысады
Елорданың Индустриялық паркінде орналасқан «Kazecotech» ғылыми-техникалық кәсіпорны аккумуляторлар, офис техникасы мен резеңке бұйымдарды, сондай-ақ лампалар және басқа да қауіпті материалдарды қауіпсіз өңдеумен айналысады. Соңғы 5 жылда 4 миллионнан астам ескі лампаны қайта қалпына келтірген. Бүгінде Экология министрлігінің қолдауымен және «Жасыл Даму» компаниясының көмегімен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өндірісте қолданатын технологиялары да заманауи стандартқа сай. https://www.instagram.com/p/DWjEu7CDHDD/…
-
Қазақстандық AKASHI дата-орталығы әлемдегі ең сенімді дата-орталықтардың бірі мәртебесін растады
Қазақстандық AKASHI дата-орталығы саладағы ең беделді ұйымдардың бірі — Uptime Institute тарапынан Tier IV сертификатын алды. Бұл сертификат нысанның халықаралық стандарттарға сай екенін және инфрақұрылымының ең жоғары сенімділік деңгейіне ие екенін растайды. Осылайша, Қазақстан цифрлық маңызды жүйелер үшін жоғары деңгейлі сенімді инфрақұрылымы бар әлемнің жиырма елі қатарына енді. Tier IV деңгейі — халықаралық жіктеудегі ең…
-
«Тіл тазалығы – ой тазалығы»: Астанада мемлекеттік тілге деген жауапкершілікті арттыруға арналған дәріс өтті
Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» орталығында «Тіл тазалығы – ой тазалығы» тақырыбында ашық сабақ өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараның негізгі мақсаты – ана тілінің тазалығын сақтау, сауатты сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және қоғамда мемлекеттік тілге деген жауапкершілікті арттыру. Ашық сабақты Руханият орталығының оқытушысы Айжан Құдайбергенқызы…
-
Отан игілігі үшін қызмет ету
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің құрамында полиция әулетінің өкілі болып табылатын офицер қызмет атқарады. Оның отбасы енді бір ұрпақ емес, құқық қорғау органдарымен байланысты, сондықтан ол үшін Мамандық таңдау кездейсоқтық емес, отбасылық дәстүр мен абыройлы істің жалғасы болды. Ол атасы мен әкесінің үлгісіне сүйене отырып, өз өмірін полиция қызметімен байланыстыру туралы шешім…
-
Ербол Қарашөкеев су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев төрағалық еткен кеңесте 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. Жалпы облыс аумағындағы 42 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. Сонымен қатар елді мекендер мен шаруашылық нысандарына қауіп төндіруі мүмкін 12 су қоймасы бар. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекзат Қамбаров қазіргі таңда елді мекендерде…
-
Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету және Алматы қаласының жергілікті бюджетіне түсетін түсімдердің қосымша резервтерін іздеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша кеңес өткізілді
Алматы қаласының әкімі Д. А. Сатыбалды төрағалығымен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департамент басшысы С.С. Оразбековтың және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету және Алматы қаласының жергілікті бюджетіне түсетін түсімдердің қосымша резервтерін іздеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша кеңес өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1192129?lang=kk
-
Xinjiang Spring Tourism Expo 2026: қытайлық туристер үшін Астанаға турлар ұйымдастырылады
Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында VII халықаралық туристік көрме – Xinjiang Spring Tourism Expo 2026 өтті. Ауқымды шараға «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдерден, сондай-ақ әлемнің өзге де аймақтарынан 600-ден астам туристік ұйым жиналды. Көрмеге «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы да қатысты. Xinjiang Spring Tourism Expo 2026 туризм саласындағы халықаралық байланысты нығайтудың маңызды…
-
Қазақстан Республикасының ат спорты (конкур) бойынша чемпионаты Астанада аяқталды
2026 жылғы 27–29 наурыз аралығында Астана қаласындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде ат спортының конкур түрі (кедергілерден өту) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионат республикалық деңгейдегі маңызды спорттық іс-шаралардың бірі болып табылады және ат спортының дамуы мен насихатталуына, шабандоздардың спорттық шеберлігін арттыруға, сондай-ақ елдің үздік спортшыларын анықтауға бағытталған. Жарыс бағдарламасына Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI)…
-
САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА ОКРУГІНДЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын күшейтуді, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуді және жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда, Дарбаза ауылдық округіне қарасты Тасқұдық ауылы елді мекенінде табиғи газбен қамту…
