Санат: Қазақстан
-
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендер мен қоғамдық орындарды абаттандыруға үлес қосу, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, үйлер мен аулалардың маңайын, көшелерді және ортақ пайдаланылатын аумақтарды таза ұстау, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамау, қоғамдық орындарды ластауға жол бермеу қажеттігін түсіндіруде.…
-
ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Әсел Қанай Айчи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кумитэ бәсекесінің финалында қазақстандық спортшы Қытай өкілі Гун Лиге жол берді. Гун Ли – әлемдік каратэнің ең титулды спортшыларының бірі. Ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Ханчжоудағы…
-
Қарағанды облысында 26 қыркүйекте онкологтар әйелдерге тегін кеңес береді
Қазақстанда әйелдер денсаулығы туралы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған онкүндік өтіп жатыр. 26 қыркүйекте еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында бірыңғай ашық есік күні ұйымдастырылады. Қарағанды облысының тұрғындары да медициналық көмек пен мамандардың кеңесін тегін ала алады. Қарағанды қаласында онкологтар әйелдерді №3 көпбейінді ауруханада, Аманжолов көшесі, 189 мекенжайында қабылдайды. Қабылдау уақыты: 09:00-ден 13:00-ге дейін. Бұл күні әйелдер: — онкологтың…
-
Қазақстан мен «БҰҰ-Әйелдер» ұйымы әйелдердің жұмыспен қамтылуы және әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Белен Санс Лукемен кездесу өтті. Кездесуді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев өткізді. Кездесуде әйелдерді жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, гендерлік теңдік, сондай-ақ күтім көрсету жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан отбасы және гендерлік саясат, әлеуметтік қорғау,…
-
2026 жылғы 19 қыркүйекте Қашар кентінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы ашылды!
2026 жылғы 19 қыркүйекте Қашар кентінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы ашылды!Қашар кентінің сауда орталығы аумағында осы маусымдағы алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Қостанай, Рудный қалаларынан және Қостанай облысының басқа да аудандарынан кәсіпкерлер қатысты.Кент тұрғындарына өнімдердің кең ассортименті ұсынылды: еттің әртүрлі түрлері, шұжық өнімдері, сары май, ірімшік және бал.Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпкерлерге және қызығушылық танытып, белсенді…
-
Зорлық-зомбылық – адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, қоғамға зор қауіп төндіретін әрекет. Әрбір азамат қауіпсіз орта қалыптастыруға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға үлес қосуы тиіс. ⚠️ Есіңізде болсын! Зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Құрмет пен жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның негізі. Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Зорлық-зомбылық – адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, қоғамға зор қауіп төндіретін әрекет. Әрбір азамат қауіпсіз орта қалыптастыруға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға үлес қосуы тиіс.⚠️ Есіңізде болсын! Зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Құрмет пен жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның негізі. Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil-saralzhyn/press/news/details/1297329?lang=ru
-
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМДІК МЭРЛЕР ДИАЛОГЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
Қытай Халық Республикасының Ухань қаласында «Әкімдердің дүниежүзілік диалогы – Ухань» және Уханьның 2026 жылғы бауырлас қалалар ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Халықаралық жиынға бес құрлықтан 22 елдің 24 қаласының әкімдері, 80-нен астам ресми өкілдері қатысуда. Олардың қатарында Ұлыбританияның Манчестер қаласының лорд-мэрі, Финляндияның Кеми қалалық кеңесінің төрағасы Микко Койвулехто, Кейптаун қаласының қала менеджері, Мьянманың Янгон…
-
Қазақстандықтар жыл басынан бері бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді
Сәбидің дүниеге келуі – кез-келген отбасы үшін зор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген. Бұл ретте қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі болғандықтан,…
-
№15 гимназиясында сейсмикалық оқу-жаттығу өтті
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері №15 гимназияның оқушылары мен педагогтерімен бірлесіп, сейсмикалық оқу-жаттығу өткізді. Іс-шара барысында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ғимараттан ұйымдасқан түрде эвакуациялау тәртібі пысықталды. Қатысушылар белгіленген қауіпсіз алаңға шығарылды. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптары, 101 нөміріне хабарласу және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі түсіндірілді. Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат көзі…
-
Тағайындау
Арал қаласының әкімі Жанаев Ренат Қуанғанұлының 2026 жылғы 22 қыркүйектегі 194-ө/жқ санды өкімімен Нақылов Ержан Нақылұлы Арал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Нақылов Ержан Нақылұлы 1988 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетін «құқықтану», 2015 жылы Болашақ университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы…
-
«БОЛАШАҚ ЗАҢГЕР» — ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА
Бүгін Малыбай орта мектебінің базасында «Болашақ заңгер» клубының кезекті отырысы ұйымдастырылды. Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру аясында өткізіліп, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға және жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды. Кездесу барысында клуб мүшелері құқықтық тақырыптар бойынша өз білімдерін толықтырып, түрлі жағдаяттарды талқылады. Қатысушылардың сыни ойлау, өз пікірін еркін жеткізу,…
-
Абай облысының прокуроры IT-технологияларды дамыту жөніндегі өңірлік алаңға барды
Абай облысының прокуроры Нұрсұлтан Рақышев IT-технологияларды дамыту жөніндегі өңірлік алаң — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub қолдауымен Alikhan Bokeikhan University базасында құрылған Abay IT-Valley технопаркіне барды. Сапар барысында облыс прокуроры технопарктің қызметімен, оның негізгі жұмыс бағыттарымен, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан білім беру және технологиялық жобалармен танысты. Abay IT-Valley өкілдері жастардың IT-құзыреттерін дамытуға,…
-
Шалқарда әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Шалқар қаласындағы әлеуметтік нысандар – 150 балаға арналған өнер мектебі мен Шалқар аудандық ауруханасының стационарына жапсарлас салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылыс барысын бағамдады. Шалқар қаласындағы жаңа өнер мектебі «Қазақстан темір жолы» компаниясының қолдауымен бой көтеруде. Жобаның жалпы құны 1,71 млрд теңге. Аумағы 2109 шаршы метр құрайтын нысан 150 балаға шақталған.…
-
Ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды
Бүгін аудан әкімдігінде кезекті Үкімет отырысында көтерілген мәселелер бойынша мәжіліс өткізілді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол қауіпсіздігі, инфрақұрылым сапасы және тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев төрағалық етті. Алдымен Арал қаласында жаңадан ашылған «Арал теңізі» теміржол вокзалының құрылысына белсене атсалысқан азаматтардың еңбегін ерекше атап өтіп, вокзал директоры Ж.Мәмбеталиевке…
-
Түркістан көшелеріндегі LED экрандарда қазақ тарихында айрықша із қалдырған ұлы тұлғалардың өмірі мен өнегесін дәріптейтін ақпараттық материалдар көрсетілуде
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1297322?lang=kk
