Санат: Қазақстан
-
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, жат діни ағымдардың зияны және жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерімен алмасып, профилактикалық жұмыстарды жандандыру бойынша ұсыныстар айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-ekiasha/press/news/details/1225703?lang=ru
-
Ақтау қаласында 2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған жиын өтті
Ақтау қаласында 2025-2026 оқу жылының қорытындысы және мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тәртібі мен оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кездесу барысында жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін сақтау және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар қаралды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жазғы лагерьлердің жұмысын үйлестіру, балалардың жол-көлік,…
-
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мәдениет пен өнер – ұлт руханиятының алтын қазығы. Сіздер осы маңызды салада аянбай еңбек етіп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, қаламыздың мәдени өмірінің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Орал қаласының рухани тынысын байытып, өнер арқылы көпшілікке тағылым мен тәрбиенің үлгісін көрсетіп жүрген еңбектеріңіз әрдайым құрметке…
-
«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру 2026 жылғы 1 маусымнан 29 маусымға дейін «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» КММ қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі: 1) «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев…
-
Бүгін Астрахан аудандық мәслихатының кезекті 52-ші сессиясы өтті
Бүгін Астрахан аудандық мәслихатының кезекті 52–ші сессиясы өтті, оның барысында Астрахан ауданының әкімі Т.А. Ерсейітов, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Асхат Базарбайұлы Каркенов қатысып, ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының маңызды мәселелері қаралды. Депутаттар аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекітті. Талқылау барысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, бюджеттің атқарылу көрсеткіштері мен мәслихат шешімдері қаралды. Сондай-ақ сессия шеңберінде…
-
Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау…
-
Эбола қызбасы: белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары
Эбола қызбасы — ауыр ағыммен өтетін әрі өлім-жітім деңгейі жоғары аса қауіпті вирустық жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы — Эбола вирусы. Ол геморрагиялық қызбаны туындатып, ішкі және сыртқы қан кетулермен асқынуы мүмкін. Аталған дерт алғаш рет 1976 жылы Судан мен Конго Демократиялық Республикасында тіркелген. Вирус атауы індет алғаш анықталған аумаққа жақын орналасқан Эбола өзенінің құрметіне берілген.…
-
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
Орал қаласы бойынша төмендегі мекенжайларда сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз: 23 мамыр күні – Ықсанов көшесі бойында; 24 мамыр күні – Зачаган кенті, Жәңгір хан көшесі, 52Б, Жәңгір хан СҮ алаңы . *Ескерту: күннің ыссылығына байланысты ет өнімдерін (балық, тауық, өзге де ет өнімдері) сатуға рұқсат берілмейді!* Ниет білдіруші кәсіпкерлер мен…
-
көшеттер отырғызу
2026 жылы 24-25 сәуірде Комсомол көшесі бойында 65 дана қарағай және 25 қайын көшеттері отырғызылды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-tagil/press/news/details/1225691?lang=ru
-
Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «PetroKazakhstan Inc» компаниясының президенті Чэнь Даюмен кездесті. Кездесуде өңірдегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы және алдағы бірлескен жоспарлар талқыланды.Аймақ басшысы компанияның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесіне тоқталды. Әсіресе, жұмыс орындарын сақтау, өндіріс үдерістеріне заманауи технологияларды енгізу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды бағыттардың қатарында.Кездесуде Оңтүстік Торғай бассейніндегі кен орындарының қазіргі…
-
Мерейлі отбасы
Құрметті Приозерск қаласының тұрғындары! Сіздерді «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне қатысуға шақырамыз! 👨👩👧👦✨ Бұл — отбасыңыздың өнегесін танытып, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарды жеңіп алуға керемет мүмкіндік! 🎁 🏅 1 орын иегерлері облыстық кезеңге тегін жолдама алады! Конкурс ережесімен танысу және толық ақпарат алу үшін WhatsApp нөміріне жазыңыздар: 📲 +7 747 358 8968…
-
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдауында 2025 жыл және 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Павлодар облысының дамуы туралы баяндадым.
Өңірде негізгі салалар тұрақты өсімге ие. 1,3 трлн теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіп өндірісі 4,1 трлн теңгеге, ауыл шаруашылығы өнімі 571,4 млрд теңгеге жетті. Әлеуметтік міндеттемелер кезең-кезеңімен орындалуда. 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, 7 мектеп, 30 медициналық нысан салынды, 621 км жол жөнделді. Ауылдар толықтай таза ауыз суға қол жеткізді. 3 қалада қоғамдық көлік 100%…
-
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент, ең алдымен, салтанатты іс-шараға қатысушыларды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады. – Бұл – еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке. Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысы мен рухани дербестігінің арқауы екенін бәріміз жақсы білеміз. Мәдени және рухани дүниесін сақтай білген елдің мәртебесі биік, мерейі үстем болары айқын. Сіздер осы игі мақсат жолында табанды жұмыс істеп келесіздер.…
-
Су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Суға түсуге тыйым салынған аумақтарда тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, арнайы ескерту белгілерінің маңызы айтылды. Азаматтарға рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу керектігі ескертілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-ekiasha/press/news/details/1225692?lang=ru
-
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасында кеңес өткізді.
Кеңесте Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №7 «Қазақстан Республикасында 14–17 жас аралығындағы (қоса алғанда) қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы» қаулысы талқыланды. Іс-шараны Департамент басшысының орынбасары Куркинбаева Гүлнар Өтебайқызы ашып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияның маңыздылығына тоқталып, жатыр мойны обырының алдын…
