Санат: Қазақстан
-
ҚР ІІМ: Киевте есірткі бизнесі үшін есірткі жасырушыларды тартумен айналысқан call-орталықтардың желісі жойылды
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп, халықаралық қылмыстық топтардың call-орталықтарын жою бойынша арнайы операция өткізді. – 28 мамырда Киев қаласында Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық ұйымға тиесілі call-орталықтардың қызметі тоқтатылды. Тергеу барысында бұл орталықтардың адамдарды есірткі бизнесіне тарту үшін…
-
Мемлекет есебінен жоғары технологиялы медициналық көмек
Мемлекет азаматтарды қымбат әрі жоғары технологиялы медициналық көмекпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қазақстандықтар табыс деңгейіне қарамастан заманауи диагностика, емдеу әдістері және күрделі хирургиялық операцияларға қол жеткізуде. Ауыр туа біткен аурулары мен патологиялары бар балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл…
-
1 МАУСЫМ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Әрбір баланың балалық шағы бақытқа, шаттыққа, қамқорлық пен мейірімге толы болсын. Бүлдіршіндеріміздің жүзінен күлкі кетпей, армандары асқақтап, дендері сау, білімді әрі бақытты болып өссін. Балаларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық – жарқын болашаққа бастар ең маңызды қадам. Сондықтан әр бала өзін қауіпсіз сезініп, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік алуы тиіс. Барша бүлдіршіндерді және олардың ата-аналарын мерекемен құттықтаймыз!…
-
Құқықтық марафон акциясында Департамент қызметкері 1 орынға ие болды.
📌 Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері 2026 жылғы құқықтық марафон акциясына қатысты. Іс-шара барысында ерлер 10 шақырым, ал әйелдер 5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Сонымен қатар, Департамент бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі А.М. Шүленов велошеруге қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облысының мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында №40 мекемесінің бақылаушысы Асылжан Манаев жоғары…
-
Ашық есік күні
2026 жылғы 5 маусымда Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің алаңында Облыстың мемлекеттік органдары, әлеуметтік сақтандыру қоры, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, өмірді сақтандыру компаниялары, “Отбасы-банк”өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті. Павлодар облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментін Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру бөлімінің басшысы Е. В. Губарев ұсынды. 60-тан астам қатысушы ұйымдардың өкілдеріне…
-
Облыс әкімі Ақсуатта шетелдік инвесторлармен кездесті
Ақсуат ауданында өтіп жатқан «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі аясында аймақ басшысы Берік Уәли Қытайдың Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Шэньчжэнь қалаларынан келген ірі кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге Азиядағы жетекші бизнес мектептердің бірі саналатын Цинхуа университеті бизнес мектебінің түлектерінен құралған делегация, сондай-ақ, кәсіпкер Дулат Тастекеев, облыстың тиісті басқарма басшылары қатысты. Қонақтар өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысып,…
-
Аралдың туристік әлеуетін және жол инфрақұрылымын дамытудың маңызды жобалары таныстырылды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Арал ауданындағы жұмыс сапары кезінде Қамыстыбас ауылдық округіне барып, ондағы «Аққұмшық» жағажайының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Өңірдегі туризмді дамытуда ерекше маңызға ие демалыс аймағы «Арал геопаркі» жобасына енгізілген. Соның нәтижесінде өткен жылы бұл аймаққа 100 мыңға жуық адам қызығушылық танытып келген. Аумағы екі гектар…
-
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және қоғам қайраткері К.С.Идиятовты еске алуға арналған байдарка және каноэ есуден қалааралық турнир өз бастауын алды!
Орал қаласында өтіп жатқан дүбірлі додаға Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан республикалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысуда. Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Турнир нәтижелері алда жарияланады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1236077?lang=ru
-
Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтті
Ұлттық спортты, өнерді, білім мен руханиятты тоғыстырған ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар, өнерпаздар мен қонақтар жиналды. Фестивальдің ашылу салтанатында облыс әкімі Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңызына тоқталды. «Қойнауы құтқа толған, баурайы жұртқа толған Тарбағатайдың еңісін жайлаған Ақсуат жері – халқымыздың тарихы мен тағдырында айрықша орны бар қасиетті мекен. Елдің сөзін сөйлеп, ұлт руханиятын…
-
60 секундтық қауіпсіздік: Судағы жүріс-тұрыс қағидалары
ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады: – балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің бақылауынсыз шомылуына жол бермеңіз; – бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері қойылған жерлерде шомылмаңыз; – мас күйде суға түспеңіз; –…
-
БҚО-да «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы басталады
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы бастау алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы, облыс әкімдігі жанындағы бала құқығын қорғау комиссиясы төрағасының орынбасары Афиза Болатқызы мәлімдеді. Спикердің айтуынша, жазғы демалыс кезеңінде өңір бойынша 126…
-
«Арал теңізі» теміржол вокзалы жолаушылар үшін жайлы нысанға айналады
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Арал қаласында салынып жатқан жаңа теміржол вокзалының құрылыс алаңына барды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңғыртудан өтіп жатқан еліміздегі 124 вокзалдың қатарында Қызылорда облысының барлық аудан орталықтарындағы және Төретам, Сексеуіл станцияларындағы вокзалдар, Жаңақорған ауданындағы Талап бекетінің платформасы бар. Былтыр сол кезде аймақты басқарған Нұрлыбек Машбекұлы бұл…
-
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді Орал қаласының әкімі Мұрат Байменовтің халықпен кездесуіне шақырамыз. Желаев ауылы, Жеңіс саябағы 2 маусым Сағат 17:00 Кездесу барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланып, сұрақтарға жауап беріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1236081?lang=ru
-
«Қазақстан – ортақ үйіміз»: Талдықорғанда балаларға арналған патриоттық-шығармашылық акция өтті
Талдықорған қаласында балалардың қатысуымен «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты патриоттық-шығармашылық акция ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру және патриоттық құндылықтарды дәріптеу болды. Акция аясында арнайы дайындалған баннерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Қазақстан картасының бейнесі орналастырылды. Балалар түрлі-түсті бояуларды…
-
Оралда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 90 оқушыға 120 мың теңгелік қаржылай сертификат табысталды.
Тұңғыш Президент алаңында өткен мерекелік шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, халықаралық және республикалық білім додаларында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттады. Шара барысында жас дарындардың ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстары таныстырылды. Аймақ басшысы балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1236086?lang=ru
