Санат: Қазақстан
-
Жамбыл облысында прокурорлар 100 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражаттың жымқырылу фактісін анықтады
Меркі ауданының прокуратурасымен аудандық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізілген. Талдау нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды. Атап айтқанда, бөлім Мынқазан ауылындағы тұрғын үй массиві үшін электр желілерін салу құрылысы бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға мердігер ұйымға қаражат аударған. Аталған факті бойынша 2026 жылғы…
-
Баспасөз релизі «Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails, https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomika-glavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm) зиянкестер iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда. Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер,…
-
Біржан сал ауданының прокуратурасы мектеп оқушыларына арналған құқықтық іс-шара өткізді
Біржан сал ауданының прокуратурасы төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, Степняк қаласындағы №1 және №2 жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушыларымен «Прокурор сағаты» акциясын өткізді. Іс-шара барысында прокуратура және төтенше жағдайлар бөлімі өкілдері өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі мінез-құлық қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылар үшін төтенше…
-
Білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшуде
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы білім беру ұйымдарының кітапханалық қызметін жаңғырту, оқырман мәдениетін дамыту және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту мақсатында бірқатар заманауи ақпараттық жүйелерді әзірлеп, қолданысқа енгізуде. Бұл цифрлық платформалар кітапхана қорын тиімді басқаруға, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге, электронды ресурстарды кеңінен пайдалануға және білім беру үдерісін қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, жүйелер білім алушылардың оқу…
-
«Шәкәрім оқулары – 2026» бас жүлде иегері
2026 жылғы 21 сәуір күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен IV «Шәкәрім оқулары» байқауында Бәйшегір ауылдық округі Алмалы ауылының кітапханасының оқырманы Жасбатыр Жанәділ Сәрсенұлы Бас жүлде иегері атанды.Жас оқырманымызды жүлделі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!Білім мен өнер жолындағы талпынысың әрдайым биік белестерге жетелесін. Шығармашылық шабыт, сарқылмас жігер,…
-
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті
2026 жылғы 10 сәуір күні Қарауылкелді ауылында аудан әкімі А. Купеновтың төрағалығымен аудандық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. 🔹Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңінде табиғи өрттердің алдын алу және суға шомылу маусымына дайындық барысы талқыланды. Сонымен қатар қысқы және су тасқыны кезеңдерінің қорытындылары…
-
Қоянды мектеп-лицейі: технология мен тарих тоғысқан білім ордасы
Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы мектеп-лицейінде оқу үдерісі әлдеқашан дәстүрлі сабақ шеңберінен шығып кеткен. Мұнда оқушылар тек білім алып қана қоймай, болашақ технологияларын жасап, сонымен қатар тарихи мұраны да ұқыптылықпен сақтауда. Жасанды интеллект, робототехника және жобалық қызмет сияқты заманауи бағыттар білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған. Оқушылар күнделікті өмірде қолдануға болатын нақты жобалармен айналысады. Жарқын үлгілерінің…
-
Бостандық ауданында санитарлық тазалау және қалалық инфрақұрылымды күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда
Алматы қаласының Бостандық ауданында көшелерді, жол желісін, жасыл аймақтарды және қоғамдық инфрақұрылым нысандарын санитарлық тазалау мен күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстар күн сайын жүргізілуде. Аталған шаралар бекітілген кестеге сәйкес мердігер ұйымдар тарапынан атқарылуда. Бүгінгі таңда КГП «Алматы Тазалық» мердігер ұйымының күшімен 6 көлік айрығында және 12 магистральдық көшеде жол жабынын тазалау жұмыстары орындалуда. Сонымен қатар…
-
КҮН САНЫ 7403
Қазақстанда 7403 мектеп кітапханашысы бар, оның ішінде қалада – 3 058, ауылда – 4 345 кітапханашы жұмыс жасайды. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларын жаңғырту және оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде. Мектеп кітапханаларындағы негізгі кітап қоры 142 млн-нан асады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1205927?lang=kk
-
«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс хабарламасы.
Ұйымдастырушы: «Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орналасқанжері: Жаңақорғанкент, МанапКөкеновкөшесі №35 Байланыс телефоны: 8 (72435) 22-6-05,pos-akim@inbox.ru Мекемебасшысы: БейсенбековЖасұланАсанұлы–«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, кент әкімі Өтінімдердіқабылдаумекенжайы: Индекс 120300, ҚазақстанРеспубликасы, Қызылордаоблысы, Жаңақорғанауданы, Жаңақорғанкенті, МанапКөкеновкөшесі №35 Өтінімдердіберумерзімі: 2026жылғы «22» сәуірден 2026жылғы «15» мамырғадейін Жұмыскестесі: дүйсенбі-жұма 9: 00-ден 19.00-ге дейін, түскіүзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін Өтінімдердіберудіңбасталукүні: 2026жылғы…
-
Астанада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 22 сәуірден бастап Абай даңғылының Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықта жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз…
-
«Таза Қазақстан»: Астанада балабақша бүлдіршіндеріне арнап ерекше іс-шара ұйымдастырылды
Астана қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен №79 «Шабыт» балабақшасында балаларға арналған ерекше танымдық-ойын форматындағы «Экокуест: алтын қазына іздеу» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара барысында балалар балабақша аумағында жасырылған «алтын қазынаны» табу үшін түрлі экологиялық бағыттағы логикалық тапсырмаларды орындап, жұмбақтарды шешті. Әрбір тапсырма балалардың…
-
Балкашино ауылының БЖШО тәрбиеленушісінің жетістігі
Балкашино ауылының БЖШО тәрбиеленушісі Колодкина Татьяна «BURABAI FIESTA II» халықаралық байқауында І- орынды жеңіп алды.Бұл жеңіс — тынымсыз еңбектің, табиғи таланттың және зор шабыттың жемісі. Татьяна «Көркем сөз» аталымында өнер көрсетіп, «Громче тишины» монологын терең сезіммен, жоғары деңгейде орындап шықты.Жас өнерпазды тәрбиелеп, кәсіби шеберлік танытқаны үшін ұстазы Ирина Климкоға шынайы алғысымызды білдіреміз.Жеңістеріңіз құтты болсын! Шығармашылық…
-
Ұлттық жоба аясында Қазақстанда электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға төмендеді
Энергетика министрлігі «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында электр желісі инфрақұрылымын жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.2025 жылы 17 мың км электр беру желілеріне және 420 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл желілердің тозу деңгейін 66%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға, яғни 3140 технологиялық бұзушылыққа азайды, деп хабарлайды ведомствоның…
-
ІІМ: Автомектептердегі олқылықтар әшкереленіп, оқу топтары жабылды
ІІМ-нің аумақтық бөлімшелері автомектептердің қызметін тексерді. Қазіргі уақытта 727 автомектеп жүргізушілерді даярлайды. Тексеру барысында автодромдарда жол белгілері, жол таңбалары мен жарықтандырудың жеткіліксіз екені, сондай-ақ кейбір көлік құралдарының ақауы бар екені анықталды. Осы кемшіліктерді жою үшін 20 ұйғарым берілді. Сонымен қатар жүргізушілерді даярлау үшін міндетті техникалық тексеруден өтпеген…
