Санат: Қазақстан
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті
Израиль Президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді.…
-
2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 10: 00-де «Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» КММ-де (Мекенжайы: Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 6, екінші қабат) «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Бөлім басшысы Рүстем Жанатұлы Дүйсембеков баяндама жасайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-osh/press/news/details/1184621?lang=kk
-
Инвентаризация
Со 2 марта 2026 года в Казахстане проводится обязательная инвентаризация очередников на жилье через “Отбасы банк”, распределение квартир и льготных займов (2-5%) происходит только после прохождения инвентаризации. Процедура обязательна для участия в распределении жилья, она проверяет актуальность данных, состав семьи и наличие недвижимости. Пройти проверку нужно на портале “Центр обеспечения жильем” https://orken.otbasybank.kz, подписав согласие на обработку данных. Цель инвентаризации…
-
«ECO KERUEN»: Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында экологиялық акция ұйымдастырылды
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан «ECO KERUEN» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара адам көп жиналатын орындарда өткізіліп, жастар мен өңір тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Акция Талдықорған қаласында бастау алды. Арнайы безендірілген эко-керуен қаланың негізгі көшелерімен өтіп, тұрғындардың назарын табиғатты қорғау және қалдықтарды…
-
Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды
Бүгін Наурызнама онкүндігіне орай Шаңырақ күні аясында Талдықорғанда 40 –тан астам тұрғын үйлі болды. Оларға жаңа пәтер кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы кілт тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты міндеттердің бірі екенін атап өтті: – Президенттің бастамасымен қабылданған жаңа Конституцияның негізгі…
-
Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді
Аудан әкімі Жалғас Мұртаза “Amanat” партиясының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері тыңдалып, нақты ұсыныстар мен өтініштер қаралды. Қабылдауға келген Көктөбе ауылының тұрғыны қардың көп түсуіне байланысты үйінің төбесі құлағанын айтып, көмек сұрады. Ал Нұрлыкент ауылының тұрғыны жұмыспен қамту мәселесін көтерді. Сонымен қатар, Т.Дүйсебай ауылы бойынша ауылдық паркке қатысты ұсыныстар айтылды. Жетітөбе…
-
Бүгін аудан әкімдігі аппаратының кіші мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес өтіп, онда маңызды екі мәселе қаралды.
Алғашқы мәселе – ауданда халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту шараларының орындалу барысы болды. Осы бағытта аудандық «Мансап» орталығы филиалының директоры Нұрбол Құрмашев кең көлемде баяндама жасап, өңір тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған жұмыстардың жүзеге асырылуы мен салалық бағдарламалар аясындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Екінші мәселе – Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне дайындық барысы. Аталған тақырып бойынша…
-
«Алтын әже»: Астанада салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтар дәріптелген байқау өтті
Астанада Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында республика көлеміндегі «Алтын әже» конкурсы өтті. Бұл шара елдің түкпір-түкпірінен жиналған талантты әжелердің басын қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Конкурс Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылып, рухани, мәдени және отбасылық құндылықтарға арналған нағыз мерекелік іс-шара болып өтті. Оның басты мақсаты – ұлттық болмысты ғасырлар бойы қалыптастырған…
-
Ұлттық киім күні кең көлемде аталып өтілуде
Бүгін Наурызнама онкүндігінің бесінші күні – Ұлттық киім күніне орай орталық алаңда «Дәуір дефилесі» атты ұлттық және заманауи үлгідегі киімдер көрсетілімі мен қойылым-концерт ұйымдастырылды. Тағылымы мол шара барысында көрермендерге қазақтың дәстүрлі киімдерінің сан алуан түрлері ұсынылып, олардың ерекшеліктері мен сәндік мәні кеңінен насихатталды. Сахналық қойылымдар мен әсем әуендер кештің мазмұнын арттырып, ұлттық нақыштағы көрсетілімге ерекше…
-
Спорт мектебінің жана басшысының тағайындалуы
«Қарасу балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымына жаңа басшы ресми түрде таныстырылды. Директор лауазымына осы мекемеде бұрын басшының орынбасары болып жұмыс істеген Азат Бектемирович Нұртазин тағайындалды». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1184561?lang=kk
-
КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 35 – СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Н.Мережепов төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселе енгізілді: Келес аудандық мәслихатының 2025…
-
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 37 сессия отырысына шақыру
Аудандық мәслихат төрағасының шешімі Жаңақала ауылы № 37 18 наурыз 2026 жыл Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 37 – сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 – бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ: Аудандық мәслихаттың…
-
Латвияда Наурыз мерекесіне арналған бірлескен іс-шара өтті
Рига, 2026 жылғы 17 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Әзербайжан, Түркия және Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп, Ригада «Наурыз» мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріпов Наурыз мейрамының терең мәніне тоқталып, оның ата-баба дәстүріне деген құрмет пен ұлттық бірліктің мызғымастығын білдіретінін, сондай-ақ ол еліміздің өткені мен бүгінін және болашағын тоғыстыратын…
-
Қызылорда облысының Бас полицейі халық алдында есеп берді
Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы облыс тұрғындары алдында есептік кездесу өткізді. Есептік кездесу облыс орталығындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде өтті. Есепті кездесуде полицияның атқарған жұмыстары туралы бейнеролик көрсетілді, содан кейін облыстың Бас полицейі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер туралы баяндама жасап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.Есеп беру…
-
Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі.
Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі. (№ 3 хаттама 17.03.2026 ж.) Иманкулов Абдез Рахманович – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты«Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ директоры лауазымына тағайындау үшін, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысына ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1184567?lang=kk
