Санат: Қазақстан
-
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым ретінде ескерткіш маңында тазалық жұмыстары жүргізілді
Қарабөгет ауылдық округінде 7–9 мамыр мерекелеріне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым ретінде ескерткіш маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында аумақ тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Бұл – өткенге құрмет, батырлардың ерлігін ұмытпау және келер ұрпаққа үлгі боларлық игі іс. Бейбіт өмір сыйлаған ерлердің рухына тағзым етіп, тарихымызды қастерлеу – әрқайсымыздың парызымыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/1215418?lang=kk
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 473 қаулысымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттар беруді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 473 қаулысымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттар беруді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып бекітілді. Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің…
-
Айту би ауылдық округінің тұрғындары үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде заң көмегін көрсету мақсатында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында Айту би ауылдық округінің тұрғындары үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, олардың заңнамаға қатысты сұрақтарына жан-жақты жауап беру және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заң аясында туындаған мәселелерді…
-
Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасында 2026 жылғы 1 маусым мен 13 шілде аралығында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасында 2026 жылғы 1 маусым мен 13 шілде аралығында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮББ-4 шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Аталған жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған. Ақпарат көзі…
-
Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он үшінші сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА
Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті он үшінші сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезекті сессиясы 2026 жылғы 14 мамырда сағат 15.00-де Обаған ауылында шақырылады. Кезекті сессия отырысы әлеуметтік желілерде жүргізіледі. Сессия күн тәртібінің жобасына…
-
«Еңбек жолы» республикалық конкурсына өтініштер қабылдау басталды
Байқаудың басты міндеті – еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, жастарды еңбекке құрметпен қарау және ұрпақтар сабақтастығын сақтау. Конкурс жыл сайын, өңірлік және республикалық кезеңде, келесі номинациялар бойынша өткізіледі: – «Үздік еңбек әулеті»; – «Өндірістің үздік жас маманы»; – «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері». Конкурсқа қатысушылар қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады: номинация көрсетілген,…
-
Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті
Бүгін, 6 мамырда, Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Б.Алтаев азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында қала тұрғыны келіп, науқас баласына материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша өтініш білдірді. Депутат көтерілген мәселені мұқият тыңдап, тиісті қолдау көрсету және құзырлы органдармен бірлесіп қарастыру бағытында жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қатар, «Ана сәулесі» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігінің өкілдері депутаттың қабылдауына…
-
Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық турнирінің алғашқы жүріс рәсімі өтті.
Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық турнирінің алғашқы жүріс рәсімі өтті. Алғашқы жүрісті Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әбсеметова Алия Маратқызы және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Тамшыбай Бекзат Сағатұлы жасады. Биыл финал 2-12 мамыр аралығында Coventry University Kazakhstan алаңында өтіп жатыр. Жарыс екі…
-
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Сарыкөл аудандық ауруханасы» КМК директорының бос лауазымына үміткерлердің әңгімелесуге жіберілгендер тізімі және оны өткізу кестесі
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Сарыкөл аудандық ауруханасы» КМК директорының бос лауазымына үміткерлердің әңгімелесуге жіберілгендер тізімі және оны өткізу кестесі Әңгімелесугежіберілгенкандидаттыңтегі, аты, әкесініңаты Әңгімелесудіөткізукүні, мекенжайы, уақыты Бексұлтан Нұрсұлтан Ермаханұлы 2026 жылғы 08 мамыр, сағат 11:00-де, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А мекенжайында орналасқан Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің мәжіліс залында. Сагинбаева…
-
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні!
Қонаев қаласының мәслихаты баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл күн – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген Отан қорғаушыларына көрсетілер құрмет пен алғыстың белгісі. Отанды қорғау – әрбір азаматтың абыройлы борышы. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасына амандық, қызметтеріне табыс тілейміз. Ел іргесі берік, аспанымыз ашық болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1215430?lang=kk
-
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-sekseuil/press/news/details/1215431?lang=kk
-
В Маңғыстауда құтқарушылар ант қабылдады
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында департаменттің жас қызметкерлері ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге серт берді. Салтанатты рәсімге департамент бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі М. Қараев қатысып, жас мамандарды құттықтап, жауапты қызметтеріне табыс тіледі. Сондай-ақ іс-шара аясында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан…
-
ШИЕЛІДЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ШИЕЛІДЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 2026 жылғы 4 мамыр күні Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссиясының II тоқсандағы кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, тиісті бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері қатысты. Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша тәуекел топтарға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының атқарып…
-
Өтінімдерді қабылдауды бастау туралы хабарландыру
Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеуді жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметін ұсынуға өтінімдерді (ауыспалы өтінімдерді) қабылдаудың басталғаны туралы хабардар етеміз. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 8 мамырдан 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.…
-
«Қауіпсіз орта — сапалы білім»: оқушылар арасында кибербуллингтің алдын алу бойынша ашық диалог өтті
Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және кибербуллингтің алдын алу мақсатында ПД ПЖҮБ бөлім бастығы, полиция майоры Е. Елеусізовтің бастамасымен «Қауіпсіз орта — сапалы білім» атты ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Іс-шара кибербуллинг, бопсалау және құрдастар арасындағы қысым көрсету мәселелерінің алдын алуға бағытталды. Кездесу барысында майор Е. Елеусізов оқушыларға құқық бұзушылықтың тек физикалық емес, сондай-ақ моральдық және цифрлық…
