Санат: Қазақстан
-
Қазақстанда «е-Ымдау» ым-ишараттық тілінің бейне сөздігі іске қосылды
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі – «е-Ымдау» ым-ишараттық тілінің бейне сөздігі ресми түрде қолданысқа енгізілді. Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ ғылыми-әдістемелік кеңесі мен Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жаңа цифрлық ресурс есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің білім…
-
Обаған ауылдық округіндегі ЖК және АШТӨ өкілдерімен түсіндіру жұмыстары.
Обаған ауылдық округінде жеке кәсіпкерлермен (ЖК) және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен (АШТӨ) өздеріне тиесілі және іргелес аумақтарды абаттандыру, тазалықта ұстау қажеттілігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында аумақтарды қоқыстан тазарту, шөп шабу және санитарлық талаптарды сақтау мәселелері айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-obagan/press/news/details/1239776?lang=ru
-
Азия чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларымызды аудан тұрғындары қошеметпен күтіп алды
Жаңақорған кенті темір жол вокзалында пара армрестлингтен Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларымызды жерлестері, спорт ардагерлері мен туыстары зор қошеметпен күтіп алды. Айта кетейік, 6-8 маусым күндері Қырғызстан мемлекетінде өткен пара армрестлингтен жастар мен ересектер арасындағы ХХІІІ-ші Азия чемпионатында жерлестеріміз төмендегідей жүлделі орындарға ие болды. Жастар арасында 55 келі салмақта оң қол және сол…
-
Таразда көкөніс сақтайтын заманауи қойма өз жұмысын бастады
Тараз қаласының Әулиеата ауданына қарасты Шайқорық алқабында орналасқан «Каусар» көтерме салқындатқыш қоймасы өз жұмысын бастады. Жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайтын нысан бір мезетте 4000 тоннаға дейін көкөніс пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялармен жабдықталған қойма өнім сапасын ұзақ мерзім бойы сақтауға және азық-түлік қорын тиімді басқаруға жағдай жасайды. Аталған…
-
Бәйдібек ауданы прокуратурасы ескертеді!
Құрметті ата-аналар! Жазғы демалыс кезінде балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, тек рұқсат етілген орындарда шомылуға рұқсат беріңіздер. Сақтық — өмір сақтайды! Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласыңыз. Бәйдібек ауданы прокуратурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1239761?lang=kk
-
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тазалық акциясы.
2026 жылдың 5 маусымы – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау (Экологтар) күніне орай, Обаған ауылдық округінде тазалық және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында ұйымдастырылған бұл іс-шараға округтегі мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысты. Сенбілік барысында белгіленген аумақтар, қоғамдық орындар мен көше бойлары күл-қоқыстан толықтай тазартылып, ретке келтірілді. Мұндай шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және…
-
Иммунопрофилактика бойынша көшпелі жұмыс
Иммунопрофилактика бойынша көшпелі жұмыс Облыстық мониторингтік топ құрамындағы облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының консультативтік-әдістемелік орталығының жетекшісі Гүлфайра Мирзабекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Мұрат Жұмабаев және иммунолог Минаш Аблаева Меркі, Қордай, Байзақ аудандарының алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен «Күншуақ» медициналық орталығының медицина қызметкерлеріне иммунопрофилактика, екпелерді есепке алу,…
-
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті: мемлекеттік активтерден бюджетке 193,2 млрд теңге кіріс түсті
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын таныстырды. Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджетке мемлекеттік активтерді басқарудан 193,2 млрд теңге кіріс түсті. Оның ішінде мемлекеттік акциялар пакеттері бойынша дивидендтер, қатысу үлестерінен түскен кірістер және мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігі бар. Негізгі…
-
Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылғы 24 маусым күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын. Мекен-жайы: Түркістан қаласы Әмір Темір көшесі №28 ғимарат Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Сессияның қарауына…
-
ҚАЗАҚСТАН–ӨЗБЕКСТАН ӘРІПТЕСТІГІНІҢ ӨҢІРЛІК БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловпен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және туризм саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданының…
-
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады. Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы…
-
Солтүстік Қазақстан облысында жол және құрылыс техникасын өндіру көлемі артады
«Казтехмаш» ЖШС базасында қытайлық LiuGong компаниясының жол және құрылыс техникасын құрастыру өндірісі жүзеге асырылуда. Облыс делегациясының Қытайға жұмыс сапары барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Келіссөздер нәтижесінде кәсіпорында шығарылатын техника түрлерін кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Биыл құрастырылатын модельдер саны жетіге дейін ұлғаяды. Сондай-ақ техниканың екі түрін өнеркәсіптік құрастыру бойынша меморандумға қол қойылды.…
-
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы мәлімет берілді. Динара Зәкиеваның айтуынша, биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және қауіпсіздік салаларындағы бала құқықтарын қамтамасыз ету шаралары жүйеленді. Жағдайды жіті сараптау негізінде бес жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді. Құжат әлеуметтік қолдауды және бала құқықтарын қорғауды күшейтетін…
-
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты — заң үстемдігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін арттыруға бағытталған мемлекеттік стратегияның негізгі элементі болып табылады. Ол құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және тәрбиелік бағыттарды қамтитын жүйелі шаралар кешенін құрайды және сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу, анықтау, тоқтату және азайтуға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі…
-
1200-ден астам құқық бұзушылық: Астана полициясы электросамокат пайдаланушыларын бақылауды күшейтуде
Жаз мезгілінің басталуымен елорда көшелерінде электросамокат пайдаланушылардың саны айтарлықтай артты. Алайда олардың көпшілігі жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемей, өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.Жыл басынан бері полиция қызметкерлері электросамокат пайдаланушылар тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерінің 1200-ден астам бұзушылығын анықтады. Олардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 16 адам түрлі дене жарақатын алған.Полиция қызметкерлері электросамокат пайдаланушылардың…
