Санат: Қазақстан
-
Көлік министрлігінің ұжымы қалалық сенбілікке қатысты
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ұжымы қалалық сенбілікке қатысып, бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аумақ құрғақ бұтақтар мен жапырақтардан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Іс-шараға Министрлік басшылығы, орталық аппараттың және комитеттердің қызметкерлері қатысты. Мұндай іс-шаралар қала тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1294860?lang=ru
-
Ақмола облысында экологиялық акция аясында 4,6 мың ағаш отырғызылды
Ақмола облысында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы мен халықаралық World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай экологиялық акция өтті. Іс-шараларға өңірдің 2 мыңға жуық белсендісі, еріктілері, мектеп оқушылары мен қоршаған ортаға бейжай қарамайтын тұрғындары қатысты. Экологиялық бастамаға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қосылды. Өңір басшысы акцияға қатысушылармен бірге Ақкөл қаласындағы саябақтың аллеяларына ағаш…
-
Астанада №1 Индустриялық парк аумағында өткен экологиялық акцияға 700-ден астам адам қатысты
Астанада «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қаладағы №1 Индустриялық парк аумағында экологиялық акция өтті. Іс-шараға 700-ден астам адам атсалысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараға Astana Invest city инвестициялық даму орталығының қызметкерлері және елордадағы түрлі өндірістік кәсіпорындарының өкілдері қатысты. «Таза Қазақстан» науқаны аясында біз бүгін №1 Индустриялық паркте кең көлемді ағаш отырғызу іс-шарасын, сондай-ақ айналадағы…
-
Ербол Қарашөкеев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік ұйымдастырылды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жастармен, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерімен бірге Тараз қаласындағы «Мамыр» саябағында тазалық жұмыстарына қатысты. Сенбілік барысында саябақ аумағы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, тазалық жұмыстары «Бәйтерек» шағынауданында және «Қарасу» каналының…
-
Маңғыстауда жергілікті өндірушілерді қолдау тетіктерін кеңейту жолдары қарастырылуда
Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Өңірлік кеңестің отырысы өтті. Жиында кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлер палатасы тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды. Атап айтқанда, Жаңаөзен қаласында жергілікті өндірушілерді қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан тәжірибені облыстың басқа аудандары мен қалаларында да қолдану ұсынылды. Бұл…
-
Аичи-Нагояда ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті. Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салады. Сондай-ақ биыл алғаш рет жарыста босқындар командасы да жүлдеге талас жүргізеді. Ашылу салтанатының спортшылар шеруінде еліміздің көк туын 15-ші болып, Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен үстел…
-
«Таза Қазақстан»: Ақтауда жаңа жасыл аллеяның негізі қаланды
Бүгін, 19 қыркүйекте Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жаңа аумақты көгалдандыру жұмыстары басталды. «BS Arena» маңындағы жаңа көше бойында болашақ жасыл аллеяның негізі қаланып, 100 түп көшет отырғызылды. Экологиялық іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық қызмет өкілдері, жастар, волонтерлер және экобелсенділер қатысты. Негізгі жұмыстар Ақтау қаласының 39-шағынауданындағы «BS Arena»…
-
Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі: Астанада арнайы көрме өтті
Астанада қазақы тазылардың тұқымдық сапасын бағалауға арналған «Қазақы тазы» моно тұқымдық көрмесі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Моно тұқымдық көрме барлық ит тұқымдары қатысатын халықаралық көрме алаңында ұйымдастырылып, қазақы тазыларды шетелдік сарапшыларға, кинологтарға, селекционерлерге таныстыруға мүмкіндік берді. Көрме барысында қазақы тазылар арнайы сараптамалық бағалаудан өтіп, олардың тұқымдық ерекшелігі мен белгіленген стандарт талаптарына сәйкестігі…
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Астанада жалпықалалық сенбілік өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Астанада жалпықалалық сенбілік өтті. Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған іс-шараға Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары белсенді қатысты. Министр Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ су шаруашылығы ведомствосының орталық аппараты мен комитеттерінің қызметкерлері елорда көшелерін тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1294863?lang=ru
-
В рамках Kazakhstan Travel Forum регионы обсудили итоги летнего сезона и планы по развитию туризма
В рамках Kazakhstan Travel Forum 2026 председатель Комитета индустрии туризма Нурбол Байжанов провел рабочее совещание с руководителями региональных управлений, курирующих вопросы туризма, туристских информационных центров и визит-центров. В ходе встречи представители ключевых туристских регионов страны представили туристский потенциал своих территорий, рассказали о результатах летнего туристского сезона, реализованных проектах и текущих вопросах отрасли. В частности, с…
-
«Таза Қазақстан»: Астананың «Көктал» саябағында ағаш отырғызу акциясы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елорданың Сарыарқа ауданында орналасқан «Көктал» саябағында ағаш отырғызу жұмысы жүргізілді. Экологиялық акцияға белсенді тұрғындар, Ардагерлер кеңесінің және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Акцияға қатысушылар аумақты көгалдандыруға және қоғамдық кеңістікті абаттандыруға өз үлесін қосты. Бірлесіп ағаш отырғызу қоршаған ортаға ұқыпты қараудың және елорданың экологиялық жағдайына…
-
«КітапFest»: Алматыда әдебиет пен оқырманды тоғыстырған кітап жәрмеңкесі басталды
Алматыда Қала күнін атап өту аясында қалалық «КітапFest» кітап жәрмеңкесі басталды. Екі күнге созылатын мәдени іс-шараның алғашқы күнінде Арбат алаңында қала тұрғындары мен қонақтарына әдебиет әлеміне бойлау, жазушылармен жүздесу және жаңа кітаптармен танысу мүмкіндігі ұсынылды. Биыл жәрмеңкеге 60-тан астам баспа қатысып, оқырмандар назарына түрлі жанр мен бағыттағы жаңа және таңдаулы басылымдарын ұсынды. Келушілер өз қызығушылығына…
-
Қазақстанда World CleanUp Day ауқымды экологиялық акциясы өтті.
19 қыркүйекте Қазақстанның барлық аймақтарында World CleanUp Day ауқымды экологиялық акциясы өтті. «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасының бөлігі болып табылатын бұл іс-шара ел тұрғындарын ортақ мақсатпен біріктірді: қалаларды, елді мекендерді және табиғи аумақтарды таза ету. Биыл Дүниежүзілік тазалау күніне 513 мыңнан астам адам қосылды. Олардың қатарында 140 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер және 82 мың ерікті…
-
«Өзіңнен баста»: Астана тұрғындары экологиялық челленджге қосылды
Бүгін, 19 қыркүйекте, Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day аясында өткен жалпы қалалық сенбілік кезінде Астана тұрғындары «Өзіңнен баста» жалпыұлттық экологиялық челленджін қолдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қала тұрғындары саябақтар, гүлзарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді тазалауға, сондай-ақ ағаш отырғызуға қатысты. Экологиялық іс-шаралардан түсірілген фото және бейнематериалдарды қатысушылар әлеуметтік желілерде бөлісіп, жарияланымдарына #WorldCleanupDay,…
-
Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылысының барысын тексерді
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні жаңғырту және ЖЭО-3-ті газға ауыстыру жұмыстарының барысын тексерді. Қаланың негізгі энергия көздерін жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мегаполистің экологиялық жағдайын және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асырылуда. ЖЭО-2-де жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаның жалпы орындалу деңгейі 93,75%-ды құрады, бастапқы бекітілген кестеден артта қалу іс жүзінде жойылды.…
