Санат: Қазақстан

  • Отбасын қолдау орталығының Ашық есік күні

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 15 маусымда М.Хамзин атындағы Металлургтер сарайында Отбасын қолдау орталығының Ашық есік күні өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдарының өкілдері, Мансап орталығының, Жастар ресурстық орталығының мамандары, сондай-ақ Отбасы банкінің, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, психологтар, заңгерлер, жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар қатысты. Ашық есік күні аясында бөлім мамандарымен азаматтарға…

  • Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелері Белградта талқыланды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Белград, 2026 жылғы 15 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Қорғаныс министрі Братислав Гашичпен кездесті. Тараптар қорғаныс саласындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық пен әскери-техникалық әріптестікті талқылап, Сербия Президенті А.Вучичтің 2026 жылғы 26-27 ақпанда Астанаға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударды. Елші М.Атамқұлов Қазақстанның тәжірибе алмасуға…

  • Америкалық делегация Astana Mining & Metallurgy Congress 2026 көрмесіне қатысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астана, 2026 жылғы 11 маусым – Америкалық делегацияның Қазақстанға сапары аясында АҚШ Үкіметі мен америкалық бизнес өкілдері Astana Mining & Metallurgy Congress (AMM 2026) 16-шы халықаралық тау-кен металлургия конгресі мен көрмесіне қатысты. Конгресті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов ашып, тау-кен металлургия кешеніне инвестициялар тартудың, технологиялық серіктестікті дамытудың және терең өңдеу өндірісін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.…

  • ҚҰЛАНДЫМ ТЕМІР ҚАЗЫҒЫМ!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    ҚҰЛАНДЫМ ТЕМІР ҚАЗЫҒЫМ! Бүгін округтегі N77 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері, белгілі ақын Мырзан Кенжебайдың «Құландым темір қазығым» атты кездесу кеші мен «Жарық дүние» атты кітабының тұсау кесер рәсімі болып өтті.   Қаламына қанат байлаған, қасиетті Құландының топырағында туып, Арал толқынынан…

  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУДАН, ҚАЛАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Республика көлемінде бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес, бағдарлама тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды қамтиды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиналыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар…

  • Халықаралық серіктестерге діндердің климат мәселесіндегі рөлі мен жасанды интеллект этикасына арналған жобалар таныстырылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 1 маусым Астанада Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Іс-шара барысында халықаралық серіктестерге «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» тақырыбындағы екі ірі жобаның құжаттары таныстырылды. Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістанның беделді діни…

  • Ұлы дала құпиялары: Талдыда жаңа ғылыми жаңалықтар таныстырылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қарағанды облысындағы киелі Талды алқабында халықаралық симпозиум өтті. Ғылыми форумға Қазақстан, Түркия, Германия, Мажарстан және Ресейден келген зерттеушілер қатысты. Ғалымдар Ұлы даланы ежелгі дәуірде мекендеген халықтар туралы тың деректерді ұсынып, Талды өңірінің әлі де талай құпия мен жаңалықтың кілтін сақтап отырғанын атап өтті.Баяндамалардың бірі қазіргі Орталық Қазақстан аумағында бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдарға…

  • ЭНЕРГОБАЛАНС ҚАЗАҚСТАН

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгінде елдегі электр энергиясын өндірудің негізін көмір генерациясы құрайды. Оның үлесі жалпы электр энергиясы өндірісінің 62,1%-на тең.   Елдің энергия теңгеріміне газ генерациясы да елеулі үлес қосуда. Қазіргі таңда газ электр станцияларының үлесіне электр энергиясы өндірісінің 23,4%-ы тиесілі.   Ірі су электр станцияларының (шағын ГЭС-терді қоспағанда) үлесі 7,5%-ды құрайды. Олар экологиялық таза электр энергиясын өндірумен…

  • Прокуратура заңсыз қоқыс үйінділерімен күресу үшін «TazaQala» цифрлық платформасын енгізді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру аясында және заңсыз қоқыс үйінділері мәселесін жүйелі түрде шешу мақсатында Алматы қаласының прокуратурасының бастамасымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп «TazaQala» цифрлық платформасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Платформа жасанды интеллект элементтеріне негізделген және тұрғындарға қалдықтарды заңсыз орналастыру орындарын анықтауға белсенді қатысуға, сондай-ақ қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосуға мүмкіндік…

  • Құқық бұзушылықтардың алдын алу және адалдық қағидаттарын нығайту

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

          Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында Құқықтық қолдау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, заңнама талаптарын орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және адалдық қағидаттарын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Негізгі назар ашықтыққа, жауапкершілікке…

  • Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына қатысты түсіндірме

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғын үйлердің маңында автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген ақпарат таралуда. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында тұрғын үйлердің жанында автокөліктерді қоюға жаңа тыйым салу көзделмеген. Құжат…

  • Астанада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астана қаласында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бойынша жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сакен Алауханов мәлім етті. Оның айтуынша, жыл басынан бері интернет-алаяқтық фактілері бойынша 66 адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды. «SIM-карталарды заңсыз тіркеу және WhatsApp…

  • Дұрыс жолды таңда!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Біз жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «екі тағдыр» әлеуметтік бейнеролигін әзірледік. Бұл бейне екі жолды анық көрсетеді: тез ақша және кепілгердің рөлі, бұл сөзсіз қылмыстық жауапкершілікке және бас бостандығынан айыруға әкеледі немесе саналы таңдау — салауатты өмір салты, даму және лайықты болашақ. Таңдау әрқашан бар. Оны дұрыс жасау маңызды.    https://www.instagram.com/p/DZhtxS7Abfx/  Ақпарат…

  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 5 АЙДА 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Биыл Түркістан облысында инвестицияларды тарту индикаторы 1 трлн 783,9 млрд теңге көлемінде бекітілген. Осы жылдың 5 айының қорытындысымен 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 150,5 %-ды құрады. Ал 2025 жылдың қорытындысымен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд 998,2 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 4 есе жоғары орындалды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде…

  • САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫ «ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІНДЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Сарыағаш қаласындағы «Мамыр ата» спорт кешенінде Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы» атты облыстық кіші футбол турнирі өтті. Аталған турнирдің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, спортпен шұғылдануға…

Exit mobile version