Санат: Қазақстан
-
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Ербол Ғалымжанұлы Құсайынов тағайындалды. Ербол Ғалымжанұлы 1977 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін құқықтану және экономика мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысының ішкі істер органдарында бастаған. 2001-2008 жылдары Бұқар-жырау ауданы…
-
“Мемлекеттік қызмет көрсету” дөңгелеу үстел
18 наурыз күні 2026 жыл «Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Абжанова Сымбаттың ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Екіаша ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптары мен тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенті, сонымен қатар, мемлекеттік қызметті алушылардың құқықтары туралы да…
-
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 50 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ
Шымкентте Наурыз мейрамы қарсаңында 50 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды. Бұл әлеуметтік маңызы зор іс-шара азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік саясаттың жүйелі жүзеге асырылып жатқанының тағы бір дәлелі. Салтанатты кілт табыстау рәсімі «Көрме» орталығында өтіп, оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы тұрғындарды құттықтап, баспана мәселесін шешуде мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.…
-
18.03.2026 жылы халықты тегін заң көмегімен қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Әділет департаменті заң қоғамдастығымен бірлесе отырып «№ 8 мекеме» РММ-де жазасын өтеп жатқан тұлғаларға ауқымды құқықтық көмек көрсетті.
Шара барысында өтініш білдірген адамдарға әртүрлі сұрақтар бойынша, соның ішінде сот актілерін орындау, шартты түрде мерзімінен босату, азаматтық хал актілерін тіркеу және де т.б. мәселелер бойынша тегін құқықтық көмек көрсетілді. Ақтөбе облысы Әділет департаменті баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1185520?lang=kk
-
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы
2026 жылғы 19 наурызда «AMANAT» партиясы филиалының ғимаратында аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.Отырыс аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Г. Даитованың төрағалығымен өтті.Комиссия жұмысына әкімнің орынбасары Ш. Ахметова, атқарушы органдардың өкілдері, ауылдық округтер мен кенттердің…
-
Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімінің филиалы қызметкерлері мен “Төретам кенттік клуб үйі” КММ қызметкері бірлесе отыра, көшет отырғызды.
19 наурыз – Жаңару күні. Бұл күн – табиғаттың оянуы мен тіршіліктің қайта жандануын бейнелейді. Көктемнің келуімен күн жылып, табиғат жасарып, жан-жануарлар да тіршілікке оралады. Сол секілді адам жаны да жаңа күш пен үмітке толады. Қызылорда облысы Әділет департаментінің Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімінің филиалы қызметкерлері мен “Төретам кенттік клуб үйі” КММ қызметкері бірлесе…
-
Еңбек инспекциясы департаменті, полиция департаменті және ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, қызметкерлердің отбасылық-тұрмыстық жағдайларының жай-күйі, сондай-ақ өртті сөндіру және шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары мәселелері қаралды. Өкілдер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жарақаттануды азайтуға және жеке құрам арасында тәртіпті нығайтуға бағытталған түсініктемелер мен ұсынымдар берді. Мұндай іс-шаралар қызметте де, күнделікті өмірде де қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.…
-
ҰЛЫТАУДАН МАҢҒЫСТАУҒА ТІКЕЛЕЙ ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Жезқазған теміржол вокзалынан Маңғыстау облысына дейін тікелей жүрдек жолаушылар пойызы іске қосылады. Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Қарағанды – Жезқазған бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызының маршруты Маңғыстау станциясына дейін ұзартылды. Енді жолаушылар Жезқазған қаласынан Маңғыстау өңіріне тікелей қатынай…
-
19.03.2026 жылы Әділет департаменті облыстың заң қоғамдастығының өкілдерімен бірлесіп Алға ауданының Тамды ауылдық округінің тұрғындарына «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
Кездесу барысында, азаматтармен сот актілерін орындау, атқару құжаттарын орындауға ұсыну құқығы мен алимент өндіру, сонымен қатар басқа да сұрақтар қойылып, олар бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндірмелер берілді. Ақтөбе облысыәділет департаментініңбаспасөз қызметі #Заңментәртіп Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1185526?lang=kk
-
Наурызнама аясында ұлттық спорт пен дәстүрлі ойындарды насихаттауға арналған шара ұйымдастырылды
Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz Елордадағы Республикалық физика-математика мектебінің филиалында Наурызнама онкүндігі шеңберінде Ұлттық спорт күніне орай спорттық шара өтті. Шараны Конституциялық Сот оқу орны әкімшілігінің қолдауымен, Жоғарғы Соттың Сот әкімшілігімен және «Право» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа аталған ұйымдар қызметкерлерінің балалары арасынан құрылған төрт команда қатысты. Шара бағдарламасына «Асық ату» және «Ләңгі» ұлттық ойындары, сондай-ақ…
-
Айыртау ауданында интернет желісін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды
Айыртау ауданында интернет желісін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды Бүгін Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев «Транстелеком» басқарушы директоры байланыс желісін орнату және дамыту бойынша маңызды меморандумға қол қойды. Бұл келісім аудан тұрғындарын сапалы әрі тұрақты интернетпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам. Жоба аясында «All-Line» сауда белгісімен қызмет көрсететін «Қазақ Үй Желілері»…
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Шаруа немесе фермер қожалығы,е ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсқа «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-zemel/press/news/details/1185499?lang=kk
-
Қазақстан Моңғолиямен бір күнде $62,6 млн көлемінде экспорттық келісімшарттарға қол қойды
Қазақстандық компаниялар Улан-Батордағы бизнес-миссия барысында Моңғолиямен жалпы сомасы $62,6 млн болатын экспорттық келісімшарттарға қол қойды. Қазақстан делегациясын ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастап барды. «Біз Моңғолияны экспорт үшін өте перспективалы нарық деп санаймыз. Қазірдің өзінде дайын өнімдердің үлесі жоғары, бизнес тарапынан нақты қызығушылық бар»,-деді Айжан Бижанова Улан-Батордағы бизнес-форумда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша…
-
Алғыс айту күні
Құрметті Қасқабұлақ ауылдастар! 🌿 Сіздерді 1 Наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. 🤝 Алғыс айту күні – татулық пен өзара құрметті, бірлік пен сенімді нығайтатын тағылымды мереке. Ауылымыздың дамуына үлес қосып, ортақ іске жанашырлық танытып жүрген барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын. 🌾 Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке,…
-
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ӘЗ-НАУРЫЗ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР ДӘРІПТЕЛДІ
Қазығұрт асуында орналасқан «Нұх Пайғамбар» мемориалдық кешенінде жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында «Ұлттық киімдер шеруі» салтанатты түрде өтті. Тағылымы мол шара барысында ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың ұлттық киімдері кеңінен насихатталып, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ұлттық нақыштағы киімдермен көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрме ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарға толы ақ дастархан жайылды.…
