Санат: Қазақстан

  • Петропавлда бір түнде мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші ұсталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Петропавлда түнгі сағат 02:30 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері жанжал туралы шақырту бойынша түнгі дүкендердің біріне барды. Жанжал төбелеске ұласпағанымен, оған қатысушылардың бірі – 21 жастағы қала тұрғынынан алкоголь иісі шыққан. Полицейлер жедел басқару орталығымен байланысып, бейнебақылау инспекторларынан камера жазбаларын тексеруді сұрады. Тексеру барысында жас жігіттің дүкенге «Renault» автокөлігімен келгені анықталды. Медициналық куәландыру оның мас күйде…

  • ТАСТЫДАҒЫ ТЫҢ БАСТАМАЛАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Тасты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің бүгінгі тыныс-тіршілігі, атқарылған жұмыстар және алдағы даму жоспарларын талқылады. Кездесу барысында аудан басшысы ауылдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға тоқталып, елді мекенде жаңадан бой көтерген нысандардың маңызы мен олардың тұрғындар үшін тиімділігіне назар аударды. Әсіресе, жаңа нысандардың іске қосылуы арқылы қосымша жұмыс орындарының ашылуы ауыл экономикасының дамуына…

  • Ақмола облысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселелеріне арналған Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің брифингі өтті. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері өңірде түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Осыған байланысты ТЖД пештер мен электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын ескертеді. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы басталғалы облыста 23 өрт тіркелді.…

  • Әлем чемпионы СҚО полицейлеріне ІІМ чемпионаты қарсаңында шеберлік сабағын өткізді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 8 қызметкері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоян-қолтық ұрыстан өтетін чемпионатына қатысуға дайындалып жатыр. Жарыс 27–29 қазан аралығында Павлодар қаласында өтеді. Жарысқа дайындық аясында полиция қызметкерлеріне бокстан әлем чемпионы, СҚО ПД арнайы жедел әрекет ету жасағының инспекторы, полиция кіші лейтенанты Наталья Богданова шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағына Винокуров атындағы балалар…

  • СҚО-да гарнизонның саптық байқауы кезінде 30 жас полицей ант қабылдады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    20-ші қазанда Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті гарнизонының жеке құрамына қысқы киім нысанына көшуіне байланысты саптық байқау өткізілді. Байқаудың басты оқиғасы әртүрлі бөлімшелерден келген 30 жас полиция қызметкерінің ант қабылдауы болды. Олар салтанатты жағдайда әріптестерінің алдында халық пен мемлекетке адал қызмет етуге ант берді. СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Руслан Назаров жеке құрамның қысқы…

  • «Кітап оқитын ұлт»: Астанада Мұхтар Әуезовтің мұрасы мен шығармашылығы талқыланды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астанада «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Мұхтар Әуезовтің мұрасы және әлемдік контекст» тақырыбында ашық диалог өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында ұйымдастырылды.Кездесудің басты мақсаты – Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның ұлттық және әлемдік әдебиеттегі рөлін терең түсіну, сондай-ақ жастардың кітап оқуға деген…

  • Петропавлдағы Жұмысшы кентінде полиция пункті жаңартылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Петропавлда № 5 учаскелік полиция пункті жаңартылып, қайта ашылды. Ол қаланың күрделі әкімшілік учаскелерінің біріне қызмет көрсетеді. Оның аумағына тұрғындарының едәуір бөлігі жеке тұрғын үйлерде тұратын Жұмысшы кенті, Куйбышев орманды алқабы, саяжай массиві, «Green Park» отбасылық парк-отелі, сондай-ақ теміржол вокзалы мен әуежайға іргелес аумақтар кіреді. Бұл аумақта 26 мыңнан астам адам тұрады. Қоғамдық тәртіпті алты…

  • Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздегі екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебе берілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жаңа мәртебе архивтердің еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы айрықша маңызын көрсетеді. Сондай-ақ архив құжаттарының сақталуы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, қорларды цифрландыру және құнды тарихи деректерді ғылыми…

  • Әуезов ауданында Республика күніне орай «Бауырсақ Fest – 2026» республикалық фестивалі өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алматы қаласының Әуезов ауданында 25 қазан – Республика күніне орай «Бауырсақ Fest – 2026» III республикалық аспаздық фестивалі өтті. Мерекелік іс-шара Family Park демалыс саябағында ұйымдастырылды. Фестивальдің негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық тағамдарын дәріптеу, аспаздық өнерді дамыту, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу. Іс-шара барысында қатысушылар бауырсақ дайындаудың түрлі әдістерін ұсынып,…

  • «OQ Startup»: шетелде тұратын жас отандастарға арналған байқау

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Отандастар» қоры шетелде тұратын жас этникалық қазақтарды «OQ Startup» байқауына қатысуға шақырады. Бастама олардың жобаларын дамытуға қолдау көрсетуге және Қазақстанмен байланыстарын нығайтуға бағытталған. Байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы шет мемлекеттердің азаматтары қатыса алады. Ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық әрі әлеуметтік салалардағы жобалар қабылданады. Іске асырылып жатқан бастамалармен қатар,…

  • ШУ АУЫЛЫНЫҢ ШЫРАЙЫН АШҚАН ЖҰМЫСТАР

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстардың барысын талқылады. Алдымен округ әкімі Данияр Досымбеков атқарылған жұмыстарды саралап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы, құрылыс және абаттандыру бағыттарындағы негізгі нәтижелерге тоқталды. Биыл Шу ауылдық округінде елді мекеннің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жоба…

  • Маржанбұлақ ауылында жәрмеңке өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Маржанбұлақ ауылында жәрмеңке өтті Маржанбұлақ ауылдық округінде жергілікті тұрғындардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді өнімдерді ұсыну, жергілікті өндірушілерді қолдау және ауыл кәсіпкерлерінің өнімдерін өткізуіне мүмкіндік жасау. Іс-шара барысында тұрғындар өз өнімдерін ұсынып, ауыл халқына қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке ауыл тұрғындары үшін тиімді…

  • Жылдамдық, дәлдік және шеберлік: Павлодарда өрт сөндіру автокөліктерінің үздік жүргізушілері анықталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

             Павлодар қаласында өрт сөндіру автокөліктерімен жылдам маневр жасау және өрт сөндіру-құтқару даярлығы бойынша жарыстар өтті. Үздік атану үшін Павлодар облысы ТЖД-нің 20 бөлімшесінің командалары бақ сынады.           Сынақтар қатысушылардан барынша зейінділікті, дәлдікті және үйлесімді әрекетті талап етті. Жарыс 10 кезеңнен тұрды: жол қозғалысы ережелері мен нормативтерді білу бойынша теориялық тест және…

  • Қазақстан мен Алжир кәсіпкерлері арасында Республика күні қарсаңында Бизнес-телекөпір өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасының күні, Қазақстан Тәуелсіздігінің 35-жылдығы және Қазақстан мен Алжир арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30-жыл толуына орай Қазақстанның Алжирдегі Елшілігі қазақ-алжирлік сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған бизнес-дөңгелек үстел мен телекөпір ұйымдастырды. Қазақстанның Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы туралы жан-жақты баяндап,…

  • «Астана – есірткісіз қала»: Елордада түсіндіру-профилактикалық іс-шарасы өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Астана – есірткісіз қала» жоспары аясында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен Астана қаласының Полиция департаменті бірлесіп, «ТОКК КАЗАХСТАН» ЖШС өндірістік кәсіпорнында түсіндіру-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңнама талаптарын сақтау және қызметкерлердің есірткі құралдарының заңсыз айналымының құқықтық салдары туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне баса назар аударылды. Іс-шараның мақсаты…

Exit mobile version