Санат: Қазақстан
-
«Заң мен тәртіп»: елордалық балабақшада бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережелері ойын арқылы түсіндірілді
«Абайлаңыз, балалар!» атты дәстүрлі жол қозғалысы ережелері апталығы аясында елордадағы №83 «Жансая» балабақшасында «Жол қозғалысы ережелерінің тарихы» атты театрландырылған танымдық іс-шара өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараны Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған 2 мен 5 жас аралығындағы балалар, тәрбиешілер, мамандар, сондай-ақ Сарайшық ауданы…
-
Бүгін Zoom платформасында Қарағанды облысының гидтері, экскурсия жүргізушілері және туризм нұсқаушыларымен онлайн-кездесу өтті
Кездесудің негізгі тақырыбы 2026 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енген гидтердің, экскурсия жүргізушілерінің және туризм нұсқаушыларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын түсіндіруге арналды. Онлайн-кеңес барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары, сала мамандарының құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Мұндай кездесулер туристік сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді. Ақпарат…
-
Қостанайда жалпы құны 20 млрд теңгеден асатын үш ірі инвестициялық жоба іске асырылуда
Өнеркәсіптік және экспортерлік әлеуетті арттыруға бағытталған үш ірі инвестициялық жобаның іске асырылу барысы сараланды. Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 20 млрд теңгеден асады. Іске асырылып жатқан өндірістік нысандар: «Вадиса-М» ЖШС — майлы дақылдарды өңдейтін зауыт құрылысы. Бастапқы кезеңде кәсіпорын тәулігіне 500 тонна шикізат өңдесе, кейіннен өндірістік қуаттылығын тәулігіне 1000 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. «Мибеко» ЖШС —…
-
Астанада «Этносаралық келісімді нығайтудағы медиаторлардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Астанадағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Этносаралық келісімді нығайтудағы медиаторлардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара барысында медиация институтын одан әрі дамыту, этносаралық келісімді нығайту, жанжалдардың алдын алу және оларды тиімді реттеудегі медиаторлардың рөлін арттыру мәселелерін жан-жақты талқыланды. Қатысушылар медиацияның қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын, мемлекеттік органдар мен…
-
Ойыл ауданында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің талдау жұмысы бөлімінің басшысы – Касенова Анара Бауржановна және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің талдау жұмысы бөлімінің бас маманы – Есалиева Лейла Бурабековнаның қатысуымен аудандағы жұмыс берушілермен кездесу…
-
2027 жылы Астанада УЕФА конгресі өтеді
2027 жылғы 22 сәуірде Астанада Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) 51-конгресі өтеді. Бұл – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Конгресс барысында Еуропа футболының алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданады. Конгреске УЕФА құрамына кіретін 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері, ұйым президенті, Атқарушы комитет мүшелері, ФИФА, еуропалық лигалар, клубтық бірлестіктер және халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері…
-
АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының кезекті тұрғындарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үй, жер қатынастары, инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген сұрақтардың заң талаптарына сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, жауапты…
-
Мақаншы ауданындағы орталық аурухана күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Облыс әкімі Берік Уәли Мақаншы аудандық орталық ауруханаcында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мақаншы ауылындағы орталық аурухана 1974 жылы пайдалануға берілген. Содан бері ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілмеген. Осыған байланысты 2025 жылдың қыркүйек айында нысанды толық жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында инженерлік желілер толық жаңартылып, ішкі бөлмелер жөнделуде. Зертханалар мен емшара кабинеттері заманауи талаптарға…
-
Қазақстан Елшісі «Тобыл» футбол клубымен Белградтағы «Партизанға» қарсы матч қарсаңында кездесті
Белград, 2026 жылғы 5 тамыз – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Сербияның «Партизан» клубына қарсы өтетін матчқа қатысу үшін Белградқа келген Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының басшылығымен және өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Елші команданы халықаралық аренаға шығуымен құттықтап, футболшыларға, жаттықтырушылар штабына және клуб басшылығына алдағы…
-
Ақындар кешінен форумдарға дейін: Астанада Абай күні қалай атап өтіледі
10 тамызда Қазақстанда ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлы күні аталып өтеді. Осы датаға орай Астанада әдеби-музыкалық кештерді, форумдарды, кітап көрмелерін, театр қойылымдарын, шығармашылық байқауларды, зияткерлік ойындарды және өзге де іс-шараларды қамтитын ауқымды мәдени-ағартушылық бағдарлама әзірленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Мерекелік іс-шаралар елорданың түрлі алаңдарында өтеді және Абайдың әдеби, музыкалық әрі рухани мұрасын…
-
Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысымен жабдықталған мегаферма ашылды
Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің көшбасшысы ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде. Өңірде Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі, бір мезетте 100 сиырды саууға арналған «Карусель» сауу қондырғысымен жабдықталған тағы бір заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Жоғары технологиялық сүт кешендерін дамыту Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Солтүстік Қазақстан облысының заманауи сүт-тауар фермаларын салудағы оң тәжірибесі…
-
Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысымен жабдықталған мегаферма ашылды
Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің көшбасшысы ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде. Өңірде Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі, бір мезетте 100 сиырды саууға арналған «Карусель» сауу қондырғысымен жабдықталған тағы бір заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Жоғары технологиялық сүт кешендерін дамыту Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Солтүстік Қазақстан облысының заманауи сүт-тауар фермаларын салудағы оң тәжірибесі…
-
Минскіде Қазақстан және Беларусь арасындағы партияаралық байланыстар мәселелері талқыланды
Минск, 2026 жылғы 5 тамыз – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Белорустық «Белая Русь» партиясының Төрайымы Ольга Чемодановамен кездесті. Тараптар Қазақстан және Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, партияаралық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Т. Жақсылықов екіжақты қатынастардың жоғары деңгейі мен оң серпінін атап өтіп, қонақты 2026 жылғы 15…
-
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖАҢА «ДОСТЫҚ ҮЙІ» ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Кентау қаласы, Қарнақ елді мекенінде заманауи үлгідегі «Достық үйі» ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Жаңа нысанды толық аралап көріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. — Құрметті қарнақтықтар! Баршаңызды тарихи Қарнақ ауылындағы жаңа 300 орындық «Достық» үйінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы…
-
🔰 ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ: ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселесіне қатысты түсіндірме берді. Түсіндірме барысында өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – жұмыс берушінің негізгі міндеттерінің бірі екені атап өтілді. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға…
