Санат: Қазақстан
-
ЖАРAТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ХIХ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
2026 жылғы 16 қазан жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХIX Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өтуде. Олимпидаға аудандық (іріктеу)кезеңнен өткен 20 оқушы қатысып, бақтарын сынауда. Президенттік олимпида екі турда өтеді:– бірінші тур (тестілеу) – екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) Екінші кезеңінен сәтті өткен оқушылар Президенттік олимпиаданың үшінші (қорытынды) кезеңіне жолдама алады.Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Ақпарат көзі…
-
ТҮРКІСТАНДА 9 АЙДА 9 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында халықты жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қалада 9 156 жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте мәлім болды. Жиында одан өзге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қала тазалығы, әлеуметтік қолдау және халықты жұмыспен қамту мәселелері қаралды. Қалалық полиция…
-
Қазақстан Елшісі Kia Corporation президентімен кездесті
Сеул, 2026 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали Kia Corporation компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Сон Хо Сонмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар автокөлік өнеркәсібі саласындағы қазақ-корей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны әрі қарай дамыту әлеуетін, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту және өнеркәсіптік кооперацияны нығайту мәселелерін талқылады.…
-
Ақтөбе облысында су үнемдеу технологиялары 12,3 мың гектар жерге енгізілді
Ақтөбе облысында ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіру, заманауи суару жүйелерін енгізу және суармалы егіншілікті дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және суармалы жерлердің тиімділігін арттыру мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асылхан Әбтиевтің мәліметінше, биыл облыстың басым бөлігінде вегетациялық кезең ауа райының қолайлы жағдайында өтті.…
-
Қазақстан ЦЕРН зерттеулеріне қатысу аясын кеңейтуде
2026 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің делегациясы Женева қаласындағы Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымына (ЦЕРН) барды. Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Ядролық физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігінің өкілдері кірді. Делегацияны ЦЕРН-нің Бас директоры Марк…
-
Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Қарқаралы ауданының Көктас ауылында Республика күні қарсаңында жалпы ауданы 542 шаршы метр болатын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Саят Мусин мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нүркен Нұратов қатысты. Шара барысында бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ардагер-спортшы Жұмаш Құрманғалиев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Нұрай Құрылыс Сервис» ЖШС…
-
ТҮРКІСТАНДА «СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН: ТАҒДЫР МЕН ТАҒЫЛЫМ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қолдауымен Ясауи музейінде Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сәкен Сейфуллин: тағдыр мен тағылым» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен мұражайлар дирекциясына қарасты Сәкен Сейфуллин музейі ұйымдастырған көрменің мақсаты – көрнекті ақынның тұлғасын шығармалары арқылы ғана емес, өзі тұтынған бұйымдары, сирек кітаптары, қолжазбалары мен тарихи…
-
«Сарыарқа» ауданы қысқы маусымға дайын
Елордадағы «Сарыарқа» ауданы алдағы қысқы маусымға толық дайындықты аяқтады. Ауданды қардан тазалау жұмыстарын 23 мердігер ұйым атқарады, бұл көшелердің қауіпсіздігі мен тазалығын қыстың қиын жағдайларында қамтамасыз етеді. Санитарлық тазалау жұмыстарына 680 арнайы техника мен 820 жол жұмысшысы қатысады. Жұмысшыларға арналған 25 тамақтану және жылыну пункті дайын. Қарды шығару және сақтау үшін Астрахан тас жолының бойында…
-
ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР «ЖҰЛДЫЗАЙ-2026» ҰЛТТЫҚ ИНКЛЮЗИВТІ ОЙЫНДАРЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
Астана қаласында «Жұлдызай-2026» Ұлттық инклюзивті ойындары өтті. Еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам ерекше қажеттілігі бар спортшыдар бақ сынаған ауқымды жарыста Түркістан облысының спортшылары үстел теннисінен жоғары нәтиже көрсетті. Елорда төрінде бабы мен бағы қатар шапқан Мерей Серікбай, Мұхаммедәли Уралов және Ахмет Қалықұл алтын медаль иеленсе, Нұрислам Абдашим күміс жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, облыс құрамасы үстел…
-
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ШетКоммунСервис» қызметкерлерімен 2026 жылдың 20-шы қазан күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты әңгіме-сұхбат отырысы өткізілді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1314436?lang=ru
-
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл!
20 қазан – қазақтың көрнекті ағартушысы, ұстаз, жазушы әрі ұлттық білім беру ісінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің туған күні. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1314437?lang=ru
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодарда «Fort Boyard» экологиялық іс-шарасы өтті
Павлодар облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының штабы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Павлодар техникалық сервис колледжінің базасында «Fort Boyard» экологиялық іс-шарасын өткізді. «Fort Boyard» ойыны форматында ұйымдастырылған экологиялық іс-шараға колледж студенттері мен «Жасыл Ел» еріктілері қатысты. Олар экология саласындағы білімдерін тексеріп, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен…
-
Елорда ғимараттары мемлекеттік тулармен безендірілуде
Астана қаласында Республика күніне орай ғимараттардың қасбеттері мен тұрғын үйлердің маңдайшалары мемлекеттік тулармен безендірілуде. Республика даңғылының бойына 200-ден астам ту орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл қалаға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, елдік рухты айшықтай түседі. Бұл игі дәстүр жыл сайын жалғасын тауып, патриотизм мен елге деген мақтаныштың символына айналып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1314439?lang=ru
-
Осакаров ауданында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Кәсіби мерекеге орай адал қызметі, жоғары кәсібилігі және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Дмитрий Омельяненко, Нұрзат Сабитов және Вячеслав Шемерлюк «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ қызмет ардагерлері мен қызметтік міндеттерін орындау барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды. Іс-шара барысында күн сайын жауапты әрі қауіпті қызмет атқарып, төтенше жағдайларда адамдарға көмек…
-
Мамлют орманшылығының уақытша питомнигіне экскурсия өтті.
“Орман мектебі” қызметі шеңберінде “Мамлют Орман шаруашылығы” КММ мамандары Мамлют орманшылығының уақытша питомнигіне танымдық экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар көшет материалдарын өсірудің ерекшеліктерімен, топырақты дайындаудың негізгі кезеңдерімен, тұқым себу және орман дақылдарын отырғызу технологиясымен танысты. Сондай-ақ, орман екпелерін отырғызуға және оларды күтіп-баптауға арналған ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның практикалық бөлігі ерекше қызығушылық тудырды: балалар егіс процесіне…
