Санат: Шымкент
-
Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде мың тоннаға жуық өнім ұсынылады
Астанадағы «Қазанат» ипподромының аумағында Республика күніне орай 24-25 қазанда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда Қарағанды және Қостанай облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жәрмеңке аясында екі өңір мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімін әкеледі. Қарағанды облысынан елордаға 583 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Оның ішінде:• картоп –…
-
ҚазҰУ мен Су ресурстары және ирригация министрлігі ғылыми ынтымақтастықты нығайтады
ҚазҰУ мен Су ресурстары және ирригация министрлігі ғылыми ынтымақтастықты нығайтады Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттеріне дәріс оқыды. Жиынды ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев ашып, университеттің соңғы жылдардағы негізгі жетістіктеріне тоқталды. Өз сөзінде ректор ел экономикасын дамытудағы ғылым мен білімнің…
-
Ұялы байланыс пен мобильді интернет бойынша
«Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап Ұлытау облысының аумағында ұялы байланыс желісін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар шеңберінде базалық станциялардың қолданыстағы Nokia жабдықтарын Huawei жабдықтарына кезең-кезеңімен ауыстыру (SWAP) көзделген. Жабдықтарды бөлшектеу және жаңаларын орнату барысында базалық станциялардың жұмысы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Ажырату ұзақтығы станциялардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылуы ықтимал. Жаңғырту жұмыстары байланыс желісіндегі үзілістерді барынша азайту мақсатында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жұмыстардың жалпы ұзақтығы 1,5–2 айды құрайды. Оператордың мәліметінше, жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін ұялы байланыс сапасы мен мобильді интернет жылдамдығының айтарлықтай жақсаруы күтіледі. Осыған байланысты, жаңғырту жұмыстары кезеңінде ұялы байланыс пен мобильді интернет қызметтерінде уақытша үзілістер мен сапаның төмендеуі мүмкін екенін ескере отырып, аталған ақпаратты қала және аудан тұрғындарына жергілікті ақпараттық ресурстар мен ресми әлеуметтік желілер арқылы алдын ала жеткізуді сұраймыз. Өз кезегінде, Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы байланыс сапасын жақсарту және туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында байланыс операторымен өзара іс-қимылды жалғастырады. «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұсынған ақпарат Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1315401?lang=ru
-
Қазақстан мен Сингапур азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Астанада ИКАО Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен Сингапурдың азаматтық авиация басқармасы (CAAS) өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті. Тараптар техникалық ынтымақтастықты дамыту, авиация мамандарын даярлау және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Келіссөздерге Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел және CAAS авиацияны дамыту жөніндегі Аға Директоры Сидни Ко қатысты. Сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігі…
-
Алматыда вакцинация, денсаулық сақтау көрсеткіштері және медициналық көмектің сапасы талқыланды
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қала денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі негізгі индикаторлардың орындалуы, халықты вакцинациямен қамту деңгейі, сондай-ақ қаланың медициналық ұйымдарына жүргізілген мониторингтік сапарлардың нәтижелері қаралды. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарының қызметіне…
-
Сахнадан шыққан үн: Ақтөбелік оқушылар есірткісіз болашақтың бейнесін көрсетті
Ақтөбеде 200-ден астам жас жүрек бір мақсатқа жұмылды. Олардың сахнадағы әр сөзі мен әр қимылы — есірткіге қарсы үн және жарқын болашаққа жасалған қадам болды.Ақтөбе қаласындағы №83 орта мектепте сахна өнері арқылы жас ұрпаққа ой салып, өмірдің қадірін ұғындыруға бағытталған ерекше шара өтті. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған «Есірткісіз…
-
Душанбе қаласында «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарын тапсыру рәсімі өтті
Душанбе қаласы, 2026 жылғы 21 қазан – Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының жоғары басшылығы мен депутаттық корпусының өкілдеріне «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес мерейтойлық медальмен төмендегі тұлғалар наградталды: Тәжікстан Республикасы Маджлиси милли Маджлиси Оли төрағасы Рустами Эмомали, Тәжікстан…
-
Қазақстанның ТЖМ табиғи өрттермен күресте өзара іс-қимылды күшейтуде
Ресейдің Омбы облысында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Оған 130-дан астам маман қатысып, 32 бірлік техника жұмылдырылды. Қатысушылар шекаралас аумақтарда табиғи өрттер туындаған және таралған жағдайда бірлескен іс-қимылдарды пысықтады. Қазақстан ТЖМ атынан Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы Жомарт Асқаров және бейінді бөлімшелердің…
-
Республикалық бюджетке түсімдер 2,7 трлн теңгеден асты, 9 айлық жоспар 100,8%-ға орындалды.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеңейтілген алқа отырысында 2026 жылдың 9 айдағы қызмет қорытындылары мен негізгі көрсеткіштердің орындалу нәтижелері қаралып, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған басым міндеттер айқындалды.Департамент басшысы Серік Манзоров алқа отырысын ашып, бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақты орындалуын қамтамасыз ету, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделін жетілдіру мемлекеттік…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 9 МЛРД ТЕҢГЕЛІК МАЛ СҮЙЕГІН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Темірлан елді мекенінде мал сүйегінен май және желатин компоненттерін өндіретін зауыт іске қосылды. Ірі қара мал сүйегін кәдеге жаратып, одан қосылған құны жоғары өнім өндіретін жаңа кәсіпорынды іске қосуға «Huating Biotechnology Co., LTD» ЖШС 9 млрд теңге қаржы бағыттаған. Кәсіпорынның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жаңа кәсіпорынның жұмысына…
-
Қазақстан мен Араб мемлекеттері лигасы ынтымақтастықтың жаңа деңгейін талқылады
Каир, 2026 жылғы 21 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) жаңадан тағайындалған 9-шы Бас хатшысы Набиль Фахмимен ресми кездесу өткізді. Тараптар араб әлемі мен Орталық Азия өңірі арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды мәселелерін талқылады. Өз кезегінде ҚР СІМ басшысы АМЛ Бас хатшысын жаңа лауазымға ресми түрде кірісуімен құттықтап, ұйымның…
-
Тарбағатай ауданында ата-аналарға арналған аудандық форум өтті!
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: МЕКТЕП–АТА-АНА–ҚОҒАМ СЕРІКТЕСТІГІ Тарбағатай ауданында ата-аналарға арналған аудандық форум өтті! 2026 жылғы 21 қазанда «Абай атындағы орта мектебі» КММ базасында Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп: мектеп–ата-ана–қоғам серіктестігі» тақырыбында аудандық форум өтті. Форумның негізгі мақсаты – мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу…
-
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
статья Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға 2026 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында Қызылжар ауданында қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету айлығы аясында атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында төрт деңгейлі бағдарлама бойынша жалғызбасты тұратын қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдар кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына бекітілді. Қызылжар ауданында жалғызбасты тұратын 777…
-
АЩЫАҒЫРДАҒЫ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Сартоғай ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Ащыағырдағы көпір құрылысының барысымен танысты. 🔹Аталған көпір облыстық маңызы бар «Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт» автомобиль жолының 34-шақырымында орналасқан. Бұған дейін көктемгі су тасқыны кезінде жолды су басып, елді мекендер арасындағы көлік қатынасына қиындықтар туындаған болатын. Осы мәселені шешу мақсатында жаңа…
-
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманың негізгі мәселелері» тақырыбында бейнеконференцбайланыс режимінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы С. Жумажанова аумақтық басқармалардың мамандарына «Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнаманың негізгі мәселелері» тақырыбында бейнеконференцбайланыс режимінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді. Оқыту барысында Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының негізгі ережелері, мемлекеттік органдардың ақпарат беру жөніндегі міндеттері, азаматтардың ақпарат алу құқықтарын іске асыру тәртібі және…
