Санат: Шымкент

  • Маңғыстау «Қазақстан Барысы» тарихында жаңа парақ ашты: Жантілек Нұртілепұлы алғаш рет чемпион атанды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астана қаласында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2026» республикалық турнирі өтті. Биылғы бәсекеде Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы өңір тарихында алғаш рет «Қазақстан Барысы» атанды. Финалдық белдесуде «Лабақ батыр» лақап атымен өнер көрсеткен Жантілек Нұртілепұлы Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбайдан басым түсіп, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Балуан жарыс барысында шеберлігін, күш-жігері мен төзімділігін көрсетіп,…

  • Маңғыстауда Әскери-теңіз туының көтерілгеніне 30 жыл толуы атап өтілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін, 15 тамызда Ақтау қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионының айлағында Әскери-теңіз күштері туының көтерілгеніне 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков, әскери қызметшілер, Әскери-теңіз күштерінің ардагерлері, жеке құрам және шақырылған қонақтар қатысты. Отыз…

  • Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Жаңа кәріздік тазарту қондырғысы 45 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан қолданыстағы станцияның орнын алмастырады. Жобаны іске асыру кәріз жүйесінің тозған инфрақұрылымын жаңартуға, орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған халық үлесін арттыруға және қаланың болашақ дамуына қажетті қуат резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы жаңа кәріздік тазарту станциясының құрылыс алаңына барды. Ол…

  • Астанада Шәмші Қалдаяқовтың туған күні кең көлемде аталып өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін, 15 тамызда, Астанада қазақтың белгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған ауқымды музыкалық іс-шаралар өтті. Композитордың танымал әндері елорданың түрлі алаңдарында шырқалып, әлеуметтік желілерде орындалып, түрлі буын өкілдерін бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Мерекелік іс-шаралардың бірі Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермендер театры әртістерінің қатысуымен өткен музыкалық перформанс болды. Өнерпаздар…

  • Биік таулы аймақтарда туристер үшін авариялық қор жәшіктері орнатылуда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Биік таулы аймақтардағы ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ бақылау бекеттерінің жаңа модульдік ғимараттарына туристерге арналған арнайы авариялық қор жәшіктері орнатылуда. Үш тілде белгіленген жәшіктер тауда бағдарынан адасып, ТЖМ бақылау бекетіне келген адамдарға арналған.   Авариялық қор адамды уақытша қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге есептелген. Оның құрамында 10 литр ауыз су, бір бума отын, дәрі қобдишасы, екі тәуліктік…

  • ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯ НАҚТЫ ӨНДІРІСКЕ ҰЛАСУДА

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Түркістан қаласында өндіріс үшін жер ғана емес, нақты мүмкіндік пен нәтиже қалыптасып келеді. Қалада жаңа өндірістік алаңдар қалыптасып, инвестициялық жобалар қарқынды іске қосылуда. Ең маңыздысы – бұл жобалардың әрқайсысы жаңа жұмыс орындары мен нақты экономикалық нәтижеге бағытталған. Бекзат мөлтек ауданындағы 20 гектарлық шағын өндірістік парк – соның бір мысалы. Мұнда болашақта 26 өндірістік ғимарат салынады.…

  • МРТ 24/7: Алматыда заманауи диагностикаға қолжетімділік артып келеді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов №32 қалалық емханаға барды. Сапар барысында ол медициналық ұйымның жұмысын ұйымдастырумен, тіркелген тұрғындарға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігімен, сондай-ақ негізгі құрылымдық бөлімшелердің қызметімен танысты. Негізгі назар диагностикалық көмекті ұйымдастыруға және магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинетінің жұмысына аударылды. МРТ кабинеті тәулік бойы — аптасына 7 күн, 24 сағат…

  • ҚАЛА ӘКІМІ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы облыстық Ақсақалдар алқасының атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, аға буын өкілдерінің әлеуметтік бастамаларына қолдау білдірді. Кездесу барысында ақсақалдардың қоғамдағы бірлік пен берекені нығайтуға, қайырымдылықты дамытуға және әлеуметтік осал азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған игі істері таныстырылды. Бүгінде ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен «Үлес» қайырымдылық қоры тұрақты жұмыс істеп келеді. Қор демеушілердің қолдауымен айына…

  • Алматыда перзентханалардың жаңа корпустары мен емхана салынуда: Марат Пашимов жұмыс барысын тексерді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қаладағы медициналық нысандардың құрылыс барысын тексерді. №1 қалалық перзентханада ауданы 3 347 шаршы метр болатын бұрынғы корпус бұзылып, оның орнына жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асатын жаңа кешен салынуда. Нысан 155 төсекке есептелген. Мұнда заманауи палаталар, бұрынғы екі операциялық бөлменің орнына төрт операциялық және қабылдау…

  • Creative Aimaq аясында Жетісу облысының креаторлары 2 млн теңгенің өнімін сатты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында «Жетісу – Елорда төрінде» жәрмеңкесі ашылды. Іс-шара өңірдің дәстүрлі қолөнерін, цифрлық технологияларын, заманауи дизайнын, туристік бастамалары мен шығармашылық жобаларын бір алаңға тоғыстырды. Жәрмеңкені Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аралап көрді. Жетісу облысының креаторлары ұсынған жұмыстармен танысқан Үкімет басшысының орынбасары…

  • Қорғаныс министрі Shaiqas-2026 инженерлік чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Амандық» полигонында Shaiqas-2026 алғашқы ұлттық инженерлік чемпионаты қорытындыланды. Ауқымды шараға 17 команда қатысты. Олардың қатарында студенттер, инженерлік мектептердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және күштік құрылымдар бөлімшелерінің өкілдері бар. Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов чемпионатты ұйымдастыруға атсалысқан Ақмола облысының басшылығына, Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Defence Tech Center инновациялық хабына, отандық Barys Dynamics…

  • Алматы облысының өнімдері жаңа сауда орнында 20-30% төмен бағада сатылады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Алматы қаласында Райымбек ауданының ауылшаруашылық өнімдерін сатуға арналған сауда орны ашылды. Мұнда тұтынушылар таза әрі табиғи өнімді ешқандай делдалсыз тиімді бағада сатып алады. Яғни аудан шаруалары мен қала тұрғындары арасындағы тікелей байланыс орнады. Бұл ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл шаруашылығы саласын ілгерілетуге оң ықпалын тигізбек. Сауда орны Рысқұлов пен Шемякин көшелерінің қиылысында орналасқан, – деп хабарлайды…

  • Астанада прокурорлар сүйемелдеген халықаралық SABIS мектебі ашылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Елордада шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылған ірі білім беру жобасы – халықаралық SABIS мектебінің ашылу рәсімі өтті. Жоба Абу-Даби Тақ мұрагерінің Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде жүзеге асырылып, білім беру мен адами капиталды дамытуға инвестиция тартудың жарқын үлгісіне айналды. Ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар, мектеп басшылығы, педагогтер, ата-аналар мен оқушылар жиналды. Инвесторлардың…

  • Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    15 тамыз – қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай Астана тұрғындары композитордың шығармашылық мұрасына арналған ауқымды музыкалық челленджге қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Музыкалық эстафетаны мәдениет, білім және жастар саласының өкілдері, шығармашылық ұжымдар, балалар, зиялы қауым өкілдері, елорданың белсенді тұрғындары мен аға буын өкілдері қолдады. Челленджге қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың көпшілікке…

  • Шәмші әндері – халық жүрегінде: Өскеменде әйгілі композиторға арналған көрме өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    15 тамыз – қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы, әйгілі композитор, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Мәдени шараның басты мақсаты – қазақ ән өнерінің дамуына зор үлес қосқан Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа ұлттық…

Exit mobile version