Санат: Шымкент
-
ХАБАРЛАНДЫРУ!
2026 жылғы 10 қараша күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Азаматтарды қабылдау орталығында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Медет Жұмабайұлы азаматтарды қабылдайды. Қабылдау барысында мәдениет, архивтер және құжаттама салаларына қатысты өтініштер, ұсыныстар мен сұрақтар қаралады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/press/news/details/1315239?lang=ru
-
Балалар көзімен әлем: құтқарушылар жас өнерпаздардың қонағында
«Школьник» орталығының аумағында жас суретшілер мен болашақ құтқарушылардың басын қосқан тағылымды іс-шара өтті. Оған № 8 «Ақжелкен» және № 55 «Тұмарым» бөбекжай-бақшаларының тәрбиеленушілері, «Школьник» орталығының жас құтқарушылары, сондай-ақ «Бастапқы техникалық модельдеу» үйірмесіне қатысатын балалар қатысты. Кездесу аясында «Мен құтқарушы боламын, үйретіңдер маған!» тақырыбындағы балалар суреттері байқауының қорытындысы шығарылды. «Қызыл көліктер жүйткіп келеді» атты жұмысымен…
-
«ҚазжолҒЗИ» және China TransInfo Group Қазақстанның жол саласында автономды көлік технологиялары мен цифрлық шешімдерді дамытады
2026 жылғы 16 қазанда Астанада «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ мен China TransInfo Group зияткерлік көлік жүйелері мен автономды көлік технологиялары саласындағы Бірлескен құзыреттер орталығын құру туралы келісімге қол қойды. Орталық зияткерлік көлік жүйелері, автономды жүргізу және жол инфрақұрылымын цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылды. China TransInfo Group – зияткерлік көлік жүйелеріне, жол инфрақұрылымын цифрландыруға,…
-
2026 жылғы 22 қазанда Шымкентте IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) өтеді
2026 жылғы 22 қазанда Шымкентте IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) өтеді. Форумға әлемнің 40 елінен 500-ден астам инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысады. Форумның басты тақырыбы — «Тұрақтылықтан өсімге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі». Күн тәртібінде — сапалы инвестициялар мен технологиялар тарту, стратегиялық серіктестікті нығайту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері. Панельдік сессияларда цифрлық экономика мен…
-
АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселе қаралды. Алдымен мерзімді күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды. Бұл мәселе бойынша Шиелі аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы…
-
СҚО полицейлері «робот-иттерді» қолдана бастады
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жасанды интеллект элементтері бар жерүсті ұшқышсыз аппараттарын пайдалануға кірісті. Олардың бірінің алғашқы сынақ жұмысы Петропавлдағы «Dostyq Mall» сауда-ойын-сауық орталығына келушілер үшін тосынсый болды. Әсіресе балалар төрт аяқты роботқа ерекше қызығушылық танытты. Лидарлармен (лазерлік қашықтық өлшегіштермен) жабдықталған «робот-ит» келушілер көп жүретін жерде еркін қозғалады. 360 градусқа шолу мүмкіндігінің арқасында ол адамдардың бет-бейнесін…
-
«Бабалар салған ізбенен» жобасы аясында «Мамандық – өмір таңдауы» атты тағылымды кездесу өтті
Шара Жаңатоған ауылдық округіне қарасты Мыңқазан ауылындағы №30 Байсейіт Жылкелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылды. Кездесуге ел ағасы Жүнісбеков Мұстай атамыз арнайы қатысып, мектеп оқушыларымен тағылымды сұхбат жүргізді.Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы, өмірлік мақсат пен еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды құндылықтар жөнінде құнды ойлар айтылды. Жастарға бағыт-бағдар беріп, өмірлік тәжірибесімен бөліскен Мұстай…
-
«Менің Қазақстаным» челленджі
Еліміздің ең басты ұлттық мерекесі – Республика күніне орай Ақжал кенті әкімдігінің қызметшілері «Менің Қазақстаным» патриоттық челленджіне қолдау білдіреді!Әр маманның күнделікті адал атқарып жатқан еңбегі – еліміздің гүлденуіне қосылған нақты үлес. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Көк туымыз биікте желбірей берсін!Барша отандастарымызды Республика күнімен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1315228?lang=kk
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЮМИНИЙ КОМПОЗИТТІК ПАНЕЛЬДЕР ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ақбұлақ елді мекенінде құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған алюминий композиттік панельдер өндіретін зауыты ашылды. Заманауи технологияларға негізделген кәсіпорын отандық құрылыс материалдарының өндірісін дамытуға және ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтады. – Баршаңызды келе жатқан ұлттық мерекеміз –…
-
Қарағанды облысында бұрынғы жұмыс берушілерін тонаған жүк тиеуші сот алдында жауап береді
Қарағанды облысында бұрынғы жұмыс берушілерін тонаған жүк тиеуші сот алдында жауап береді. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында ірі көлемдегі ұрлық жасады деп айыпталған 35 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Жаз мезгілінде ер адам жергілікті сауда орындарының бірінде уақытша жүк тиеуші болып жұмыс істеген. Жұмыс барысында, соның ішінде тоңазытқыш жабдықтарын тасымалдау және орнату…
-
Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №32 кітапхана бөлімшесінде Республика күніне орай «Еркіндік, ұлт пен ел — мәңгілік Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жоғары санатты кітапхана қызметкері Утеулина Әлия Тоғайбекқызы мен Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты. Кездесу ел тәуелсіздігі мен мемлекеттілік құндылықтарын дәріптеуге, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік сезімін нығайтуға арналды. Республика күніне арналған…
-
Жетісу полицейлері алдағы жарыстарға дайындық барысында шеберліктерін шыңдауда
Жетісу облысы Полиция департаментінің спортшылары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында Павлодар қаласында өтетін қоян-қолтық ұрыстан жарысқа белсенді дайындық жүргізуде. Дайындық аясында полицейлер «Арыстан» спорт академиясымен бірлесіп, оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Жаттығулар барысында кәсіби шеберлікті жетілдіруге, дене төзімділігін арттыруға, жауынгерлік әдіс-тәсілдер мен тактикалық дағдыларды пысықтауға басымдық беріледі. Қоян-қолтық ұрыс тек күш пен жылдамдықты ғана емес,…
-
Алматыда сот шешімі негізінде 515 мыңнан астам бөтелке алкоголь өнімі жойылды
Алматы қаласында заңды күшіне енген сот қаулысы негізінде тәркіленген 515 512 бөтелке (21 816 қаптама) алкоголь өнімі жойылды. Аталған іс-шара сот актісінің толық әрі тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының мемлекеттік сот орындаушысы қозғаған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өткізілді. Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 30 шілдедегі…
-
Жетісу облысында қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу және мас күйде жүру фактілерін анықтайды. Құқық бұзушылықтар тіркелген жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін оқиға орнына полиция жасақтары жіберіледі. Полиция азаматтарды…
-
Осакаров ауданында аудан әкімінің халықпен есептік кездесулері жалғасуда
Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұхамбетов Батпақты және Озерный ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесулер барысында тұрғындар автомобиль жолдарының жағдайы, көшелерді жарықтандыру, сумен жабдықтау, елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да салаларға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Тұрғындардың өтініштері бойынша түсініктемелер берілді. Жауапты басшыларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, оларды шешу жолдарын пысықтау тапсырылды. Әр кездесуден кейін…
