Санат: Шымкент
-
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 36-сессиясын өткізу күнін ауыстыру туралы
VІІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты төрағасының шешімі Сәтбаев қаласы 2026 жылғы 19 мамыр Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 36-сессиясын өткізу күнін ауыстыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес мәслихат…
-
Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау…
-
САРЫАҒАШ: «АДАЛ АТА-АНА – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АТТЫ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Сарыағаш ауданында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алудағы ведомствоаралық байланысты нығайту. Іс-шараға аудан прокуратурасының, полиция басқармасының, білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары,…
-
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиыннан соң аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралып, аудан басшысы макроэкономикалық көрсеткіштерді арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Әсіресе, өнеркәсіп өнімінің көлемін ұлғайту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және осы бағыттағы межелі индикаторларға қол жеткізу бойынша жауапты сала басшыларына нақты…
-
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ КҮНІ
Бүгін Большая Чураковка ауылының Мәдениет үйінде «Қызмет алушылардың бірыңғай күні» іс-шарасы өтті. Кездесу барысында тұрғындар мен кәсіпкерлік өкілдеріне кәсіпкерлік, салық салу және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша кеңестер берілді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, тұрғындарға білікті мамандарға тікелей жүгініп, қажетті ақпарат алуға мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/press/news/details/1224219?lang=ru
-
2026 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарлама
«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2026 жылы өткізу туралы хабарлайды. «Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндірістің қарапайым жұмысшыларын айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға…
-
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыс аумағында қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық орындарды абаттандыру бағытында ауқымды экологиялық іс-шаралар өтті. Акциялар барысында тұрғындар, жастар және еріктілер белсенділік танытып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты. Тараз қаласындағы «Талас» өзенінің жағалауында өткен экологиялық акция өңірдегі маңызды тазалық шараларының біріне айналды. Іс-шара барысында өзен жағалауы…
-
Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда
Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға үміткерлер саны 31 мыңнан астам оқушыны құрайды. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру…
-
Уақытша комиссия отырысы өтті.
2026 жылы 20 мамыр күні аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ф.Құсайынов, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен уақытша комиссия отырысы өтті. Отырыста жайылымдық жерлерді тиімді басқару және жер комиссиясының жұмысына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Жиын қорытындысы бойынша тиісті бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырмалар…
-
Ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір – қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған және мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы күрес жөніндегі саясат саласындағы ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1224224?lang=ru
-
КЕНЕ МАУСЫМЫ: ҚОРҒАНУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ҚАДАМДАРЫ
Күн жылынған кезде кенелердің белсенділігі артады. Кенелер — қауіпті жұқпалы ауруларды тасымалдауы мүмкін ұсақ паразиттер. Олардың ішінде ең кең таралғандары — кене энцефалиті мен Лайм ауруы (боррелиоз). Табиғат аясында демалу, саяжайда жұмыс істеу және орманды немесе саябақ аймақтарына бару кезінде алдын алу шараларын сақтау өте маңызды. Кенелер көбінесе биік шөптерде, бұталардың арасында және орман төсенішінде…
-
Спасское-Агро» ЖШС – тиімді ауыл шаруашылығының үлгісі
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Спасское-Агро» ЖШС-не барып, егіс науқанының жүргізілу барысымен танысты. Серіктестік басшысы Магомед Абуев аудан әкіміне атқарылған жұмыстар, егіс жұмыстарының қарқыны және алдағы кезеңге жоспарлар туралы баяндады.Шаруашылық басшысының айтуынша, егіс науқаны жоспарлы түрде және белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмысқа барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникалары тартылған, агротехникалық талаптар қатаң сақталуда.«Спасское-Агро» ЖШС өсімдік шаруашылығы…
-
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты ірі жер қойнауын пайдаланушыға қатысты Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қосымша есептеулерінің заңдылығын растады
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен бағалы металдарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі ірі салық төлеуші — АҚ арасында елеулі салық дауы бойынша Қаулы шығарды. Жоғары сот сатысы Мемлекеттік кірістер органдарының ұстанымын толық қолдап, қанағаттандырылған бөлікте бұрын шығарылған төменгі соттардың актілерін жойып, акционерлік қоғамның талабынан бас тарту…
-
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» аграрлық сала өкілдерін форвардтық қаржыландыру көлемін 29,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтты
Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы фермерлерге 29,5 млрд теңге қаржы бөлді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,6 млрд теңгеге артық. Ұлттық астық операторы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға былтырғы жылдың желтоқсан айында өтінім қабылдап бастаған. Бұл шаруаларға жауапты науқанға алдын ала дайындалуға мүмкіндік берді. Биылғы жылғы 15 мамырдағы…
-
Аймақ басшысы облыстық әкімдікте азаматтарды қабылдады
Облыс тұрғындары өңір басшысы Асхат Шахаровқа тұрғын үй, жер учаскесін беру, әлеуметтік қолдау көрсету және коммуналдық мәселелерді шешуге қатысты сұрақтармен жүгінді. Актөбеліктер қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін, соның ішінде көлік қатынасы, көшелерді жарықтандыру және коммуналдық түйткілдерді көтерді. Атап айтқанда, Кірпішті тұрғын алабына автобус қатынасына қатысты мәселелер, сондай-ақ Целинная көшесін жарықтандыру жайы талқыланды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар…
