Авиациялық оқиғалардың алдын алу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қорғаныс министрлігі «Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалардың алдын алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.
Аталған өзгерістер мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып енгізіледі. Мақсаты – нұсқаулық нормаларын «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру. Осы нормаға сәйкес заңға сілтеме жасаған кезде оның қабылданған күні көрсетілмейді.
Министр бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 2 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15296215 сілтеме бойынша танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889081


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version