Елордалық оқушылар Сәкен Сейфуллиннің портретін төртбұрышты құрақтан жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары төртбұрышты құрақтан биіктігі 6 метр және ені 4,5 метр болатын қазақтың ұлы ақыны әрі жазушысы бейнеленген портретті жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қолдан жасалған көлемді қолөнер жұмысында Сәкен Сейфуллин бейнеленген. Жұмысты жасау үшін бір жарым ай уақыт жұмсалған. Шеберлер 2700 төртбұрышты құрақшаны қолданған. Бұл әсерлі жұмыс көпшіліктің ықыласына бөленіп, мектептің құнды бұрышына айналды.
Айта кетейік, мұғалімдер мен оқушылар бұл қолөнер жұмысын Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арнады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881554


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version