2024 жылғы 12 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 100 МВт гидроэлектр станцияларының құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттықа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан мәлімделген электр қуатының жалпы көлемі 101 МВт құрады.
2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 40.93 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес іріктеудің белгіленген қуат көлемі 100-ден 101 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз атанды:
«Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.5 МВт, аукциондық бағасы 40.93 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
«KALZHYR RIVER ENERGY» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 16 МВт, аукциондық бағасы 40.94 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
«Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондық бағасы 40.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
«Cascade NRG» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.5 МВт, аукциондық бағасы 41 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
«Baskan Irrigation» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 30 МВт, аукциондық бағасы 41.22 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ЗТБ, USAID және ЕҚДБ өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 13 қарашаға жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/881993

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау