Колледж студенттері арасында қазақ күресінен турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында колледж студенттері арасында қазақ күресінен «Колледж барысы – 2024» облыстық турнирі өтті. Турнирдің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты қолдау және студенттердің спортпен белсенді айналысуына ықпал ету. Бұл жарыс жастарды шымырлыққа шыңдаумен қатар ұлттық құндылықтарға, өз мәдениетіне деген құрметін арттыруға бағытталған.
Сайыста облыстың 13 колледжінен жиналған 30 студент бағын сынады. Ақтық сында он екі балуан 70, 90 және 90+ келі салмақ дәрежелерінде белдесіп, келесідей нәтижеге қол жеткізді. І орын – 3 студент, ІІ орын – 3 студент, ІІІ орын – 5 студент.
Сонымен қатар жарыс барысында ерекше көзге түскен балуандарға «Ең жас балуан», «Жеңіске деген құштарлығы үшін», «Техникалық әдістер көрсеткені үшін» арнайы номинациялары табыс етілді.
Спорттық шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880318


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version