Министрлік жыл басынан Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28-ге жуық отырыс өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Министрлік жыл басынан Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28-ге жуық отырыс өткізді. Су дипломатиясының нәтижесінде суару кезеңінде Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су түсті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе және келісілген көлемнен 1,1 млрд текше метрге артық. Мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы келісілген көлемнен 41 млн текше метрге артық, 532,4 млн текше метр су келді. Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды.
Соңғы 5 жылда алғаш рет вегетация кезінде Аралға 977 млн текше метр су жіберіліп, жоспар 100%-ға жуық орындалды. Ал, жыл басынан бері теңізге 2 млрд текше метрден астам су түсті. Осының нәтижесінде, бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың су көлемі 22 млрд текше метрге жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885047


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version