Қазақстанның Оңтүстік аймағы үшін ЖЭС құрылысына аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылғы 19 қарашада ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станциясының құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 24 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 600 МВт құрады. 2024 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 22.68-ден 12.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) аралығын құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша мына компания жеңімпаз деп танылды:
«Гиперборея бет» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 12.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысында орналастыру жоспарланған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және USAID өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтеді.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 20 қарашаға жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/886302


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version