Семейде Төлеужар Ибрагимовтың 85 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында абайтанушы Төлеужар Ибрагимовтың 85 жылдығына арналған «Семей руханияты және Төлеужар Ибрагимов» тақырыбында республикалық конференция ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Төлеужар Ибрагимовтың шығармашылық мұрасын зерттеу, насихаттау және Абай облысының әдебиет пен мәдениетінің рухани құндылықтарын ұлықтау мәселелері талқыланды. Конференция аясында «Оймен оңаша» әдеби-музыкалық еске алу кеші, «Абай деп соққан жүрегі» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылып, Төлеужар Ибрагимовтың абайтану саласындағы рөлі туралы зерттеулері таныстырылды.
Конференцияға филология ғылымдарының докторы Қанипаш Мәдібаева, Мәдениет саласының үздігі, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы және басқа да сарапшылар қатысты.
Сондай-ақ, Абай атындағы театр актерлері мен «Дариға-ай» жастар труппасы «Оймен оңаша» атты композициялық көрініс және «Жас Абай» спектаклінен үзінді қойды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883602


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version