Мектеп қазандығы қалыпты жұмыс жасап тұр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Үржар ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің автономды қазандығының істен шығуы нәтижесінде аумақты қоқыстардан тазарту жүргізілді. Сондай-ақ, қосалқы қазандық іске қосылып, қажетті жылу параметрлеріне қол жеткізілді. Бұл жылу беруді жедел қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Ал 23 қарашада таңертең жаңа қазандық жеткізіліп, орнатылды, сонымен қатар апат салдарынан зақымдалған қазандық ғимаратының шатыры қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта негізгі қазандық жұмыс жасап тұр. Ал қосалқы қазандық резервке ауыстырылды. Мектепті жылумен жабдықтау температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылады, автономды қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889153


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version