Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару кезеңінде 13,5 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылғы суару кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 13,5 мың гектар егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Нұржан Әміржанов мәлімдеді. Филиал өңірдің 364 шаруа қожалығымен суармалы су беру жөнінде келісімшарт жасасты. Берілген судың жалпы көлемі 51,8 млн текше метр.
Су тасқыны маусымына дайындық аясында филиал су қоймаларынан су жіберіп, су шаруашылығы нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 9 бірлік арнайы техника сатып алынды. Ұзындығы 36 шақырым каналда іріктемелі механикалық тазарту және 7 ГТҚ ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 9 ГТҚ су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
🗣️«Абай облысында вегетациялық кезең сәтті өтті, бұл жақсы өнім жинауға мүмкіндік берді. Қазір біз су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Шар су қоймасына көп факторлы тексеріс жүргізілді. Су қоймасын реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр»,-деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/891219


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version